«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие


) Иллюстративті мәлімет берілген



бет84/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   230
pr vn bol sd kz

4) Иллюстративті мәлімет берілген.


5) Әдебиет:
Негізгі әдебиет:


Қосымша әдебиет:
6) Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Ішкі мүшелердің анатомиялық ерекшеліктері қандай?
2. Ішкі мүшелердің физиологиялық ерекшеліктері қандай?
3. Қандай қалып пассивті деп айтылады?
4. Конституцияның қандай түрлерін білесіздер?
5. Жалпы қарау әдісіне не жатады?
6. Науқастың жалпы жағдайын бағалаңыз?
7. Ес-сананың қандай бұзылы түрлерін білесіздер?
8. Науқастың төсектегі қалпының қандай түрлерін білесіздер?


1) Тақырып: №2 Тыныс алу жүйесімен ауырған науқастарды тексеру әдістері (сұрастыру, кеуде қуысын қарау және пальпациялау).


2) Мақсаты: студенттерді тыныс алу жүйесі ауруларын тексеру әдістерімен таныстыру, студенттерге сұрастыру әдісін, оның кезеңділігін, негізгі шағымдарын және оның сипаттамасын анықтауды, ауру және өмір тарихын жинауды үйрету.


3) Лекция тезистері:
Тыныс алу жүйесін тексеру
Шағымы: жөтел бар ма, ентіге ме, көкірек тұсы ауырады ма? Осы жерде дәрігер тегіс дұрыстап талдағанда біліп алу керек, өйткені көкірек тұсының ауруы т.б. ауруларда кездеседі. Көкірек етінің қабынуы – миозите, қабырға нервтерінің қабынуы, қабырға арасындағы невралгияда, қабырғаның зақымдануында, жүрек және аортаның ауруы; өйткені іш қуысындағы ауруларда сол жакка қарай тартылып беріледі /иррадиация/.
Көп шағымдарды талдағанда ғана тыныс жүйесі ауруының белгілері екендігін анықтайсың. Қойылған сұрақтарды, талдап бөлек-бөлек қою керек. Мысалы: шағымы жөтел болса қандай жөтел құрғақ па, қақырықты ма, қай кезде пайда болады. Қақырық түрі, қан бар ма, жоқ па. Сондықтан дәрігер өкпе ауруының ерекше шағымдарын білу керек.
Көкірек тұсының ауруы - өкпе ұлпасында нерв талшықтары жоқ. Олар плевра, өкпе қабында орналасқан, сондықтан өкпе тұсындағы аурысынудың бәрі өкпе қабымен байланысты. Өкпе Қуысына жабысып қалу өкпе ауруларының үлкен кішілі зақымдануы плевра етегіне байланысты /плевра туберкулезы, өкпе қабынуы, рак т.б./. Қалыпты жағдайда жоғарғы және іштегі плевра етектері тегіс болады, дем алғанда бір-біріне тигенде ауырмайды. Ал қабынған кезде плевра етегіне фибринге толады, оның кеңею салдарынан нерв талшықтарына келіп тиеді де ауырсыну-ауру пайда болады.
Аурудың қалай шығу себептерін дәлелдеп беру үшін – плевриттегі сүйықтық аурудағы клиникалық белгілерінен білуге болады. Бұл жағдайда кеуде тұсындағы аурудың шығуы ауру басталар кезде болады. Ал кейіннен плевра бір бірінен ажырайды, плевра қуысына экссудат сүйықтар құйылады да ауру болмай қалады. Бұл жағдай жазылар кезде қайталануы мүмкін, өйткені экссудат – сүйық жайылады және жайылған плевра бір-бірімен қосылады.
Жөтел – бірмезгілді өзінді рефлекторлы қорғау белгісі. Басталуы былай болады: терең дем тартқан соң көбігіп дем шығады да дауыс шығатын қуыс жабылады осы кезде жөтел пайда болады да дем алу жолын тазалайды. Жөтел рефлексінің доғасы арқадағы мида кездеседі, бірақ жөтел негізінен бас миының ортасында болады. Оған дәлел: 1) жөтелді үлкен толқында күшпен басуға болады; 2) немесе жөтел шақыруға болады оны «нервтен жөтелу» дейді (сәл жөтеліп қою – толқығанда); қатты жөтел құсуға дейін барады, өйткені орталық нерв жүйесіндегі жөтел орталығы құсу орталығына жақын орналасқан, біріншісі екіншісіне әсер етуі мүмкін.
Жөтелу рефлексінің дұғасы жөтелу жолындағы қабыну көзінде бөлінген рецептор аппараттардың қозғалу секрецияның, қанның немесе басқа заттар қозғалғанда қосылады (тамақ, шаң, сүйектер). Терапияда – қозғаушы күштер болып қақырық табылады. Тыныс жүйесінде қабынған кезде бронхтарда жиналған қақырықтыр болады. Жөтелдің рецепторлық зонасы плевра етектері. Сондықтан плевритте жөтел жиі болады.
Жөтел түрлерінің белгілерін ажырату керек. 1\ тұрақты; 2\ мезгіл-мезгіл; 3\ ұстамалы; 4\ құрғақ; 5\ қақырық шығарып; 6\ тембр - үріп-дыбыс байланысының ісінуімен, дауысы шықпай қалуы – бұл туберкулезде, сифилисте немесе порезде болатын жөтел түрлері.
Қақырық шығарып жөтелгенде болатын кейбір жағдайларды түсіндірсек 1\ тәуліктегі мөлшері; 2\ тәуліктегі шығаруының бірдейлігі; 3\ аурудың жағдайы – қандай жағдайда қақырықты жақсы шығара алады. Мысалы: өкпенің абсцесінді, көптеген іріңмен қатты иісті қақырықтың шығуы сау жақпен жатқанда шығуы.
1) түрі /түссіз, қоңырлау, сарғыш, жасыл, тот басқан сияқты/;
2) консистенциясы көбікті /үлкен бронхтардағы қабыну/, монолитті – кіші бронхтардағы қабыну;
3) қанды қақырық болуы немесе болмауы. Қанды қақырықта қан қақырықпен немесе бөлек түкірікпен, немесе өкпеден қан кеткендей болады. Қанды қақырық ауыр өкпе аурулардың белгісі /туберкулезде, ракте т.б./, немесе жүректегі аурулар /жүрек ақауындағы өкпедегі қан тұрып қалуында, инфаркт миокардында/. Ол өкпеден тыс себептерде де болуы мүмкін / тіс астынан жұтқыншақтан қан кеткенде/. Өкпеден қан кетумен асқазаннан қан кетіп жатқанын ажырату керек.
Ентігу – физиологиялық немесе патологиялық болып бөлінеді. Патологиялық ентігуге болар болмас ауырлықта ентікпе пайда болады, кейде тыныштықта болады. Ентігудің шығу тегі әртүрлі өкпе аурулары - өкпедегі қабілетін бұзады – ауа ауысуы бұзылып өкпедегі артериядағы қан өзгереді – қанда көміртегі көбейеді – тыныс орталығын тітіркендіреді де ентікпе пайда болады.
Ентігу – тыныс алудың бұзылуы, бір жағынан ауруға ауа жетпей жатқан сияқты болады, ал екіншіден дәрігер аурудың кейбір көрініп тұрған белгілер табуға болады.
Көбінесе субъективті және объективті ентігу болады, бірге болады. Субъективті жағдайда ентігу ғана болады басқа ештеңе көрінбейді. Кейде нерв жүйесі бұзылғаннан, тыныс жетіспеушілігінің алғашқы сатысында қанның құрамы әлі бұзыла қоймаған уақытысында объективті белгілер болмайды. Аурулар ентіккенде үреніп қалады, сыртынан білініп тұрады объективті белгілер. Бұл жағдайда тек объективті ентігу дейді. Ентігудің 3 фазасы болады:

  1. инспираторлық – дем ішке тарту кезінде қиналуы;

  2. экспираторлық – дем сыртқа шығару кезінде қиналуы;

  3. аралас – екі фазада дем алуы қиындайды.

Инспираторлық ентігу – дем шығару кезіндегі тыныс жолдарындағы механикалық кедергілерден қиналып ауа шығаруы. Ентігудің бұл түрі – үлкен тыныс жолдарындағы ауаның шығуына кедергі болуынан дауыс байланыстарының ісінуі. Ісікпен тпрахея мен гортанды басып қалуынан қалқанша бездің өсіп кетуінен /зоб/, аортаның кеңеіунен /аневризма/. Трахея қатты сығырғанда – дыбысты дем шығады /стридорозное дыхание/.
Экспираторлы ентігу – бронхиалдық астмада болады, бұл жерде майда бронхтардың еттері сығылып қалуынан және бронхиол қысылуынан иық арты ауаның өкпеге түсуіне кедергі ьолуынан басталады.
Аралас ентігу – әр түрлі ауруларда өкпемен жоғарғы дем алысы төмендеуінен. Мысалы: өкпе қабынғанда плевра қуысында сүйықтықтардың жиналуынан /өкпе қысылады/ көбінесе бұл ентігу өкпе эмфиземасында болады, бұнда альвеолдар кеңейедіауаға толып кеткендіктен тұрақты инспираторлық күште тұрады. Сондықтан дем алуда шығаруда қиынға соғады. Бұл өкпенің жақсы тыныс ала-алмауынан серпімділігін жоғалтады. Тым қатты ерекше ентігу – тұншығу /астма/ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет