4. Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың өзге де мәселелері -
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Академияда даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды өткізуге арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарлайды.
-
Жергілікті атқарушы органдар қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды өткізуге арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарлайды.
-
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жоспарлайды.
Біліктілікті арттыру, шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыруды қоспағанда, мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметi) құрылған жағдайда, ол құрылымына кіретін мемлекеттік орган қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.
-
Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жіберген жағдайда, оған жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және оның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік қызметші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік қызметте еңбек қызметін жүзеге асырады, бұл ретте ол оқуды аяқтағаннан кейін кемінде бір жыл өзін оқуға тікелей жіберген мемлекеттік органда еңбек қызметін жүзеге асырады.
-
Оқу мерзімі тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында белгіленеді.
-
Егер мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыруды өндірістен қол үзе отырып өтсе, онда осы кезеңге оның жалақысы сақталады.
______________________________
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдары
-
Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу тәртібі мен мерзімін, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарын айқындайды.
-
Егер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастырудың тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедек, жүкті, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-ана болып табылатын, мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімі бойынша ғана жол беріледі.
Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
1. Жалпы ережелер -
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ротациялауды мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) жүзеге асырады.
-
Басқа жерге ротациялау кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшіге Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі.
-
Ротация мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
1) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
3) мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік және басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалану;
4) мемлекеттік қызметшілерді кәсіптік дамыту және олардың басқарушылық құзыреттерін жетілдіру.
-
Ротация шеңберінде мемлекеттік қызметшілерді лауазымдарға тағайындауды және (немесе) оларды лауазымдардан босатуды растайтын құжаттардың көшірмелері лауазымдарға тағайындалған және (немесе) лауазымдардан босатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелеріне беріледі.
2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне
ротация жүргізу тәртібі
-
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін (бұдан
әрі – «А» корпусының қызметшісі) ротациялау «А» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік лауазымдарына не мансаптық жоспарлау шеңберінде
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің арасында жүргізіледі.
-
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын «А» корпусының қызметшісін ротациялау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының ұсынуымен жүзеге асырылады.
-
«А» корпусының қызметшілерін ротациялау олардың
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (бұдан
әрі – «А» корпусының лауазымдары) қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда жүргізіледі.
-
Ротация мынадай схемалардың бірі бойынша жүргізіледі:
-
деңгейаралық («орталық – өңір», «өңір – орталық»);
-
өңіраралық («өңір – өңір»);
-
сектораралық («орталық – орталық»).
-
«А» корпусының қызметшілерін жоспарлы ротациялауды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсынымдары негізінде уәкілетті адам жүргізеді.
-
Уәкілетті адам «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін төрт айдан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға «А» корпусының қызметшісін ротациялау туралы ұсыныс енгізеді.
Егер Қазақстан Республикасы заңдарымен және Президентінің актілерімен өзге мерзім белгіленбесе, «А» корпусының қызметшісімен еңбек шарты, оны көрсетілген мерзімге бір реттен артық емес ұзарту мүмкіндігімен, төрт жыл мерзімге жасалады.
-
Уәкілетті орган ротациялау туралы енгізілген ұсыныстар бойынша «А» корпусының лауазымдарына кандидаттардың тізімін қалыптастырады және уәкілетті адамның қарауына жібереді.
-
Уәкілетті адам кандидаттар тізімінен ұсыныстар енгізілген әрбір лауазымға бір кандидатты таңдайды.
Уәкілетті адам қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесу өткізеді, уәкілетті органнан олардың білімі туралы мәліметтерді, олардың еңбек қызметі туралы құжаттың электрондық нұсқасын сұратады.
-
Таңдалған кандидаттар бойынша ұсыныстар уәкілетті органнан кандидаттар тізімі алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолданады.
-
Уәкілетті адам ұсыныстарды уәкілетті органға жібергеннен кейін таңдалған кандидаттарға бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
-
Уәкілетті адам ұсынылған кандидаттар тізімінен кандидатураны таңдамаған жағдайда, ол уәкілетті органнан кандидаттар тізімі алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті негіздеме ұсынады.
Мұндай жағдайда «А» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған адамдар қатарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
-
Уәкілетті адамдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті орган ұсыныстар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес «А» корпусының қызметшілерін ротациялау жоспарының жобасын қалыптастырады.
-
Уәкілетті орган осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген материалдарды уәкілетті адамдардан ұсыныстар алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органына жолдайды.
-
Ұлттық комиссияның жұмыс органы қажет болған жағдайда
«А» корпусының қызметшілерін ротациялау жоспарының жобасына
«А» корпусының қызметшісімен және уәкілетті адаммен келісім бойынша:
-
«А» корпусының қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелерін;
-
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелерін;
-
астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жыл сайынғы рейтингтерінің нәтижелерін;
-
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қорытындыларын және өзге де ақпаратты ескере отырып тиісті түзетулер енгізеді.
-
Ротациялау жоспарының жобасын келісуді оны Ұлттық комиссияның қарауына енгізгенге дейін Ұлттық комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
-
Егер Ұлттық комиссияның шешімімен өзгеше белгіленбесе, Ұлттық комиссияның жұмыс органы осы Қағидалардың 17 және
20-тармақтарында көрсетілген материалдарды Ұлттық комиссияның қарауына «А» корпусы қызметшілерінің еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей енгізеді.
-
Ұлттық комиссия материалдарды қарайды және:
-
«А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын ұзарту туралы;
-
«А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын бұзу туралы;
3) «А» корпусының қызметшісін ротациялау туралы;
4) «А» корпусының қызметшісімен еңбек шартын бұзу және оны екі жыл мерзімге «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы ұсынымдар шығарады.
-
Ұлттық комиссия қажет болған жағдайда «А» корпусының қызметшісімен әңгімелесу өткізеді.
-
Ұлттық комиссия мақұлдаған «А» корпусының қызметшілерін ротациялау жоспары уәкілетті адамдарға жолданады.
-
Мақұлданған ротациялау жоспары шеңберінде «А» корпусының қызметшілерін тағайындау «А» корпусының қызметшілерімен еңбек шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.
-
Егер «А» корпусының қызметшісі ротация тәртібімен үміттенетін лауазым ротация жүргізу кезінде бос болмаса, онда «А» корпусының қызметшісі көрсетілген лауазым босағанға дейін атқаратын лауазымында жұмысын жалғастырады.
Бұл ретте, «А» корпусы қызметшісінің еңбек шартының қолданылу мерзімі ол үміттеніп отырған лауазым босағанға дейін аяқталса, онда бұл мерзімді уәкілетті адам онымен үміттеніп отырған лауазымда жаңа еңбек шарты жасалғанға дейін ұзартылады.
-
«А» корпусының қызметшілерімен еңбек шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін ротациялау жоспарын мақұлдау туралы Ұлттық комиссияның шешімі болмаған жағдайда, Ұлттық комиссия не Ұлттық комиссия осындай шешім қабылдауға құқық берген жағдайда, – уәкілетті адам тиісті шешім қабылдағанға дейін олар атқаратын лауазымында жұмысын жалғастырады.
-
«А» корпусының қызметшілерін тағайындау, қолданыстағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, мақұлданған ротациялау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
-
«А» корпусының қызметшісін ротациялау - ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда, егер «А» корпусының соңғы атқаратын лауазымында болу мерзімі кемінде бір жылды құрайтын болса, жүргізілуі мүмкін.
-
«А» корпусының қызметшісіне қатысты ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда ротациялау, оның «А» корпусының соңғы атқаратын лауазымында болу мерзімі бір жылдан кем болса, Ұлттық комиссияның келісімімен жүргізіледі.
-
«А» корпусының қызметшісін ротациялау - ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік орган ішіндегі жоғары тұрған, төмен тұрған немесе тең мәндегі «А» корпусының лауазымдарына не басқа мемлекеттік органға жүзеге асырылады.
-
«А» корпусының қызметшісінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде, ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда ротациялауға жол берілмейді.
-
«А» корпусының қызметшісіне ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда ротациялау жүргізген жағдайда, «А» корпусының қызметшісімен оны ротациялау жүргізілгенге дейін жасалған еңбек шартының қалған мерзіміне жаңа еңбек шарты жасалады.
-
Ротациялау жоспарында көзделмеген жағдайларда,
«А» корпусының қызметшісін мемлекеттік орган ішіндегі жоғары тұрған
«А» корпусының лауазымына және басқа мемлекеттік органдағы
«А» корпусының лауазымына ротациялау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің немесе уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
Ол үшін уәкілетті адам:
-
«Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес лауазымға тағайындау және лауазымнан босату жүзеге асырылатын лауазымдарға орналасуға үміткер
«А» корпусының қызметшілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері лауазымдарына орналасуға үміткер
«А» корпусының қызметшілерін ротациялау туралы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қарауына ұсыныс енгізеді. «А» корпусының лауазымына тағайындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша жүзеге асырылатын жағдайда, уәкілетті адаммен алдын ала тиісті келісу қамтамасыз етіледі;
-
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, «А» корпусының лауазымына орналасуға үміткер «А» корпусының қызметшілерін ротациялау туралы – уәкілетті органның қарауына ұсыныс енгізеді.
-
«А» корпусының қызметшісіне ротациялау жоспарында көзделмеген ротация жүргізілген жағдайда, уәкілетті адам Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің немесе уәкілетті органның қарауына мынадай материалдарды енгізеді:
-
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
«А» корпусының қызметшісіне ұсыну;
-
«А» корпусы қызметшісінің қызметтік тізімі.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе уәкілетті орган осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген материалдарды қараудың қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдардың бірін шығарады:
-
лауазымға тағайындау;
-
лауазымға тағайындаудан бас тарту.
3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне
ротация жүргізу тәртібі
-
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін (бұдан
әрі – «Б» корпусының қызметшілері) ротациялау:
1) мемлекеттік орган ішіндегі, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, В-3, С-1, С-О-1 санаттарына жататын қызметшілер;
2) тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде
D-O-1 санатына жататын қызметшілер арасында жүргізіледі.
-
«Б» корпусының қызметшілерін ротациялау соңғы атқаратын лауазымда болу мерзімі кемінде үш жыл болған жағдайда жүргізіледі.
«Б» корпусы қызметшісі ротациядан бас тартқан жағдайда уәкілетті адамның шешімі бойынша оның осы лауазымда болу мерзімі тағы үш жылға ұзартылуы мүмкін, бұл мерзім аяқталған соң «Б» корпусының қызметшісі міндетті түрде ротациялауға жатады.
-
Персоналды басқару қызметі немесе персоналды басқарудың бірыңғай кадр қызметі ротация мерзімі басталғанға дейін төрт айдан кешіктірмей ротацияға жататын «Б» корпусы әкімшілік қызметшілерінің тізімін қалыптастырады және оны уәкілетті адамның қарауына енгізеді.
-
«Б» корпусының қызметшілерін ротациялау осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша персоналды басқару қызметі немесе бірыңғай персоналды басқару қызметі жасайтын және уәкілетті адам бекітетін «Б» корпусының әкімшілік қызметшілерін ротациялау жоспарына (бұдан әрі – Ротациялау жоспары) сәйкес жүргізіледі.
-
Уәкілетті адам Ротациялау жоспары енгізілген күннен бастап екі аптадан кешіктірілмейтін мерзімде, ротацияланатын қызметшілерді тиісті лауазымдар/позициялар бойынша бөлуге қатысты шешім қабылдайды.
-
Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі немесе облыстың бірыңғай кадр қызметі ротацияланатын қызметшілерді ротациялау жоспары мақұлданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей онымен таныстырады.
-
Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі немесе облыстың бірыңғай кадр қызметі ол мақұлдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай материалдарды келісуге жолдайды:
-
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
«Б» корпусының қызметшісіне ұсыну;
-
«Б» корпусы қызметшісінің қызметтік тізімі.
-
Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі күнтізбелік бес күн ішінде осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген материалдарды қараудың қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдардың бірін шығарады:
1) лауазымға тағайындауға келісу;
2) лауазымға тағайындауға келісуден бас тарту.
Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі ротациялау туралы шешімді келіскен жағдайда үш жұмыс күні ішінде лауазымға тағайындау туралы тиісті акт шығарылады.
_________________________
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзіміне, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына
1-ҚОСЫМША
___________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
______ жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу
ЖОСПАРЫ
|
Ротация көзделетін мемлекеттік әкімшілік қызметтің лауазымдары
|
Аталған лауазымда отырған мемлекеттік қызметшінің Т.А.Ә, лауазымда болу мерзімі
|
Ротациялау тәртібімен лауазымға тағайындалатын қызметшінің Т.А.Ә, лауазымда болудың жоспарлы мерзімі
|
Ротациялау тәртібімен лауазымға тағайындалатын қызметшінің басқа жерге көшу қажеттілігі
|
Ротациялауға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің отбасы жағдайы, отбасы мүшелерінің саны
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
|
_________________________
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзіміне, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына
2-ҚОСЫМША
Достарыңызбен бөлісу: |