Бекітілген «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже



Дата03.07.2016
өлшемі109.5 Kb.
#175760


Ақтобе облыс әкімдігінің 2015 жылғы

______ ____________

№ ______ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН




«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
      1. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың аумағында мәдениет, мұрағат ісі және құжаттама салаларында мемлекеттік басқару және қызметтерді үйлестіру функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган, қайта ұйымдастырылған «Облыстық мәдениет басқармасы» мен «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің заңды мұрагері болып табылады және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың барлық (мүліктік және мүліктік емес) құқықтары мен міндеттерін өзіне қабылдайды.

      2. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамаға сәйкес өкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі орналасқан жері: 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

      Егер «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

13. Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқару жөніндегі уәкілетті органы және құрылтайшысы болып табылады.

14. Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкін мемлекеттік басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) болып табылады.

15. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері болмайды.

16. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері
17. Мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсету Ақтөбе облысының мұрағат қоры құжаттарын қолдану және есебін жүргізу, жинақтау, сақтауды қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметті ұсыну тиімділікті және оның сапасын арттыру «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып табылады.

18. Міндеттері:

1) облыс аумағында мәдениет, мұрағат ісінде және кұжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдайды;

3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасайды;

4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

5) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді және материалдық-техникалық базасын нығайтады;

6) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғайды және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

8) облыстың мемлекеттік мұрағаттарының сақтауына қабылданған ¥лттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;

9) облыстық мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

10) коммуналдық меншіктегі тарихи жэне мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғайды, оларды сақтайды мен пайдаланады;

11) құжаттардың ғылыми жэне практикалық құндылығына сараптама
жүргізуді ұйымдастырады.

19. Функциялары:

1)  облыстың мәдениет, театр, музыкалық өнер, мәдени демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында мемлекеттік ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ олардың қызметтерін үйлестіруді жүзеге асырады;

2) театр, музыка және кино өнерін, мәдени демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі облыстың мемлекеттік мәдени ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету және оларды үйлестіру, мәдениет саласындағы мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;

3) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

4) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен келісе отырып шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады;

5) облыстың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

6) мәдени құндылықтарды уақытша әкелу жөніндегі сарапшы комиссия құрады;

7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметін мониторинг жасауды жүзеге асырады және уәкілетті органға белгіленген үлгіде ақпарат, сондай-ақ статистикалық есептер береді;

8) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

9) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

10) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;


11) мәдени құндылықтарды уақытша әкелуге куәлік береді;

12) мәдениет қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапаттау туралы жоғары тұрған мемлекеттік органдарға өтініш білдіреді;

13) өз құзыреті шегінде мәдениет мәселелері бойынша мәдениет ұйымдары мен азаматтардың өтініштерін, хаттарын және мәлімдемелерін қарайды;

14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады;

15) облыстың аумағында мұрағат ісін дамыту жэне құжаттама жүргізудің өңірлік мемлекеттік бағдарламаларын іске асырады;

16) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының қүжаттары бойынша деректер қорын қалыптастырады;

17) облыстың аумағында орналасқан, ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын Ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасайды және бақылау жасайды;

18) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекітеді;

19) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдаланады;

20) облыстың тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинайды және


қайтарады;

21) Қазақстан Республикасы ұлттық мұрағат қорының


орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізеді жэне оның құрамы мен
мазмұны туралы ақпарат пен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ұлттық
мұрағат қорының құжаттарын пайдаланудың тәртібін айқындайды;

22) мұрағат қүжаттарын аса құнды жэне бірегей қүжаттарға жатқызу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру көшірмелерін жасау мен сақтаудың тәртібін айқындайды;

23) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тізімдерін бекітеді;

24) Мәдениет және мұрағаттар саласында үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру;

25) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

26) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      27) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

28) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге жүзеге асырады.

20. Құқықтары мен міндеттері:

1) мәдениет, тарихи-мәдени мұралар нысандарын қорғау және пайдалану, мұрағат ісі және құжаттама саласында нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізеді;

3) ведомствоға бағынысты ұйымдарға қатысты тиісті саланың органы болады;

4) мұрағат ісімен іс жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымдардың
жүмысына, сондай-ақ өз өкілеттіктері мен құзыретінің шегінде мұрағат ісі
саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуге қатысады;

5) гендерлік отбасылық - демографиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

6) өзінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес жүргізеді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы және міндетті.



3. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
      21. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.

      22. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

23. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:         

      1) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

3) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайды және босатады;

4) бекітілген штат саны, еңбекақы қоры шегінде «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі аппаратының штат кестесін бекітеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

6) Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс әкімі актілері мен тапсырмаларының орындалуына өз құзыреті шегінде бақылау жасайды;

7) облыстың ведомствоға бағынысты мәдениет және өнер мекемелерін қаржыландыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

8) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдануына дербес жауап береді;

«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының өкілеттіктерін атқару ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнына қалған адаммен жүзеге асырылады.



4. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі
      24. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

     «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
      27. «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Кеңес Одағының батыры Алия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ақтөбе облыстық өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Қарабұтақ ауылдық музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ «Байғанин аудандық музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Темір аудандық музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Мұғалжар аудандық тарихи - өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

19) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Мұғалжар ауданы ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

20) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ақтөбе облыстық Планетарий» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

21) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Облыстық Халық шығармашылығы үйi» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

22) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

23) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Облыстық «Алақай» қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

24) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

25) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ақтөбе облыстық тарихи - өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

26) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Руханият» Ақтөбе облыстық музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

27 ) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Облыстық Достық үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

28) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

29) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Қобыланды» мемориалдық кешен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

30) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

31) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Алға ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

32) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Әйтеке би ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

33) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Байғанин ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

34) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ырғыз ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

35) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Қарғалы ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

36) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Мәртөк ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

37) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Мұғалжар ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

38) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Ойыл ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

39) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Темір ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

40) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекет мекемесінің «Хромтау ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет