Бекітілді ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі


ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ҰТЫМДЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ ТҮРДЕ ПАЙДАЛАУ ШАРАЛАРЫ



бет7/9
Дата08.06.2016
өлшемі2.73 Mb.
#122975
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ҰТЫМДЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ ТҮРДЕ ПАЙДАЛАУ ШАРАЛАРЫ
Республика бойынша 01.01.1985 ж. 35 млн. 379 мың. га егістік жерлер болды, соның ішінде 1 млн. 838,1 мың. га суармалы жерлер. Тыңайған жерлердің көлемі 144 мың. га, соның ішінде суарылатындары – 38,1 мың. га (8-кесте).

Республикамыздың аграрлы секторында болған қайта қалыптасу бойынша егістік жерлердің көлемі 14 млн. га немесе 39,6% егіске жарамды аумақтардан кеміді. Ақмола облысы бойынша 2000 жылы егістен 1 млн. 886 га өнімдіктері төмен егістік жерлер қатардан шығарылып тасталды. 2005 жылы тыңайған жерлер көлемі 1 млн. 724 га, ал 2008 ж. 1 млн. 702 га құрастырды.

Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша 583,7 мың. га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болды және олар біртіндеп ауылшаруашылықтық айналымға қосылып жатыр.
8-кесте. Қазақстан Республикасы және Ақмола облысы бойынша 2000-2008 жж., 01.01.1985 ж. тыңайған жерлердің динамакасы., мын.га


Облыс

Егістік көлемі 01.01.1985 ж.

Тыңайған жерлер көлемі

01.01.2000 ж.

01.01.2005 ж.

01.01.2008 ж.

мың. га

%

мың. га

%

мың. га

%

Ақмола

6734

1886

28,0

1724

25,6

1702

25,2

Республика бойынша

35379

14001

39,6

11996

33,9

12462,7

34,6

Облыстағы тыңайған жерлердің болуының себептері, келесідей

- егістік жерлердің төмен деңгейдегі өнімділіктері.

Осындай тыңайған жерлер қоңыр және ашық-қоңырлы топырақтарда кездеседі. Қазіргі нарықтық қатынастарда дәнді дақылдарды 5 ц/га төмен деңгейде алу егіншілікте тиімсіз деп саналады. Сонымен, қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге өте қауіпті топырақты жерлер – егістік құрамында сортаңды кешендері болатын, топырақтың өте көп мөлшерде карбонаттылығы және басқа да ыңғайсыз жағдайлар дәнді дақылдардың өнімділігін қосымша 30-50% төмендетеді. Сондықтан қазіргі кезде осындай топырақты жерлер егістер көлемінен шығалылады. Оларды әрмен қарай ауыспалы егістер қатарына қосу үшін сортаң жерлерді кешенді мелиорациялап игеру қажет, осындай жұмыстарды атқару үшін жерпайдаланушыларда қаржы, арнайы техникалар және химиялық мелиоранттар жоқ.

- жер бедерлері қиын, шағылтасты топырақтар болатын жерлер.

Осындай жерлер егіншіліктері жерпайдаланушылардан қосымша қаржылықтарды шығаруды, егіншілік жүйесі ұсынған нұсқамаларды міндетті түрде жоғары агротехникалық деңгейде сақтауды талап етеді.

- жалға алынған жер телімдерін игеру үшін керекті техникалы, материалды қаражаттардың болмауы.

Осындай жағдайлар ұсақ жерпайдаланушыларда (2000 га дейін) болады, оларда техникалық және материалдылық базалардың жетіспеуінен көктемгі- далалық жұмыстарды дер кезінде атқара алмауларының себебінен кейбір жер бөлімдері өңделмей де қалады.



Ақмола облысы бойынша агрохимиялық тексерулер жүргізілген тыңайған жерлердің нәтижелері

2012 жылы Ақмола облысының аумағында 225 мың. 926 га тыңайған жерлер тексерілді. Тексерілген тыңайған жерлердің негізгі аумағынан – 194 мың. 941 га жерде қарашірінділер көлемімен төмен түрде қамтамасызданған (9-кесте). Ол дегеніміз пайыздық есеппен тыңайған жерлердің 86,3% құрайды. Қарашірінділермен жоғары деңгейдегілері 678 га тыңайған жерлер немесе 0,3%. Егіндікөл, Атбасар, Жарқайын, Қорғалжын және Целиноград аудандарындағы тыңайған жерлер толықтай түрде төмен деңгейлі қарашірінділі топырақтардан құрастырылған.

Төмен қамтамасызданған жеңілгидролизденетін азотпен 162 мың. 18 га немесе тыңайған жерлердің 71,7%. Жоғары деңгейде азотпен қамтамасызданған топырақты жерлер 6116 га немесе 2,7%. Жеңілгидролизденетін азотпен жоғары түрде қамтамасызданған тыңайған жерлер Еңбекшілдер (2995 га) және Жақсы (1009 га) аудандарының қоңыр топырақты жерлерінде орналасқан.

Ақмола облысында жылжымалы фосформен төмен деңгейдегілері 143 мың. 443 га тыңайған жерлер немесе 63,5%. Осындай жерлердің көп мөлшерлі жерлері Ерейментау ауданында – 338505 га немесе 82,9% және Қорғалжын ауданында – 30851 га немесе 95,7%. Бурабай ауданында төмен деңгейлі жылжымалы фосформен қаматамасызданған тыңайған жерлер көлемі 285 га немесе 28,5%.

Жылжымалы фосформен жоғары деңгейде қамтамсызданған тыңайған жерлер облыс бойынша 5861 га немесе 2,6%. Осындай топырақтар Бұланды ауданында 2100 га, Еңбекшілдерде 700 га, Целиноград ауданында 835 га. Басқа аудандарда жылжымалы фосформен жақсы қамтамасызданған жерлер 20-дан 346 га дейін.

Облыстың тыңайған жерлерінің топырақтары ауыспалы калиймен жақсы деңгейде қамтамасызданған. аталған элементпен төмен деңгейде қамтамасызданған топырақтар жоқ. Орташа деңгейде қамтамасызданғандары 1380 га тыңайған жерлер немесе 0,6%, жоғарылары 224 мың. 546 га немесе тыңайған жерлердің 99,4%.

Сонымен, қорытындылай айтқанда өсімдіктерге керекті минералды элементтермен қамтамасызданған тыңайған жерлердің топырақтары калийден басқаларымен егістік жерлергердің тиімді құнарлықтарына қарағанда төмен деңгейде орналасқан. Бірақта, минералды тыңайтқыштарды қолдану, тұзданған топырақты жерлерді мелиоративті шаралардың арқасында жою немесе оларды азайтып отырып егіншіліктің жоғары мәдени деңгейінде және әрбір тыңайған жерлердің әрбір танаптары үшін дақылдарды таңдау арқылы оларды керекті деңгейде егіншілікте пайдалануға әбден болады. Егерде, өңірдегі тыңайған жерлер ертеде белсенді түрде мал шаруашылығымен айналысқандардың қатарында болса, онда ондай жерлерде тыңайған жерлерді жақсарту жөнінде агротехникалық жұмыстарды атқарып, яғни танаптардың агрохимиялық мінездемелеріне байланысты шөптерді себу керек, жер бедерлерін (ойпаңдар, дөңдер және басқа жерлерді) мәдениеттендіру керек.

9-кесте. Ақмола облысының тыңайған жерлерінің өсімдіктерге керекті қоректік элементтермен қамтамасыздануы




Аудандар

Тексерілген

аумақтар, га



Қарашірінді, %

Жеңілгидролизденетін азот, мг/кг топырақта

Жылжымалы фосфор, мг/кг топырақта

Ауысымды калий,

мг/кг топырақта



құрамындағылары бойынша топтар

құрамындағылары бойынша топтар

құрамындағылары бойынша топтар

құрамындағылары бойынша топтар

төмен

орташа

жоғары

төмен

орташа

Жоғары

төмен

орташа

жоғары

төмен

орташа

жоғары

4,0

артық емес



4,1-6,0

6,0

артық


40

артық емес



41-50

50 артық

15 артық

емес


16-30

30

артық


200

артық емес



201-300

300

артық


Ақкөл

19540

11520

8020

-

9580

9800

160

12230

7310

-

-

180

19360

Аршалы

16418

16020

398

-

15410

757

251

9420

6792

206

-

-

16418

Астрахан

19511

18420

1091

-

14105

5102

304

8205

11202

104

-

85

19426

Атбасар

2320

2320

-

-

1820

500

-

1315

985

20

-

75

2245

Буланды

14680

10455

4100

125

6471

8001

208

5472

7108

2100

-

175

14505

Енбекшілдер

19418

13201

6180

37

11205

5218

2995

11505

7213

700

-

-

19418

Егіндікөл

6536

6536

-

-

6036

500

-

4132

2302

102

-

115

6421

Есіл

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Ерейментау

40410

39205

1205

-

32205

8205

-

33505

6581

324

-

200

40210

Жаксы

12430

8401

4029

-

6411

5010

1009

6502

5901

27

-

-

12430

Жарқайын

18750

18750

-

-

14402

4204

144

9403

9001

346

-

200

18550

Зеренді

2203

190

1602

411

-

1710

493

580

1503

120

-

60

2143

Коргалжын

32250

32250

-

-

32250

-

-

30851

1181

218

-

290

31960

Сандыктау

2511

501

1905

105

205

1896

410

1305

790

416

-

-

2511

Целиноград

10540

10540

-

-

8302

2238

-

4525

5180

835

-

-

10540

Шортанды

7305

6580

725

-

3508

3797

-

4208

2890

207

-

-

7305

Бурабай

1104

52

1052

-

108

854

142

285

683

136

-

-

1104

Барлығы облыс бойынша


225926

194941

30307

678

162018

57792

6116

143443

76622

5861

 -

1380

224546

Тыңайған жерлердің тегіс беткейлеу танаптарын егістіктерге пайдаланған дұрыс, ол жерлердің топырақтарын күн бұрын арамшөптерден тазартып және топырақ диагностикасына байланысты фосфорлық тыңайтқыштарды сіңу керекті. Терең сайлы тыңайған жерлерде өңдеулер жүргізіп көпжылдық шөптерді себу керек. Қара топырақты төменденген жерлерде қылтықсыз арпабасты, ал қоңыр топырақты жерлерде еркекшөпті сепкен дұрыс болады.

Тыңайған жерлердің топырақтарында сортаңған жер бөліктері кездескен жағдайда мөлшерлері 1-2 т/га көлемінде фосфогипс сіңіру қажет, топырақтарды арамшөптерден тазалағаннан соң сары түйежоңышқа егістерін арпа егістерімен кезектестіріп сепкен дұрыс болады.

Жүргізілген агрохимиялық сараптамалар бойынша, тыңайған жерлердің топырақтарында үш жыл бойы органикалық заттардың және жеңілгидролизденетін азоттың көбейгені байқалды. Топырақтағы жылжымалы фосфор құрамдары төмендейді, ал ауыспалы калийдің деңгейі өңделетін егістік жерлердің мөлшерінде болады.

Тыңайған жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне ауыстыру үшін келесідей шараларды жүргізуіміз керек:



    1. Әрбір жер учаскесін агрохимиялық, агрофизикалық және ұйымдастыру-шаруашылықты көрсеткіштері бойынша тиянақты түрде сараптау қажет. Олар дегеніміз: жерпайдалаушылардың маманданулары, жер учаскесінің иесінің техникалық қамтамасыздануы, топырақ құнарлылығының жағдайлары – өсімдікке керекті минералды элементтердің топырақтағы құрамы, тыңайған жерлердегі сортаңдылық кешендері, топырақтың эрозияға бейімділік деңгейлері, және жер учаскесінің жер бедерінің келбеті.

    2. Егістіктің құрамында тыңайған жерлерді пайдаланғанда егіншілік

жүйесін және ауыл шаруашылығы дақылдарын да таңдайды. Тегістелген жер учаскелерінде және топырақтардың банитеттері тең көрші танаптар сияқты оларды да сүрі жерлер сияқты дайындау қажет. Арамшөптерді механикалық және химиялық өңдеулерді қатарластыра жүргізіп отырып құрту керек, сүрі жерлерді өңдеулердің соңында сепкіштермен 12-14 см тереңдіктерге топырақ диагностикаларына байланысты Р80-120 кг әсерлі заттар мөлшерлерінде фосфорлы тыңайтқыштарды сіңіру қажет.

Ылдилықтары 10° артық болған танаптарда тыңайған жерлердің ішінде сортаңданған топырақтардың көлемі 30% болған және олар ойдым-ойдым болып орналасқан жағдайларда, эрозиялық процестер байқалса, топырақтарының балл банитеттері төмен және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдері төмен учаскелерді әуелі сүрі жерлік өңдеулерден өткізу керек, сосын оларға көпжылдық шөптерді сеуіп мал шаруашылығы үшін жайылымдар немесе шабындықтар есебінде пайдаланған дұрыс.

Тыңайған жерлердің 80% жуығы қара топырақты аймақтарда орналасқан, оларды егіншілікке пайдалануға жарайды. Көпжылдық екпе шөптер себілетін және мал шаруашылығы үшін пайдаланатын тыңайған жерлердің 20% қара топырақты аймақтарда орналасқан. Су эрозиясы күшті дамыған учаскелерде міндетті түрде тыңайған жерлердей өңдеулерді жүргізу қажет, неге десең ол жерлерді одан кейін су шайып кетіп, ойдымды жыралардың пайда болуы әбден мүмкін.

Тыңайған жерлерді үнемдеп қолданудағы ұсыныс:



  • Сарғылт топырақты үлеске фосфор тыңайтқышы С3 – С2 сеялкасымен әр гектарға, 120-160 кг-нан 12-14см тереңдікке дейін тыңайтылады

  • Азот тыңайтқышын егер тыңайтылған жер 5 жылда 1-2 мәдени өсімдіктерінен кейін астық тұқымдастарына қоспаса да болады

  • Төртінші мәдени өсімдіктерден кейін астық және астықты бұршақ өсімдіктеріне қызғылт топыраққа азот тыңайтқышын N30 мөлшерінде қатарға қосылады

  • Тыңайған жерді қолдану үшін алдын ала парға қалдыру керек

  • Кәдімгі қарашірікті топырақты егістікте қолдану үшін бірінші жылы парға қою керек

  • Топырақты кәдімгі қарашірікпен тыңайтылған топырақты 5 жылдан артық қолданған болса, бірінші жылы гербицидпен өндеу жүргізу керек


6. ШАБЫНДЫҚ ПЕН ЖАЙЫЛЫМДЫ ҮНЕМДЕП ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Облыста жайылымның жалпы көлемі 6743,8 мың га болады, олардың ішінде 1381,1 мың га 20,5% жақсартылған, таза жайылым – 1406,9 – 20,7%. Жайылымының қалған бөлігі неактивті факторлар, оған жататындар: бұталы, орманды, кедір-бұдырлы, тасты жерлер – жалпы аумағы 2561,6 мың га немесе 38%, көптеген жайылымы тығыздалған – 1393,8 мың га немесе 20,7%. Мұнын себебі мал жайылымы дұрыс жүргізілмеген.

Облыста шалғындық жер – 268,5 мың га, оның 8,4 мың га жақсартылған және таза 223,6 мың га жатады. Шалғындықтың құнарсыз жерлері техникалық дақылдар үшін де жарамсыз.

Ақмола облысы бойынша табиғи азықтық үлескісі 4,1 мың га. Табиғи азықтық экологиялық жағдайы қанағаттандырылмайды.

Өнімділігі 60%-ға дейін төмендеген, ал далалы жерде 3,5 ц/га-дан аспайды, құрғақты далалы жерде 2-3 ц/га. Табиғи азықтық үлескіде деградация өсуде. 1991 жылы деградациялы шалғындық және жайылым 0,6 млн га, ал 2001 жылы – 1,3 млн га-ға жетеді.

Малшаруашылығында табиғи азықтық үлескіні сақтау, қалпына келтіру және өнімін көтеру мәселесін шешуде.

Қазіргі кезде шаруашылыққа қажетті жердің аумағы азайып, бұталы, тасты, арамшөпті жерлер толығымен деградацияға ұшыраған.

Сонымен 70%-ы деградацияланған өнімділігі 49%-ға дейін төмендеген.

1991 жылдан бастап облыста қара мал шаруашылығы 5 ретке дейін қысқартылған, сонымен қатар жайылымда оның өнімділігі де төмендеген.

Табиғи азықтық үлескісінде 50%-ға дейін өнімділігінің төмендеуі, мал жайылымының үнемдң, дұрыс пайдаланбауына байланысты.

Мал жайылымы елді жерге жақын маңайда жайылады. Кеңес уақытында да бұл жағдай еленбеген.

Шабындық пен жайылымды үнемдеп пайдалану жолдары:

Табиғи азықтық үлескіні саұтау және өнімділігін жақсарту жайылымды сақтаудағы міндеті артады. Ол үшін мал жайылымы, шөп шабу, жер өндеу белгілі бір жүйеде орындалады. Ол көп шығынды қажет етпейді және оны толығымен орындауға болады.

Табиғи азықтық үлескіде 1,6 млн га тұзды және шөлді топырақта кездеседі. Шөлді топырақтың құрамында ылғалдылығына, физико-химиялық құрамына, төмен өнімділігіне байланысты.

Облыстық, аймақтық табиғи азықтық үлескіні жақсарту шаралары:



  1. шөпшалғын, жайылымды, шалғындықты өндеу

  2. мал жайылымын жақсартуды ұйымдастыру

  3. жекелендірілген жайылымды, малшаруашылығының өнімділігін сақтау

  4. табиғи азықтық үлескіні жақсарту

  5. табиғи азықтық үлескіні тамырымен жақсарту

  6. лимондық тыңайту

  7. табиғи азықтық үлескіні геоботаникалық жолмен тексеру.

Шөлді тұзды жерлерді өндеу жолдары:



  • плантажирлеу немесе үш ярусты жерді жырту

  • донникті және житнякті 2-3см тереңдікке, бір га-ға 14-16 кг-нан қатарлап себу. Сепкеннен кейін сабанмен немесе қимен араластыру қажет

  • жыл сайын ерте көктемде қопсыту

  • жайылымға күш түсіруді сақтау

  • мал жайылымын жүйелендіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет