Бекітілген мемлекеттік қызметшілердің ант беру


Тәртiптiк комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртiбi



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#133850
1   2   3   4   5

4. Тәртiптiк комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртiбi


  1. Комиссия уәкілетті адамның актісімен қалыптастырылады және мемлекеттiк органның қызметкерлері қатарынан құрылатын Комиссия төрағасынан, мүшелерінен тұрады.

Комиссия мүшелерінің жалпы саны, төрағаны қоса алғанда, тақ санды құрауға және комиссия құрамы мемлекеттік органның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен құрылуға тиіс.

Орталық атқарушы органдарда жауапты хатшы Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, төрағаны қоса алғанда, кемінде бес мүшеден тұратын құрамын жасақтайды, оның үштен екісі құрылымдық бөлімшелердің өкілдерінен құрылуға тиіс. Комиссияның төрағасы оның мүшелері қатарынан сайланады.

Штат саны елу бірліктен кем мемлекеттік органдар үшін үш мүшеден тұратын Комиссия қалыптастыруға жол беріледі.

Персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) басшысы айқындайтын персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) өкiлi Комиссияның хатшысы болып табылады. Комиссия жұмысының барлық материалдары персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметінде) сақталады. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

Мемлекеттік органның басшысы және басшы орынбасары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, сондай-ақ уәкілетті адамдар Комиссия құрамына кірмейді.


  1. Өзiнiң жақын туысы немесе жекжаты болып табылатын қызметшiге қатысты немесе Комиссия мүшесiнiң осы тергеп-тексеруге тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi болса, Комиссия мүшесi тәртіптік терiс қылыққа қатысты қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарауға және фактілерді зерттеуге қатыспайды.

Комиссия мүшесінде қызметтік тергеп-тексеру бойынша тікелей немесе жанама мүдделілік болған жағдайда, бұл туралы ол мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге міндетті.

  1. Комиссия өз отырысында қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарайды және тәртіптік терiс қылыққа қатысты фактілерді зерттейдi, өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң және тергеп-тексеру жүргiзген персоналды басқару қызметiнің (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды. Комиссияның куәларды тыңдауға және терiс қылыққа қатысы бар кез келген фактілерді зерттеуге де құқығы бар. Отырыс өткiзiлетiнкүндi төраға айқындайды, ол туралы персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) Комиссия мүшелері мен мемлекеттік әкімшілік қызметшiні хабардар етеді.

Комиссия отырысында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, егер өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылығы қаралатын мемлекеттік әкімшілік қызметші отырыс өткiзілгенге дейiн кемінде үш жұмыс күні бұрын Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе және аталған материалдармен таныстырылса, оның қатысуынсыз өтуі мүмкiн.

  1. Осы Қағидаларда тиісінше хабарлау деп мемлекеттік әкімшілік қызметшіні тікелей өзіне жұмыс орны бойынша хатпен немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолын қойғызып, не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, тапсырыс хатпен немесе жеделхатпен табыс етілетін хабарлау танылады.

Тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтік тергеп-тексеру кезінде өзінің мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі өзгерген жағдайда бұл туралы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жазбаша хабарлайды.

Мұндай хабарлама болмаған жағдайда, хабарлау, шақыру соңғы белгілі мекенжайға, ұялы байланыстың абоненттік нөміріне және, егер қызметші бұл мекенжайда енді тұрмаса немесе жоқ болса да, осы ұялы байланыстың абоненттік нөмірін пайдаланбайтын болса да, жеткізілді деп саналады.



  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметші Комиссияның отырысына қатысудан жазбаша түрде бас тарта алады.

  2. Комиссия отырысы оған Комиссия мүшелерiніңкемiнде төрттен үшi қатысса, құқықты болып саналады.

  3. Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау кезінде Комиссия мынадай мәселелерді:

1) қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарау үшін негіз болып отырған нақты іс-әрекет (әрекетсіздік) орын алғанын-алмағанын;

2) бұл іс-әрекеттiң (әрекетсіздіктің) теріс қылық болып табылатынын-табылмайтынын және ол Қазақстан Республикасының қандай заңнамасы нормаларын бұза отырып жасалғанын;

3) мемлекеттік әкімшілік қызметші осы тәртіптік теріс қылықты жасағанын-жасамағанын;

4) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің осы теріс қылықты жасауда кiнәсібайқалатынын-байқалмайтынын;

5) мемлекеттік әкімшілік қызметшіні тәртіптік жауаптылыққа тарту мерзімдерінің сақталғанын-сақталмағанын;

6) мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен танысқанын-таныспағанын;

7) мемлекеттік әкімшілік қызметшіге қатысты тәртіптік жазаның қандай түрін белгілеу ұсынылатынын-ұсынылмайтынын;

8) осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген өзге де мән-жайларды шешеді.



  1. Комиссия отырысының барысы Қағидалардың 66-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша Комиссия шешімдері тіркелетін хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды, содан кейін персоналды басқару қызметі өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылығы қаралатын қызметшіні таныстырады.

Хаттамаға отырыстың дәлжазбасы қоса берілуі, сондай-ақ отырыс барысы техникалық құралдар арқылы тіркелуі мүмкін. Тәртіптік жауаптылық мәселелерін қарау мемлекеттік құпияларды қамтитын жағдайларды қоспағанда, отырыс уақытында мемлекеттік әкімшілік қызметші техникалық жазба құралдарын пайдалана алады. Техникалық жазба құралдарын пайдалану конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс.

Комиссияның техникалық құралдарды қолданғаны туралы Комиссия отырысының хаттамасында белгі жасалады.



  1. Комиссия ұсынымдары ашық дауыс беру жолымен қабылданады және уәкілетті адамға жiберіледi. Комиссия мүшелерi дауыс беру кезiнде қалыс қалмайды және отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады.

Комиссияның қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді.

  1. Көпшіліктің шешімімен келіспеген Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіре алады, оны Комиссия төрағасына ұсынады және оны Комиссия отырысының хаттамасына тіркейді.

  2. Тәртіптік терiс қылық жасалғанын растайтын фактілер болған жағдайда, Комиссия жаза қолданудың орындылығы мен оның түрi туралы уәкілетті адамға ұсыным береді.

Жеткілікті негіздер болған жағдайда, Комиссия ұсынымдарда қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарау барысында белгіленген заң бұзушылық фактілерін, теріс қылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен шарттарды және қабылдау үшін қажет шараларды көрсетеді.

  1. Комиссия өз жұмысында мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасайды және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жұмысы туралы есептер бередi.



5. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртiбi


  1. Уәкілетті адам мынадай шешiмдер қабылдайды:

  1. тиiстi тәртіптік жаза қолданады;

  2. жазаны қолдану мерзімдері шегінде материалдарды қосымша қызметтiк тергеп-тексеруге жiбередi;

  3. тәртіптік жаза қолданбайды.

  1. Қосымша қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын өзге құрамдағы Комиссия қарайды.

  2. Жаза қолданылған адамды қолданылған тәртіптік жаза туралы тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қолын қойдырып, жазаның қолданылуы туралы акт шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Жаза қолданылған адам өз қолын қойып танысудан бас тартқан жағдайда, бұл туралы жаза қолдану туралы актіге тиісті жазба жасалады не акт жасалады.

Жаза қолданылған адамды тәртіптік жаза қолдану туралы актімен таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оған актінің көшірмесін хабарламалы хатпен жолдайды.

  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiге қатысты қолданылған тәртіптік жаза тиiстiмемлекеттiк органның отырысында, оның алқасында немесе осы жазаны қолданған уәкілетті адам айқындайтын қызметшiлердiң қатысуымен жариялануы мүмкін.

  2. Егер қызметтiк тергеп-тексеру нәтижесiнде мемлекеттік әкімшілік қызметшi қылмыстық әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгiлерi бар ықтимал iс-әрекетке жол бергенi туралы қорытынды жасалса, уәкілетті адам құқық қорғау немесе өзге органдарға жинақталған материалдарды дереу жолдайды.

Құқық қорғау органы мемлекеттік қызметшіге қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан жағдайда, бірақ оның әрекетінде тәртіптік теріс қылық белгілері бар болса, іс бойынша материалдар уәкілетті органға жолданады.

  1. Тәртіптік жаза уәкілетті адамның бұйрықтарын, өкiмдерiн шығару арқылы қолданылады.

  2. Тәртіптік жаза қолдану туралы актiде жаза қолданылатын адам, жасағаны үшін жаза қолданылып отырған терiс қылық және жазаның түрiкөрсетiледi.

  3. Персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) тәртіптік жаза қолдану туралы актіні тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына және мемлекеттік органның басшылығына танысу үшін жолдайды.

  4. Алынбаған тәртіптік жазалар туралы мәлiметтер мен актiлерді мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) қызметшiнiң қызметтiк тiзiмiне енгiзу арқылы есепке алуға тиiс.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған қызметшiлерге уәкілетті адам қолданған жазалар туралы мәлiметтердi персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға мiндеттi түрде табыс етуге тиіс.

  1. Тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай iшiнде мемлекеттік әкімшілік қызметшiге жаңа жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымын төмендету түріндегі жазаның алынуы оның бұрын атқарған лауазымына қайта орналасуына алып келмейді.

  1. Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаңа тәртіптік терiс қылық жасамаса және бұл ретте өзiн адал қызметкер ретiнде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейiн алып тасталуы мүмкiн.

  2. Мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтен шыққан күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза оның мемлекеттік органнан қызметтен шығарылған күнінен бастап алынған болып саналады.

  3. Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алуды оны қолданған уәкілетті адам жүргізеді.

Осы Қағидалардың 83-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша тәртіптік жаза қолданылған жағдайда, жазаны мерзiмiнен бұрын алу Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Әдеп жөніндегі кеңестің келiсiмiмен жүргiзiледi.

  1. Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді.

Жаза қолданған уәкілетті адам ұсынысты алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

  1. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік қызметшілерден тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының ұсынуы бойынша жүзеге асырылады.

  2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары төрағаларынан тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу Ұлттық комиссияға облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттары хатшыларының ұсынуы бойынша жүзеге асырылады.

  3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiден бiр мезгілде бiр ғана жаза алынуы мүмкiн.



6. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiтәртiптiк жауаптылыққа
тарту кезiндегi олардың құқықтық кепiлдiктері



  1. Тәртіптік терiс қылық жасағаны үшiн жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшiнің өз өкiлі болуы мүмкін.

  2. Шағымды үстiнен шағым берiлген уәкілетті адамға қарауға беруге тыйым салынады.

  3. Тәртіптік жаза қолдану туралы шешiмге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

________________________________

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 152 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына

конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасу

ҚАҒИДАЛАРЫ


  1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының
    4-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу тәртібін айқындайды.

  2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайлардан басқа, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының «А» және «В» санаттарының топтарына жатқызылған лауазымдарға мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардан «Б» корпусының «А» және
«В» санаттарының топтарына жатқызылған лауазымдардан басқа мемлекеттік органдарға;

2) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне ауысу тәртібімен жіберілген мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен мемлекеттік органдарға;

3) лауазымдары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының «А» және «В» санаттарының топтарына жатқызылған мемлекеттік органдардың ішінде;

4) басқа мемлекеттік органдардан мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері мен кеңесшілері, баспасөз хатшылары лауазымдарына жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органның, аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, оның ведомствосының ішінде кейінгі ауысуына жол берілмейді.



  1. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы актінің орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуға жол берiлмейдi.

  2. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымы бар мемлекеттiк орган мемлекеттiк әкімшілік қызметшiнi ауысу тәртiбiмен тағайындауға келiсiм алу үшiн уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне электрондық түрде мынадай құжаттарды:

    1. қызметшiнiң тиісті лауазымға ауысу тәртібімен орналасуға өтiнiшін;

    2. персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған толтырылған қызметтік тізімді ұсынады.

  3. Ұсынылған құжаттардың негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

    1. тағайындауға келісім береді;

    2. келісуден бас тартады.

  4. Уәкiлеттi орган не оның аумақтық бөлімшесі келіскен жағдайда мемлекеттік орган мемлекеттік әкімшілік қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындайды.

__________________________

ҚазақстанРеспубликасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 152 Жарлығына

ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің

күші жойылған кейбір жарлықтарының

ТІЗБЕСІ
1. «Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 561-құжат).

3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат).

4. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы


№ 327 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 1,
1-құжат).

5. «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы


№ 357 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15,
141-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2000 жылғы 13 сәуірдегі № 372 Жарлығы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 200-құжат).

7. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 мамырдағы № 401 Жарлығы.

8. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 қазандағы № 459 Жарлығы.

9. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 мамырдағы № 605 Жарлығының 1-тармағының 1), 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 18, 222-құжат).

10. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 2019 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 13 қарашадағы № 720 Жарлығының 1-тармағының 3), 5) тармақшалары.

11. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 маусымдағы № 895 Жарлығының 1-тармағының 2), 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 18, 196-құжат).

12. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 951 Жарлығының 1-тармағының
3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32,
339-құжат).

13. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі


№ 1071 Жарлығының 1-тармағының
2), 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 15,
149-құжат).

14. «Қазақстан Республикасы Президентiнiңкейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1094 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20,


201-құжат).

15. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 наурыздағы № 1322 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 14, 172-құжат).

16. «Қазақстан Республикасы Президентiнiңкейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 1362 Жарлығының 1-тармағының
2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21,
265-құжат).

17. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 1415 Жарлығының 1-тармағының


1) тармақшасы.

18. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 1435 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 439-құжат).

19. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 483-құжат).

20. «Қазақстан Республикасы Президентiнiңкейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 наурыздағы № 1528 Жарлығы.

21. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығының 3-тармағының 3), 4),
5) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27,
329-құжат).

22. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1611 Жарлығының 2-тармағының


2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29,
362-құжат).

23. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 1614 Жарлығының 1-тармағының


2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30,
380-құжат).

24. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 131 Жарлығының 1-тармағының


3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23,
229-құжат).

25. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 446 Жарлығының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 499-құжат).

26. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат).

27. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1157 Жарлығының 1-тармағының 1), 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 19, 229-құжат).

28. «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
2 мамырдағы № 67 Жарлығының 6-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 438-құжат).

29. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,


2012 ж., № 80, 1178-құжат).

30. «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 320-құжат).

31. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 526 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2013 ж., № 20, 331-құжат).

32. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 527 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж.,№ 21, 339-құжат).

33. «Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 13 сәуірдегі № 372 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 601 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 574-құжат).

34. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 616 Жарлығымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының


ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 45, 658-құжат).

35. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы


№ 1457 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 623 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 689-құжат).

36. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 697 Жарлығымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 905-құжат).

37. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 721 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 1-құжат).

38. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы


4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың
2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 279-құжат).

39. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4, 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 532-құжат).

40. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 94 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.


________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет