ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ
3 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨПШІЛІК КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ КММ
Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапхананың 19 филиалы болса, олардың қатарын шаһарға жаңадан қосылған елдімекендердегі 4 кітапхана толықтырды. 500 мыңнан аса кітап қоры бар мекеменің 75 мыңнан аса оқырманы бар. Мұнда жылына миллионнан аса кітап қолдан-қолға өтеді. Дегенмен, рухани орданың оқу залында да, абономент бөлімінде де оқырманның қарбаласы бұрынғыдай байқалмайды. Себебі кітапханалар әлі күнге дейін дәстүрлі қызмет көрсетуден арылған жоқ. Жаз айларында кітапхананың барлық филиалдарында шахмат, қолөнер бұйымдары, ұлттық ойындар, классикалық әдебиеттерді оқу үйірмелерін ашып, жасөспірімдер мен студенттерді көбірек тартуға бағытталған. Кітапхана ішінде әжелердің таным клубы ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттап, жастармен бірлесе көптеген іс-шаралар өткізді. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп 2007 жылдан бері кітап оқуға үндейтін «Бір кітап – бір ел» акциясы аясында ақын-жазушыларымыздың жауһарларын бір мезгілде оқу дәстүрі қалыптасқан.
4 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ
Ғимарат жұмыс істеуге ниеті барға мейлінше жетеді. 1980 шаршы метрдей. Бірінші қабатта 8 жұмыс бөлмесі орналасқан. 500 орындық концерттік залы да бар. Заман талабына лайықты жағдай жасалған.
Жастар саясатын үйлестіру мақсатында Жастар ресурстық орталығы жан-жақты қолдау білдіріп, жастардың бастамаларын жүзеге асыру бағытында қызмет көрсетеді. Ғимаратта 18 кеңселік кабинет, 600 орындық зал қарастырылып, 2323,2 ш.м. құрайды. Биыл Аутрич, NEET жастармен жұмыс бөлімі ашылып, қаладағы 4 аудан филиалдары жұмыс істейді. Филиалдарда 5 қызметкерден 20 қызметкер жұмыс жүргізіп жатыр. 2019 жылдан бастап орталықта алғаш рет жастарға арналған 11 үйірме мен 4 диалогтық алаңша ұйымдастырылды. Орталықтың қызметін 80 мыңнан астам жастар тұтынып келеді. ҚР статистика мәліметтері бойынша NEET (NEET - NotinEmployment, EducationorTraining) яғни, жұмыс істемейтін, оқымайтын және жас адамның жұмысын табуға тырыспайтындар үлесі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 9,1% құраса (республика бойынша 8,8%), 2019 жылдың І-тоқсанында 7,9% (республика бойынша 8,8%) болған.
Достарыңызбен бөлісу: |