8. Қорытындылау. Тренинг:«Тілек шамы»
Мақсаты: дөңгелек үстел туралы пікірлерін ортаға салу.
-Міне, қоштасатын да сәт жетті. Отбасы ұшқан ұя-жылылықтың жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәні терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенің сеземіз.
Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір бірімізге тілек айта отырып, жүргізейік.
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!
«Мәңгілік ел ананың жүрегінде»
Дөңгелек үстел ата-аналармен
Дайындаған:
2022-2023 ож
«Сырғалым» аналар мектебі
«Мәңгілік ел ананың жүрегінде» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің анықтамасы
Мақсаты: Ата-аналар арасында бала тәрбиесіне қатысты пікір таластыра отырып,
балаға деген махаббаттың күшін сезіндіру. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырумен қатар, отанға,туған еліне деген патриоттық, сүйіспеншілік қарым- қатынасты нығайту.
Түрі: Дөңгелек үстел
Қатысушылар: Ата-аналар
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып Соркөл орта мектебінің «сырғалым» аналар мектебінің ұйымдастыруымен ата-аналар арасында арасында «Мәңгілік ел ананың жүрегінде» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында ата аналарга отбасын сыйласуды насихаттау мақсатында ойындар өткізілді.
Отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу үшін, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу-тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру мақсатында ата-аналардың қатысуымен «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында ата-аналардың көңіл-күйі жақсарды, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыта отырып, отбасы мәселелері туралы ой бөлісті, әдістемелік көмектер алды. Дөңгелек үстел соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісе отырып, балаларына ақ тілектерін білдірді. Сонымен бірге ата-аналарға ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеу және әр тұлғаны тәрбиелеуде қателіктерге жол бермеу мақсатында ата-аналарға арналған жаднама таратылады.
«Сырғалым» аналар мектебінің төрайымы:
Достарыңызбен бөлісу: |