Топтық жұмыс «Жағдаят» «Президент қағидасы … » «Біздің қағидамыз ... »
– әр топ жеребе суырып, өздеріне тиесілі сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттан шығудың жолын іздейді;
– «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
«Президент қағидасы … »
Біз ел дамуына жас таланттарымыздың белсене араласуына баса назар салуымыз керек. Олардың әрқайсысы Отанымыз жеткен жетістіктерге қатысы бар екенін сезініп, табыстарын мақтан тұтуы керек.
«Біздің қағидамыз ... »
– Сіз өз өміріңіздегі қай жетістігіңізбен мақтанасыз?..
«Президент қағидасы … »
Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз.
«Біздің қағидамыз ... »
– Қазақша үйренгісі келген өзге ұлт өкіліндегі азаматқа қазақша үйретіп көрген сәтіңіз болды ма?
«Президент қағидасы … »
Бабаларымыз әз-Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастырайық. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл – ата салтымыз әрі ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы.
«Біздің қағидамыз ... »
– Оқушылар, біз көктем айында ұжым болып дәл осы дәстүрді жүзеге асыру мақсатында мектеп ауласын көгалдандырумен айналыстық. Онлайн оқу кезінде өз үйіңіздің ауласына қандай жұмыс жүргіздіңіздер?
«Президент қағидасы … »
Биылғы мерейлі жылға бірнеше атаулы дата тұспа-тұс келіп отыр. Жыр алыбы Жамбылдың – 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, күш атасы Қажымұқанның – 150 жылдығы, тағы басқа бірнеше тарихи тұлғаның мерейтойы. Біз былтыр Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойларын өте мағыналы өткіздік. Олардың тұлғалық келбеті мен өмір жолы, еңбектері халыққа үлкен ой салды. Бұл тәжірибені алдағы уақытта да ұстанған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |