«Біздің қағидамыз ... »
– Қазақша үйренгісі келген өзге ұлт өкіліндегі азаматқа қазақша үйретіп көрген сәтіңіз болды ма?
3.«Президент қағидасы … »
Бабаларымыз әз-Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастырайық. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл – ата салтымыз әрі ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы.
«Біздің қағидамыз ... »
– Оқушылар, біз көктем айында ұжым болып дәл осы дәстүрді жүзеге асыру мақсатында мектеп ауласын көгалдандырумен айналыстық. Онлайн оқу кезінде өз үйіңіздің ауласына қандай жұмыс жүргіздіңіздер?
4.«Президент қағидасы … »
Биылғы мерейлі жылға бірнеше атаулы дата тұспа-тұс келіп отыр. Жыр алыбы Жамбылдың – 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, күш атасы Қажымұқанның – 150 жылдығы, тағы басқа бірнеше тарихи тұлғаның мерейтойы. Біз былтыр Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойларын өте мағыналы өткіздік.Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы. Олардың тұлғалық келбеті мен өмір жолы, еңбектері халыққа үлкен ой салды. Бұл тәжірибені алдағы уақытта да ұстанған жөн.
«Біздің қағидамыз ... »
– Аты аталған ғұламалардың мерейтойлары қарсаңында қандай іс-шараларға, байқауларға қатыстыңыздар? Сіз үшін ол шара несімен ерекшеленді?
5. «Президент қағидасы … »
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат! Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау.
«Біздің қағидамыз ... »
– Келешекте кемел бе қуатты Қазақстанды қалыптастыру жолында қандай іс жасамақсыздар? Өз мемлекетіңізге өз еңбектеріңізді қандай жолмен сіңдірер едіңіздер?
Достарыңызбен бөлісу: |