«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


-лекция. Экологиялық сараптаманың және қоршаған ортаға әсерді бағалаудың теориялық негіздері және принциптері



бет18/68
Дата02.01.2022
өлшемі1.4 Mb.
#453433
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
УМК нормалау

6-лекция. Экологиялық сараптаманың және қоршаған ортаға әсерді бағалаудың теориялық негіздері және принциптері
Экологиялық сараптама мен қоршаған ортаға әсерді бағалаудың теориялық негізіне, экологиялық факторларды үнемі есепке алу, сараптау әрекеттерінің қимылдарының экологияның басқа салалармен кешенді байланыстағы мақсат міндеттері, экологиялық негіздеме жүргізілетін обьектілер мен субьектілер типі және олардың негізгі қызметтері жатады. Бұл процесті шаруашылық қызметтің экологиялық сүйемелдеуі (ШҚЭС), дәлірек айтсақ, шараушылық қызметтің экологиялық реттелуі деуге болады, өйткені бұл жұмыс идеяның пайда болуынан бастап, ол ойдың іске асырылуы үшін барлық іс-әрекеттің қоршаған ортаға саласының өзгеру мүмкіндігін де ескере отырып, обьектіні жұмысқа қосу кезінде және барлық қуатымен бір шама уақыт әстегеннен кейінгі нәтижелерді есепке алады.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың (МЭС) экологиялық талаптарды есепке алуы шешімдерді қабылдайтын басқару сатысында қамтамасыз етілетін болса, қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) экологиялық талаптарды есепке алу мен жобаны дайындау сатысында (идеяның ертерек талқылануы кезінде) қамтамасыз етіледі. Ал қоғамдық экологиялық сараптама (ҚЭС) екеуін де қамтып, жоспарланып отырған қызметке қатысы бар барлық жақтардың келісімін және мүдделерін ескеріп жұмыстың оң аяқталуын қамтамасыз етеді.

Экологиялық сараптаманың мақсаты мен қоршаған ортаға әсерді бағалаудың мақсаттары принциптері жағынан түйіседі және экологиялық сараптама заңындағы сияқты – экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сатысының экологиялық талаптарына сәйкестігін, осы қызметтің қоршаған ортаға әлеуметтік – экономикалық және т.б. әсерлерінің және соларға байланысты зардаптарының алдын алу болып табылады.

Халықаралық табиғат қорғау заңдары бойынша экологиялық сараптама мәселелеріне кең мағынада көңіл бөлінеді. Европалық экономикалық бірлестік елдер (ЕЭБЕ) (ЕЭС) Директивасы бойынша №337/85 «экологиялық сараптама экологиялық саясат ескертпелерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді. Шаруашылық қызметтер жобаларының қоршаған ортаға ісерді бағалауды түбегейлі органдармен қоғамдық ұйымдар тарапынан талданып, экологиялық сараптаманың барлық сатысында алынған қорытындыларды жариялауды, жобамен мүдделі жеке тұлғалар мен ведомстволар және т.б. органдармен кеңес өткізуді, сонымен бірге, соңғы алынған мағлұматтарды баяндауды жүзеге асыру тиіс.

Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың мемлекеттік экологиялық сараптамадан (дайындалған шешімдердің экологиялық талаптарға сәйкестігінің тексерілуі) айырмашылығы ҚОӘБ-да жобаның кемшілігін анықтау мен экологиялық тұрғыдан жобаны жақсарту үшін не істелуі және қалай істелуі керектігі туралы ұсыныстар мен олардың шешімдері көрсетіледі. Экологиялық сараптама мен қоршаған ортаға әсерді бағалаудың міндеттерінің (ҚР Экологиялық сараптама заңында І тарау 4-бап) жалпы түрде төмендегідей үш топқа топтастыруға болады.

Сараптау обьектісінің тиімділігі тұрғысынан, жобаның немесе жоспарланып отырған қызметтік қауіпсіздік дәрежесінің қоршаған ортаға әсері мен қаупі туралы берілген мәліметтерінің нақтылығы, обьектінің сол ауданда орналастырылуының, жердің таңдалуының дұрыстығының және соңында алынған ақпарат нәтижесінде экологиялық шарттардың өзгеруі мен өндіргіш күштерінің дамуына әсері туралы экологиялық болжамды қайтымсыз ету, оның экологиялық зиянды әсерлерінің болмайтыны сияқты олардың әлеуметтік экономикалық және экологиялық зардаптарының да болмайтынына кепіл болатын жан-жақты обьективті, ғылыми зерттеуді және талдауды ұйымдастыру (қоршаған ортаға әсерді бағалаудың міндеттері).

Сарапталып отырған обьектінің экологиялық стандарттарға сәйкестігі, жоспарланып отырған немесе әрекет етуші обьектінің стандарттарға сәйкестік дәрежесінің обьекті иесі дайндаған құжаттардағы қауіпсіздік дәрежесінің қоршаған ортаға әсерді бағалаудығы дұрыстығы, мемлекеттік экологиялық; бақылау жүргізуді қамтамасыз етіуі, сонымен қатар обьективті, ғылыми негізделген тұжырымдарды және қорытындыларды сараптаушы обьектінің қызметінің іске асырылуы үшін мемлекеттік органдарға мерзімінде беруі (мемелекеттік экологиялық сараптаудың міндеттері).

Жоспарланып отырған қызметтің болуы мүмкін кері өзгерістердің қоршаған ортаға және онымен байланысты әлеуметтік, экономикалық және т.б. зардаптарынан туындайтын қиыншылықтардың алдын алу, халық арасында әлеуметтік-психологиялық қайшылықтарды болғызбай тіл табысу және болашақта келіспеушіліктерді болдырмау үшін хабарландыру (қоғамдық экологиялық сараптаманың міндеттері)

Экологиялық сараптама принциптеріне (ҚР сараптама заңы І тарау, 5-бап) соның ішінде заңда бекітіліп, өңделіп іске асырылып жүрген принциптердің (ғылыми негізділік, міндеттілік, тәуелсіздік, басқа органдар мен бірге іс-қимылдың ұйымдастырылуы, жариялылығы, экологиялық қауіпсіздіктің артықшылығы, кешенділігі, ақпараттың толықтығы, жауаптылығы мен шыншыл болуы) бірнешеуіне тоқталып өтейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет