Бекітілді ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі



бет5/9
Дата08.06.2016
өлшемі2.73 Mb.
#122975
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ч1-оңтүстік қаратопырағы, Ч2-кәдімгі қаратопырақтар, К1-ашық-қоңыр топырақтар, К2-қоңыр топырақтар, К3-қара-қоңыр топырақтар

2. АГРОХИМИЯЛЫҚ ІС – ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ

Облыс егістіктерінде өнімділікті, өнімдердің сапасын арттыру және топырақ құнарлылығын сақтау үшін оларға жылда әсерлі заттар есебінде 159 мың. 2121 тонна минералды тыңайтқыштарды сіңіру қажет (5-кесте). Жылда 54 705 тонна азотты тыңайтқыштар және 104 507 тонна әсерлі заттар есебімен фосфорлы тыңайтқыштарды сіңіру керек. Областың топырақтары негізінде ауыспалы калиймен жоғары түрде қамтамасзданған, сондықтан калий тыңайтқыштарын сіңірудің керегі жоқ.

Негізгі азық-түліктік дақыл жаздық бидайлар үшін сіңірілетін минералды тыңайтқыштардың орташаланған мөлшері 10 кг/га ә.з. азот (N) егіске және 22 кг/га жылжымалы фосфор (Р2О5). Сүрі жерлерде бірінші дақылдар егісіне азоттық тыңайтқыштар сіңірілмейді, неге десең қара және қоңыр топырақты жерлер сүрі жерлер болған кезеңінде өздеріне керекті мөлшерде азоттарды жинап алады. Сүрі жерлері болмаған жерлерде сіңірілетін азоттық тыңайтқыштардың мөлшері: кәдімгі қара топырақты аймақтарында (Сандықтау, Бурабай, Бұланды, Зеренді аудандары) – N15-20 кг/га ә.з., оңтүстік қара топырақты аймақтарында – Ақкөл, Шортанды, Атбасар, Бұланды, Жақсы, Сандықтау аудандарында – N25-30 кг/га ә.з.,

қоңыр топырақты аймақтарда (қара-, ашық- және қоңырлар) – Аршалы, Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Қорғалжын және Целиноград аудандарында – N30-35 кг/га әсерлі заттар есебінде. Бірақта, азотты тыңайтқыштарды тұқымдармен бірге қатарлап 22-25 мамырға дейін сіңіру керек.

Осыдан кеш мезгілде сіңірілген азоттық тыңайтқыштар тиянақсыз тиімділіктерді байқатады, неге десең қара және қоңыр топырақты жерлердің нитрофикациялық қабілеттері болады да, егістің орташа кезеңдерінде өздеріне жеткілікті мөлшерде азотты жинап алатын қасиеттері болады. Азоттық тыңайтқыштардың тиімділіктеріне сонымен бірге топырақтағы жылжымалы фосфордың да болуы әсерін тигізеді. Азоттық тыңайтқыштар нақтылы тиімдіктерін топырақта жылжымалы фосфордың көлемі 20 мг Р2О5 кг/га болғанда көрсетеді.

Қоңыр топырақтарда фосфорлы тыңайтқыштарды сіңіруді негізгі сіңіруде, қара топырақты жерлерде негізгі және қатарлап сіңірген көп тиімділікті береді. Ақмола облысы бойынша жаздық бидайлар үшін сіңірілетін фосфорлық тыңайтқыштардың орташаланған мөлшерлері Р22 кг/га әсерлі заттарды құрастырады. Қоңыр топырақты аймақтарда олардың мөлшері Р15-20, кәдімгі қара топырақтарда Р25-30, оңтүстік қара топырақтарда Р20 кг әсерлі заттар есебінде. Талғамды дәнді-бұршақты дақылдар үшін минералды қоректік есебінде жыл сайынғы мөлшері – N10Р30 кг/га ә.з., күнбағыста – N20Р50, рапс – N10Р30 кг/га әсерлі заттар есебінде.

Көпжылдық шөптерді сепкенде, және сол сияқты тыңайған жерлерді ауыспалы егістерге еңгізгенде олардың барлық ратациясына деп фосфорлық тыңайтқыштарды Р80 кг/га әсерлі заттар есебінде сіңіру керек.

Ақмола облысының жерпайдаланушылары үшін керекті көлемде минералды тыңайтқыштардың түрлері қазіргі таңда жеткілікті. Сүрі жерлерде егістің барлық ротациясына жететін мөлшерде болуы үшін негізгі сіңірілетін фосфорлы тыңайтқыштардың ішінде ең жақсысы болып қос суперфосфат саналады, ал көпжылдық шөптерді үстемелеп қоректендірі үшін аммакты селитра. Қазіргі таңда сүрі жерлері болмаған жерлерде, егістерде, олардың биологиялық ерекшеліктерін ескеріп (бидай, майлы дақылдар, жүгері, картоп) тұқымдарымен бірге қатарлап себетін, бір түйіршіктерінде керекті мөлшерде қоректік заттары болатын тыңайтқыштардың түрлері жоқтың қасы. Осындай жағдайларда, тыңайтқыштар



5-кесте. Ақмола облысының ауылшаруашылық дақылдарың минералды тыңайтқыштар сұранысы


Дақылдар

Көлемі, мың теңге

Енгізу нормасы, кг/га

Барлық ауданға енгізу, тонна

Барлығы, тонна

Барлық аумақ бойынша физ. салмағы, тонна

Барлығы, физ.салмағы, тонна

Ж.бидай

3962,1

10

22




39621

87162




126783

116486

189141




305627

Ж.арпа

271,4

10

20




2714

5428




8142

7979

11779




19748

К.қара бидай

0,7

30

20




21

14




35

62

30




92

Сұлы

22,7

12

20




272

454




726

800

985




1785

Қара құмық

1,4

12

25




17

35




52

50

76




126

Тары

1,2

11

21




13

25




38

38

54




92

Астық аралас

0,8

20

15




16

12




28

47

26




73

Астықбұршақты

17,8

10

30




178

534




712

523

1159




1682

Күнбағыс

69,2

20

50




1384

3460




4844

4069

7508




11577

Сафлор

9,9

15

35




148

346




494

435

751




1186

Рапс

16,7

10

30




167

501




668

491

1087




1578

Қыша

16,9

15

24




253

406




659

744

881




1625

Бұйра зығыр

59,9

12

25




719

1497




2216

2114

3248




5362

Басқа майлылар

0,2

15

20




3

4




7

9

9




18

Картоп

17,6

20

90




352

1584




1936

1035

3437




4472

Жеміс

4,2

80

80




336

336




672

988

729




1117

Жүгері силос

8,9

20

50




178

445




623

523

966




1489

Бірж.өсім

60,9

10

18




609

1096




1705

1790

2378




4168

Көпж.өсім

биылғы


14,6




80







1168




1168




2535




2535

Көпж.өсім

былтырғы


256,8

30







7704







7704

22650







22650

Барлығы Облыс бойынша

4813,9










54705

159212




159212

160833

226779




387612

қоспаларын дайындап сіңіру керекті, өкінішке қарай өндірістен шыққан ондай құралдар әзірге жоқ. Жерпайдалаушылар өздері қолмен оларды араластырған жағдайда олардың қатынастары бүлініп, көптеген қиындықтар туындайды. Осындай әдіспен дайындалған тыңайтқыштардың берер тиімділіктері бапты болмайды. Салыстырмалы түрде, мысалы Жапон елінде 200 жуық тыңайтқыштар түрлерін шығарады, олар өздерінің түйіршіктер құрамында жеткілікті мөлшердегі қоректік заттарға ие болады.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өндірісін топырақтағы сақталатын өсімдіктерге қажет әртүрлі қоректік элементтерді ескеріп және өсімдік шаруашылығы үшін керекті дақылдардың өсу ерекшеліктерін есепке алып қоректік заттардың, яғни түйіршектерде болатын олардың қатынастары:

Р46% – сүрі жерлерге немесе сүрі жерлерде сепкенде тұқымдармен қатарлап себу үшін,

N34-46% – дақылдарды үстемелеп қоректендіру үшін фосфорлы тыңайтқыштарды негізгі сіңіргенде,

N20Р30 и N15Р35 – кәдімгі қара топырақтар аймағында тұқымдармен бірге сіңіру үшін,

N30Р25 и N30Р30 – карбонатты оңтүстік қара топырақтар аймағында аңызды фонды жерлерге сіңіру үшін,

N30Р15, N20Р20, N30Р20 – қоңыр топырақты аймақтарда егу кезінде тұқыммен бірге сіңіру үшін.

Облыстың минералды тыңайтқыштарға сұранысын әсерлі заттар есебінен кәдімгі физикалық салмаққа ауыстыртырғандағы жалпы сұраныстар келесідей: 387 мың. 612 тонна. Аммиакты селитраның сұранысы – 160 мың. 833 тонна, қос суперфосфаттың сұранысы – 226 мың. 779 тонна.


6-кесте. Ақмола облысының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің бонитет баллдары (2012 ж.)


Аудандар

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің банитет баллдары

Егістік

Жайылым

Тыңайған жер

Аккөл

32

21

26

Аршалы

25

23

22

Астрахан

21

27

20

Атбасар

26

24

24

Буланды

44

36

37

Бурабай

41

29

34

Егіндікөл

25

23

21

Енбекшілдер

27

19

18

Ерейментау

27

34

22

Есіл

34

27

-

Жақсы

26

23

25

Жарқайын

31

28

29

Зеренді

44

26

24

Қорғалжын

21

24

20

Сандықтау

43

27

25

Целиноград

22

23

20

Шортанды

39

35

33

Көкшетау қ.

36

31

-

Степногорск қ.

19

18

-

Облыс бойынша орташа балл

31

26

25

Топырақтың максималды бонитеті эрозия процесіне ұшырамаған 100 ұпайы бар сілтілі қара топырақ. Қара топырақ пен сарғылт топырақ тың жағдайларында 30-60 ұпайлы топырақ бонитеті бар.

Ауылшаруашылық өндірістің қазіргі кездегі жағдайына байланысты топырақ бонитет ұпайлары аймағындағы ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлер төмендеідей:

Топырақ аймағындағы орташа бонитеті 31 ұпайды құрайды. Сандықтау, Бұланды, Зеренді және Бурабай аудандарда, толығымен немесе жартылай қара топырақ аймағында кәдімгі ұпайы – 41-44 ең жоғары топырақ бонитеті орналасқан. Қорғалжын, Астрахан мен Целиноград аудандарда сарғылт топырақты аймағында, топырақ бонитетінің минималды – 21-22 ұпайы орналасқан.

Жайылым жерлер топырағының орташа бонитеті 26, тыңайған жердің 25 ұпайды құрайды.

Негізгі бонитет ұпайын жоғарлату үшін сортаң жерлер мелиорациясын өткізу, жер пайдаланушылардың эрозяға қарсы іс-шараларды сақтау, топырақ құнарлығы азған жерлерді қалпына келтіру және орташа мен төмен дәрежедегі азуға ұшыраған топырақ құнарлығын сақтау. Ол үшін жер пайдаланушыларға жер пайдаланудың аймақтық жүйесі ғылымымен ұсынылған ережелерді қатаң түрде сақтаулары тиіс. Топырақ эрозиясына ұшыраған жерлерді жер пайдаланушылар топырақ өндеудің минимиалды және нөлдік технологияларды практикаға енгізу қажет.

Топырақ құнарлығының эффективтілігін жоғарлату үшін минералды тыңайтқштардың қолдану мөлшерін арттыру және де заттық қолданыста 150 мың т. деңгейге дейін жеткізу қажет.

Гумус құрамы өте төмен топыраққа көпжылдық шөптерді егу қажет, ол топырақ құнарлығын жоғарлататын ең әсерлі тәсіл.

Белгілі мөлшерде комплексті қолдану 10-12 жылдың ішінде топырақ аймағы бонитетін 1-3 ұпайға дейін жоғарлатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдар өнімділігін жоғарлатып, ауыл еңбекшілерінің әл-ауқатын артуын қамтамасыз етеді және республикамыздың азық-түліктік қауіпсіздігін нығайтады.

3. ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫН САҚТАУЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ АРОТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ, ЖЕР ПАЙДАЛАНУДЫҢ АГРОЛАНДШАФТЫ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ
Ауылшаруашылық арнаулы жерлердің ұтымды пайдалануы – жер участкілерін меншік иелерімен қамтамасыз ету мен жер пайдаланушылар максималды эффекті ауылшаруашылық өнім өндірісі процесінде топырақ құнарлығы және жерледің мелиорациялық жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырмайтын табиғи факторлар тәсілдерімен қатар оптималды өзара әрекеттесу мен жер қорғау есебімен байланысты жер пайдалану мақсаттарын жүзеге асыру.
Ғылыми ұйымдардың көпжылдық зерттеулері негізінде алдыңғы практикалар, өсімдік қорғау әдістері әзірлемелеріндегі соңғы жетістіктері мен жаңа өндеу технологияларына жаппай көшуі үшін ауылшаруашылық техникаларды уақытында жеткізіп тұрушылық объективті жағдайлар жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет