1. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. -- Сіз ақылды қалай айтасыз?
2. Балаңыз балабақшада тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа балабақшаға ауыстырдыңыз. Басқа балабақшада балаңыздың мінезіне өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ,тұйық. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады.
-Енді не істейсіз? Сіздің әрекетіңіз?
3. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп.
-Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
4. Сізге балабақшадағы тәрбиешілерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды.Тағы көрші ата - аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік.
- Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
5. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып жататынын байқаймыз. ----Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
6. Сіз баламен балабақшаға қабылдау уақытынан кеш келдіңіз,тәрбиеші сіздің балаңызды қабылдаудан бас тартты.
-Бұл жағдайда сіз тәрбиешіге не айтар едіңіз?
7.Тренинг:
Енді ата-аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ «демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш,енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма,әлде діңгегі ма,әлде жапырағы ма?
Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді. Ал,енді ата-аналар тамырлар бір бөлек,жапырақтар бір бөлек,діңдер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар соны тобынызбен келісе отырып бір келісімге келіп,бір топтан бір адам шығып қорғайсыздар.Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқ емес, психологиялық сәйкестік.Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты, біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты,әсемдікті,ұқыптылықты қалайтындар.
Енді ата-аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»-тамырды, «діңгек тобы»-діңгекті, «жапырақ тобы»-жапырақты саламыз. Ұстаздарыңызға деген талап-тілектеріңізді «тамыр тобы»-тамырға, «діңгек тобы»-діңгекке, «жапырақ тобы»-жапыраққа жазыңыздар. Осы ағаштың тамыры-ата-ана,діңгегі –тәрбиеші,жапырағы –балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып,діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді. Сол жемісіміздің қызығын көру мақсатында себеттен алмаларды алып,өз балаларыңызға тілек жазып,ағаштың жеміс беруіне қол ұшын берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |