«бекітемін» «келісемін» Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Б. Ж. Букаева М. С. Еділ



бет2/6
Дата23.02.2022
өлшемі5.45 Mb.
#455697
1   2   3   4   5   6
Тұғыры биік Тәуелсіздік

«Ой шоғырландыру» – әр топ басшысы өз атауларының мазмұнын қысқаша баяндап, ой тұжырымдайды, топ атының мәнін ашады.


Бейнеролик көру
Осы көрген бейнеролик бойынша әр топ мазмұнды сызба жасау, қорғау
Мысалы: 2 топ Егемен ел (бүгінгі қазақ елі) Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерін айтады




  • 1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран ислам мемлекеті мойындады.

  • 1991 жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.

  • 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Осы жылы мемлекеттік рәміздер-Гимн,Елтаңба, Туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.

  • 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді.

  • 1997 жылы 20 қазанда Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді.

  • 2004 жылы 24 желтоқсанда «Ақорда» резиденциясы ашылды.

  • 2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне ж. Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Ш. Қалдаяқовтың «Менің қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы Әнұран мәтініне Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың енгізген өзгерістерін парламент қабылдады. Әнұранның заңды авторларының бірі- Н.Ә.Назарбаев.

  • 2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам- 6 шілде-Астана күні тарихқа енді. Сонымен қатар елордадағы «Қазақ елі» монументі ашылды.

  • 2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі-алтын, 21-і-күміс,18-і-қола.

  • 2017 жылы Қазақстанда ЕХРО-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

  • 2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

  • Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды-Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады.

-Бұл-өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау,экология мәселесін шешу аясында өтеді,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Тәуелсіздігіміздің 29-жылы күрделі, қиын әрі ерекше болғанын атап өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет