Өткен оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауға арналған әкімшілік диагностикалық
бақылау тақырыптары
10-сынып бойынша «Дүниежүзі тарихы» пәнінен:
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қандай ғылыми ашулар мен жаңа технологиялар ерекше маңызды болды? (Оқу мақсаты: 9.4.1.1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау)
Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай? ( Оқу мақсаты: 9.3.2.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау)
Неліктен Мұстафа Кемалді «Ататүрік» деп атады? (Оқу мақсаты: 9.2.1.1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау)
Неліктен АҚШ-та 1920-шы жылдарды «гүлдену кезеңі» деп атайды? (Оқу мақсаты: 9.4.1.2 индустриялық қоғамның даму процесін түсіндіру үшін «модернизация» ұғымын пайдалану)
Сталиннің билігі тұсында КСРО қалай дамыды? (Оқу мақсаты: 9.3.1.2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру)
Неліктен фашизм Италия мен Германияда өрбіді?(Оқу мақсаты: 9.1.2.1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау)
Өткен оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауға арналған әкімшілік диагностикалық
бақылау тақырыптары
10-сынып бойынша «Құқық негіздері» пәнінен:
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары (9.2.1.2 Қазақстан Республикасы Конституциясын талдау арқылы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін анықтау)
Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы (9.2.2.1 Конституция негізінде мемлекеттік органдардың қызметтерін анықтап, салыстыру
Қылмыс ұғымы (9.7.2.1 қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату)
Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері(9.5.3.1 отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау)
Әкімшілік жауапкершілік (9.6.2.1 әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін анықтау)
Қылмыстық жауапкершілік (9.7.3.2 сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған құқықтық актілерді талдау)
Достарыңызбен бөлісу: |