2.4 Студенттің жұмысын бақылау және бағалау
Студент жоғары оқу орнынан тағайындалған практика жетекшісі мен өндіріс орнындағы жетекші тарапынан бақыланады. Студент алдыңғы пункттердегі жалпы тарсырма мен жеке тапсырмаларды уақытылы орындап отыруы тиіс. Студенттің есебі, күнделігі, құжаттары дұрыс толтырылған жағдайда практика жетекшілері қол қойып, өндіріс орнынан мөр басқызып алуы керек. Университеттегі Студентлардың практикадан өтуіне жауапты құрылым бекіткен практика есебін қорғау күні Студент оқу практикасының есебін қорғауға дайын болуы керек.
Практика қорғау екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезең - практика базасында;
Екінші кезең - университетте өтеді;
2-кезеңде студенттер практика аяқталғаннан соң университеттегі жетекшінің 40 балдық бағалау жүйесімен өлшенеді. Комиссия мүшелерімен бекітілген практиканы қорғау хаттамасы практика жетекшісіне тапсырылады. Кафедра меңгерушісі тағайындаған, хаттамамен бекітілген, кафедра оқытушыларынан құралған комиссия алдында практика есебін қорғайды. Онда бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстардың жекелеген есебін, мәдени мекеме (база) басшысының қолы қойылған күнделікті және келесі құжаттарды тапсырады.
Практика бағдарламасының орындалуын жеке-дара жоспарға сай барлық материалдары енгізе отырып, талдау жасалынған есебі.
Студентлардың оқу практикасын қорғауға әзірлейтін құжаттары:
- Практика базасы, жұмыс сипаты туралы мәлімет
- Сценарий материалдары, сурет, видеожазба
- Практика бағдарламасының орындалуы жеке дара жоспарға сай барлық материалдарын енгізе отырып, талдау жасалған есебі (объект және анықтамалары т.б.)
Студенттің есеп құрылымы
Практика бойынша есебі (титул беті);
Практиканың жұмыс жоспары;
Есепті қорғау хаттамасы
Практика базасының жалпы сипаттамасы;
Практика тапсырмалары, оның орындалуы;
Студент қызметінің сараптамасы (жұмысқа құлшынысын бағалау, орындаған жұмыс көлемі, ізденістері, жұмыстың жақсы және жаман жақтарын ашу).
Практика жетекшілерінің бағасы мен қарым-қатынасы.
Бағдарламаның орындауындағы, ұйымдастырылуындағы қиындықтар
Студенттің күнделігі, есебі және практиканы қорғау бойынша әр студентке жеке хаттама толтырылып, комиссия мүшелері қол қойып, кафедра меңгерушісі бекітуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |