(«А» корпусының лауазымдарына тағайындауға және лауазымдарынан босатуға құқығы бар адам (орган) толтырады)
«А» корпусы қызметшісінің Т.А.Ә. ___________________________
Еңбек шартының аяқталатын күні ___________
«А» корпусының қызметшісін соңғы үш жыл (не лауазымда болу мерзімі) ішіндегі бағалау нәтижелері ____________________________________________________________________
Ротациялау шеңберінде ұсынылған лауазым (көрсетілетін лауазым, мемлекеттік орган және/немесе өңір саны үштен аспайды):
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
Егер ротациялау шеңберінде лауазым ұсынылмаса, себептерін көрсету ______
____________________________________________________________________
Келісемін: ___________________________________________________________
«А» корпусы қызметшісінің қолы, Т.А.Ә.
____________________________________________________________________«А» корпусының лауазымдарына тағайындауға және лауазымдарынан босатуға құқығы бар адамның Т.А.Ә. (органның атауы) __________________________________________________________
«А» корпусының лауазымдарына тағайындауға және лауазымдарынан босатуға құқығы бар адамның қолы (органның мөрі)
________________________________
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзіміне, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына
3-ҚОСЫМША
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне
ҰСЫНУ
(«Б» корпусының лауазымдарына тағайындауға және лауазымдарынан босатуға құқығы бар адам (орган) толтырады)
«Б» корпусы қызметшісінің Т.А.Ә. ___________________________
Еңбек шартының аяқталатын күні ___________
«Б» корпусының қызметшісін соңғы үш жыл ішіндегі бағалау нәтижелері ____________________________________________________________________
Ротациялау шеңберінде ұсынылған лауазым (көрсетілетін лауазым, мемлекеттік орган және/немесе өңір саны үштен аспайды):
1) __________________________________________________________________
2) __________________________________________________________________
3) __________________________________________________________________
Егер ротациялау шеңберінде лауазым ұсынылмаса, себептерін көрсету ______
____________________________________________________________________
Келісемін: ___________________________________________________________
«Б» корпусы қызметшісінің қолы, Т.А.Ә.
____________________________________________________________________«Б» корпусының лауазымдарына тағайындауға және лауазымдарынан босатуға құқығы бар адамның Т.А.Ә. (органның атауы) __________________________________________________________
«Б» корпусының лауазымдарына тағайындауға және лауазымдарынан босатуға құқығы бар адамның қолы (органның мөрі)
__________________________________
ҚазақстанРеспубликасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану
ҚАҒИДАЛАРЫ
-
Осы Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 10-тармағына және 60-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібін айқындайды.
1-бөлім. Мемлекеттік саяси қызметшілердің
тәртіптік жауаптылығы
1. Жалпы ережелер
-
Мемлекеттік саяси қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, орындамауы кінәліктен немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны (бұдан әрі – тәртіптік теріс қылық) үшін мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жаза қолданылады.
2. Тәртіптік жазалар қолдану тәртібі
-
Мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жазаны жоғары тұрған лауазымды адам (орган) немесе тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) қолданады.
-
Тәртіптік жаза:
1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерге - олардың өз бастамасымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының, Қазақстан Республикасы Президенті уәкілеттік берген өзге лауазымды адамдардың немесе мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қолданылады;
2) Әкімшілік басшысы тағайындаған Президент Әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметшілеріне – Әкімшілік басшысы өз бастамасымен немесе Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының немесе мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметіне жетекшілік ететін лауазымды адамдардың ұсыныстары бойынша қолданады;
3) Премьер-Министр Кеңсесі мен орталық атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілеріне – Үкімет немесе Премьер-Министр өз бастамасымен не тиісінше Кеңсе басшысының, Үкімет мүшелерінің ұсыныстары бойынша қолданады;
4) Парламент палаталары аппараттарының мемлекеттік саяси қызметшілеріне – осы палаталардың бюролары палаталар төрағаларының ұсыныстары бойынша қолданады;
5) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілеріне – осы атқарушы органдардың жоғары тұрған басшылары қолданады;
6) өзге мемлекеттік саяси қызметшілерге – өз бастамасымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсыныстары бойынша мемлекеттік органдардың басшылары қолданады.
-
Тәртіптік жаза қолданылғанға дейін қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
-
Кінәліден теріс қылық жасағаны туралы жазбаша түсініктеме талап етілуге тиіс.
-
Кінәлінің түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.
Жаза қолданылған мемлекеттік саяси қызметшіні тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қолданылған тәртіптік жаза туралы қолын қойдырып хабардар етеді.
Тәртіптік жаза қолдану туралы актімен жаза қолданылған мемлекеттік саяси қызметшіні таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оған актінің көшірмесін хабарламалы хатпен жолдайды.
Жаза қолданылған мемлекеттік саяси қызметші тәртіптік жаза қолдану туралы актімен танысудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оны жазбаша нысанда тіркейді.
-
Тәртіптік жаза мемлекеттік саяси қызметшіге тиісті мемлекеттік органның отырысында, оның алқа отырысында немесе осы жазаны қолданған лауазымды адам айқындаған қызметшілердің қатысуымен жариялануы мүмкін.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер және олардың орынбасарлары жол берген қызметтік әдеп нормаларының бұзылуын, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия) қарауы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзу туралы ұсынымдар, сондай-ақ лауазымды адамдарды лауазымынан босатуға дейiн тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері жол берген қызметтік этика нормаларының бұзылуын, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері қарайды, олар қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы ұсынымдар, сондай-ақ лауазымды адамдарды лауазымынан босатуға дейінгі тәртіптік жауаптылыққа тартутуралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Қызметтік тергеп-тексеру тәртіптік жаза қолдануға уәкiлеттi адамның тапсырмасы бойынша жүргiзiледi.
-
Тәртіптік жазаны қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұра алмайды.
-
Тәртіптік жаза мынадай актілер шығару арқылы қолданылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы немесе өкімі;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге уәкілетті лауазымды адамдардың бұйрықтары немесе заңдарда көзделген өзге актілер.
-
Тәртіптік жаза қолдану туралы актіде жаза қолданылып отырған теріс қылық, жазаның түрі және ол қолданылатын адам көрсетіледі.
-
Тәртіптік жаза қолдану туралы мәлiметтер мен актілерді мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) мемлекеттік саяси қызметшiнiң қызметтік тiзiмiне енгiзу арқылы есепке алуға тиіс.
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген мемлекеттік саяси қызметшiлерге мемлекеттiк орган басшысы қолданған жазалар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкілеттi органға персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) мiндеттi түрде табыс етуге тиiс.
-
Егер жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік саяси қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
Мемлекеттік саяси қызметшінің лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жазаның алынуы оның бұрын атқарған лауазымына қайта орналасуына алып келмейді.
-
Мемлекеттік саяси қызметшіге бірнеше жаза қолданылған жағдайда, мерзімі бойынша соңғы жаза қолданылған күннен бастап ол алты ай өткенге дейін жазалы болып есептеледі.
-
Егер мемлекеттік саяси қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және сонымен қатар өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейін алынуы мүмкін.
-
Мемлекеттік саяси қызметшінің лауазымды міндеттері тоқтатылған күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза осы міндеттер тоқтатылған күннен бастап алынған болып есептеледі.
-
Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды:
1) оны қолданған лауазымды адам немесе жоғары тұрған лауазымды адам жүргізеді;
2) ол тиісті актімен жүргізіледі, бұл туралы қызметшіге тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жариялайды.
-
Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау үшін жаза қолданылған қызметшінің тікелей басшысы уәкілетті адамға тиісті өтінішхат жолдайды.
-
Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, егер жаза Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымымен қолданылған болса, тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау оның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
2-бөлім. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің
тәртіптік жауаптылығы
-
Жалпы ережелер
-
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерін, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдерін қоспағанда, «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртiптiк жауаптылығын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) не оның тапсырмасы бойынша облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы (бұдан әрі – Өңірлік кадр комиссиясы) қарайды.
-
Қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарды, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол беруді қоспағанда, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерінің, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандар әкімдерінің тәртiптiк жауаптылығын Өңірлік кадр комиссиясы қарайды.
-
Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылығына қатысты фактілерді зерттеу және осы Қағидаларда көзделген тиісті ұсынымдарды шығару үшін мемлекеттік органда тәртіптік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
-
Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген В-1, С-1, С-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшiлердің тәртiптiк жауаптылығын мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдарды тұжырымдайтын Әдеп жөніндегі комиссиясы (бұдан әрi – Әдеп жөніндегі комиссия) қарайды.
Әдеп жөніндегі комиссия туралы ережені уәкiлеттi орган бекітеді.
-
Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелерінің, облыстық маңызы бар қалалар, облыстардың аудандары және қалалардағы аудандар әкімдерінің, С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2,
D-О-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі кеңес) қарайды.
-
Бiр тәртiптiк іс жүргізудің шеңберінде әртүрлi санаттағы бiрнеше мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң терiс қылықтарын қарау қажет болған жағдайларда, тәртіптік жауаптылықты қызметшiнiң тәртіптік терiс қылықтарын қарау құқығы, неғұрлым жоғары мәртебесі (санаты) бар орган немесе лауазымды адам қарайды.
-
Тәртіптік терiс қылықтар мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) елеусiз;
2) елеулi;
3) өрескел.
Тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік әкімшілік қызметшi жасаған немесе бұрын қолданылған жаза алып тасталғаннан кейін жасаған теріс қылық елеусіз теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылады.
Алып тасталмаған ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрiнде қолданылған жаза болған кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi жаза қолданылады. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес негіздер бойынша қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол берілген жағдайларда, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза алынбаған тәртіптік жазаның болуына қарамастан қолданылады.
Жасағаны үшiн қолданыстағы еңбек заңнамасына, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес негiздер бойынша қызметтен шығару көзделген теріс қылық не мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымын төмендету немесе қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi алынбаған жазасы бола тұра жасалған терiс қылық өрескел терiс қылық болып табылады, ол үшін атқаратын лауазымынан босату түрiндегi жаза қолданылады.
-
Осы Қағидалардың 21, 22, 24, 25-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік теріс қылықтары туралы мәліметтер уәкілетті адамға белгілі болған жағдайда, олар құзыретіне сәйкес Ұлттық комиссияға, Әдеп жөніндегі комиссияға, Өңірлік кадр комиссиясына немесе Әдеп жөніндегі кеңеске үш жұмыс күні ішінде қайта жолдауға жатады.
2. Тәртіптік жазаларды қолдану негiздерi мен жағдайлары
-
Мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тәртіптік терiс қылық жасауы тәртіптік жаза қолдану үшiн негiз болып табылады.
-
Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшіге уәкілетті адам Заңда көзделген тәртіптік жазаларды қолдануы мүмкін.
-
Тәртіптік жаза жасалған тәртіптік терiс қылықтың ауырлығына, оны жасаған адамның кiнәсiнiң дәрежесiне сәйкес келуге тиiс.
-
Тәртіптік жазаның түрiн айқындаған кезде:
1) терiс қылықтың мазмұны мен сипаты;
2) терiс қылық жасалған кездегі мән-жай (орны, уақыты, әдісі және оны жасаудың өзге де мән-жайлары), мемлекеттік әкімшілік қызметшінің кінәсі;
3) жасалған терiс қылық әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiнкелеңсiз зардаптар;
4) оны жасаған адамның бұрынғы мiнез-құлқы;
5) тиісті қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесі;
6) мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар жинақтала есепке алынады.
-
Мемлекеттік әкімшілік қызметшiтерiс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсiнiктеме талап етiледi.
-
Мемлекеттік әкімшілік қызметшi елеусiз терiс қылық жасаған жағдайда, егер жазбаша түсiнiктемесiнде ол осы терiс қылықты жасау фактісімен келiссе, онда уәкілетті адамның қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзбей ескерту, сөгiс немесе қатаң сөгiс түрiндегi жаза қолдану құқығы бар.
-
Мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда уәкілетті адамның бұйрығы бойынша осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуге тиiс.
-
Мемлекеттік әкімшілік қызметшi жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не уәкілетті лауазымды адамдар тиісті акт жасайды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге кедергі болып табылмайды.
-
Лауазымын төмендету, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы және атқаратын лауазымынан босату түрiндегi тәртіптік жазалар жүргiзiлген қызметтiк тергеп-тексерудің нәтижелерi бойынша Комиссияның тиiстi ұсынымдарына сәйкес қолданылады.
-
Егер тәртіптік теріс қылықты мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған адам жасаса, оған бекітілген тәлімгерден теріс қылық жасау фактісі бойынша жазбаша түсініктеме талап етіліп, ол Комиссия отырысында оның мүшелерінің назарына жеткізіледі.
-
Уәкілетті адам Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары мен материалдарын қараған кезде қызметтік тергеп-тексерулер жүргізілмейді.
Уәкілетті адам Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымына сәйкес он жұмыс күні ішінде тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы Ұлттық комиссияға, Әдеп жөніндегі комиссияға, Өңірлік кадр комиссиясына немесе Әдеп жөніндегі кеңеске үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
-
Бiрнеше мемлекеттік қызметшi бiрлесiп тәртіптік терiс қылық жасаған кезде тәртіптік жаза әрбір қызметшіге жеке қолданылады.
-
Жасалған тәртіптік терiс қылық үшiнбiр ғана тәртіптік жаза қолданылады.
-
Мемлекеттік әкімшілік қызметшiге тәртіптік жаза қолдану, егер оның іс-әрекетінде басқа жауаптылық түрлері байқалса, оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жауаптылық түрлерiнен босатпайды.
3. Қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзу тәртiбi
-
Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы туралы материалдарды және мәліметтерді оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті айқындау мақсатында жинау мен тексеру жөніндегі қызмет болып табылады.
-
Мемлекеттік әкімшілік қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамға (бұдан әрі – лауазымды адам) оның теріс қылық жасағаны жөнінде мәлім болған күн тәртіптік теріс қылықтың анықталу күні болып саналады.
-
Тәртіптік жаза қолданған кезде Заңның 44-бабының 5, 6,
7-тармақтарында көзделген талаптар ескеріледі.
-
Қызметтiк тергеп-тексеру уәкілетті адамның бұйрығымен тағайындалады және персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу туралы актіні шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде жүргiзедi. Бұл ретте, мүдделер қақтығысының болуы не олардың тәртіптік жауаптылығын бір тәртіптік іс жүргізу шеңберінде қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тікелей басшысы қызметтік тергеп-тексеруге тартылады.
Қажет болған жағдайда қызметтік тергеп-тексеруге өзге мемлекеттік қызметшілер тартылады, сондай-ақ қызметтiк тергеп-тексеруді жүргізу өзге құрылымдық бөлімшеге, персоналды басқару қызметiнің (кадр қызметінің) қызметкерін тарта отырып, жүктелуі мүмкін.
-
Комиссия құрамына кіретін адамдар қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге тартылмайды.
-
Уәкілетті адамның осындай қызметтiк тергеп-тексеруді тағайындау туралы актісі болмаса, тергеп-тексерулерді жүргiзуге жол берiлмейдi.
-
Қызметтiк тергеп-тексерулер:
1) мемлекеттiк әкімшілік қызметшiнiң еңбекке уақытша жарамсыздығы;
2) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің демалыста немесе iссапарда болуы;
3) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау уақытында өз міндеттерін орындаудан босатылуы;
4) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болуы;
5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның сот тәртібімен шағым жасауы кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Қызметтiк тергеп-тексеру уәкілетті адамның шешімімен тоқтатылады және қайта жалғастырылады.
-
Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер осы Қағидаларда белгiленген мерзiмде және тәртiппен Ұлттық комиссия төрағасының шешімімен тағайындалады.
Ұлттық комиссияның төрағасы қызметтік тергеп-тексеруді жүргізетін адамдардың құрамына Ұлттық комиссияның жұмыс органының не мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілетті органның өкілін қоса отырып, қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді олардың құзыреттеріне сәйкес тиісті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға тапсыруы мүмкін.
-
Осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер осы Қағидаларда белгiленген мерзімде және тәртiппен Өңірлік кадр комиссиясы төрағасының шешімімен тағайындалады.
Өңірлік кадр комиссиясының төрағасы қызметтік тергеп-тексеруді жүргізетін адамдардың құрамына Өңірлік кадр комиссиясының жұмыс органының өкілін енгізе отырып, қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді құзыретіне сәйкес тиісті мемлекеттік органға не лауазымды адамға тапсыруы мүмкін.
-
Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен тағайындалады және осы Қағидаларда белгiленген мерзiмде және тәртiппен мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүргiзедi.
Қажет болған жағдайда мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзудi мемлекеттiк органның өзінің персоналды басқару қызметiне (кадр қызметіне) мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілетті органның өкілін қатыстыра отырып тапсыруы мүмкiн.
-
Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтары бойынша қызметтiк
тергеп-тексерулер осы Қағидаларда белгiленген мерзімде және тәртiппен Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының шешімімен тағайындалады және осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, оның жұмыс органы жүргiзедi.
-
Осы Қағидалардың 21, 22 және 24-тармақтарында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердің тәртiптiк терiс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер, егер олар жазбаша түсiнiктемелерiнде терiс қылықпен келiссе, тағайындалмауы мүмкін.
Бұл жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты материалдар Ұлттық комиссия төрағасының, мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының, Өңірлік кадр комиссиясы төрағасының шешімімен лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамға қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза қолдану үшін жолданады.
-
Мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң терiс қылық жасауы туралы мәлiметтер: жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдардың материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, қызметтiк жазбахаттар не тәртіптік теріс қылық жасаған адам жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынымдары және өзге де материалдар болып табылады.
Материалдар жазбаша, сол сияқты өзге нысанда тіркелген мәлiметтердi, оның ішінде бейнематериалдарды қамтуы мүмкiн.
-
Қызметтiк тергеп-тексеру барысында персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар терiс қылықтың жасалу мән-жайларына қатысты барлық материалдар мен мәлiметтердi және тергеп-тексерудiң өзге де негiздерiн жан-жақты әрi толық жинап, материалдарды тиісті дәлелді қорытындымен Комиссияның қарауына ұсынады.
-
Ұлттық комиссия, Әдеп жөніндегі комиссия, Өңірлік кадр комиссиясы, Әдеп жөніндегі кеңес немесе Комиссия терiс қылық туралы материалдарды қарағанға дейiн персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметшiден жазбаша түсiнiктеме талап етеді.
-
Өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлiп жатқан мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартуы қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі кеңестің, Комиссияның қарауына жiберуге және жаза қолдану туралы шешiм қабылдауға кедергi бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) жұмыскері не уәкiлеттi лауазымды адамдар жазбаша түсініктеме беруден бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
-
Өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылығы қаралатын мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен өз қолын қойып танысудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) жұмыскерлерi не уәкiлеттi лауазымды адамдар тиісті акт жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |