«Бекітемін» Мәдениет және өнер факультетінің деканы М. Ж. Таңірбергенов (Т. А. Ж. қолы) 202 ж. Практика бағдарламасы


«ӘЛ-ФАРАБИ» ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫ»



бет8/15
Дата15.03.2024
өлшемі1.16 Mb.
#495730
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Бағдарлама Өндірістік практика 2 (1)

4 «ӘЛ-ФАРАБИ» ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫ»
«Қалалық Отырар ғылыми-әмбебап кітапханасы» комуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2013 жылғы 25қарашада №327 қаулысы шықты. Кітапхана Шымкент қаласы, Астана даңғылындағы арнайы салынған жаңа зәулім ғимаратқа қоныстанды.
2013 жылдың соңында зиялы қауым өкілдерінің, кітапханашылар қауымдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ал 2017 жылдың сәуір айында «Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Отырар» атауы берілсін деген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы шықты.
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы облыс аумағындағы кітапханалар желісі үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады. Қазіргі таңда жаңа кітапхана өңірдегі ең ірі ақпараттық мәдени орынға айналып отыр.
Негізгі көрсеткіштер: жалпы кітап қоры – 376023, оның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар саны - 119413, оқырмандар саны – 18 000, келушілер саны – 128 000, кітап берілімі – 216 000. Штат саны – 96.
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік аумағынан қоныс тепкен жаңа рухани шаңырақ – облыстық «Отырар» кітапханасы халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Адамзатқа әйгілі Отырар кітапханасының жұрнағындай, көзіндей болып отырған кітапхананың 2013 жылдың аяғында облыс әкімінің, зиялы қауым мен қаламгерлердің, кітапханашылар қауымдастығының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтың 2013 жылғы 25 қарашадағы № 327 қаулысы негіз болды. Жаңа мекеменің Жарғысы қабылданып, бекітілді. Кітапхана Шымкент қаласы Астана даңғылындағы нөмір сегізінші жаңа зәулім ғимаратқа қоныстанды. «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы облыс аумағындағы кітапханалар желісі үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.
Кітапхана оқырмандарына кең, жайлы, жарық оқу залдарында жұмыс істеуге мүмкіндік бар. 200 орындық мәжіліс залында конференциялар мен зерделі кеңестер, кездесулер мен қызықты шаралар өтеді. Кітапханада оқырмандардың қызығушылығына орай «Отырар» - оқырман отауы», «Шамшырақ», «Мұрагер», «Ғасырлар мұрасы», «Жас түлек», «Дидарласу», «Литературный салон», «Глобус», Libclab «Әлем әдебиеті» сынды әдеби бірлестік, шығармашылық орталық, мүдделестер клубтары жұмыс істейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет