Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата25.03.2022
өлшемі0.7 Mb.
#456478
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Грамматика



Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік 
университеті 
 
 
 
 
 
 
 Өзбек филологиясы факультеті 
 
 
Түркі филологиясы кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
Қазіргі қазақ тілі. Морфология. 
(лекция тексті)
 
 
 
 
 
Дайындаған: үлкен-оқытушы Г.Адилова 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Н өк і с – 2 0 08 



2
Қазақ тілі морфологиясы курсының зерттеу обьектісі 
Ж О С П А Р Ы: 
1. Грамматика жəне оның салалары 
2. Морфология курсының зерттеу обьектісі мен мазмұны 
3. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына. 
4. Морфемалар туралы түсінік. 
5. Түбір морфемалар мен қосымша морфемалар. 
Тірек сөздер: əрбір тілдің өзіне тəн грамматикалық амал-тəсілдерінің
жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады, грамматика ғылымы 
морфология жəне синтаксис болып бөлінеді, морфология -сөз жəне оның 
формалары туралы ілім, морфологияның негізгі обьектісі –сөз, морфема жəне 
оның түрлері 
Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалық сөз арқылы білдіруге 
болмайтын неше алуан мағыналардың бəрін де тек грамматикалық амал-
тəсілдердің көмегі арқылы ғана түсінікті етіп айта алады. Əрбір тілдің өзіне тəн 
грамматикалық амал-тəсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы 
деп аталады. 
Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді жəне сөз арқылы ғана көрініп 
отырады: сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды. 
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзінің 
тексеретін обьектісінің негізгі өзегі етіп сөзді жəне сөйлемді алады. Тексеру 
обьектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай грамматика ғылымы морфология 
жəне синтаксис деп аталатын ек салаға бөлінеді. 
Морфология-сөз жəне оның формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында
əр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша əрқилы қарым-
қатынасқа түседі де, əлденеше қилы өзгеріске ұшырап, əр алуан қызмет 
атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз 
атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топ-топтың əрқайсысына 
жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің 
əр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен 
грамматикалық формалары айқындалады, сөз таптары ажыратылады, əр сөз 
табына тəн категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Осындай талдаулардың 
нəтижесінде сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелері, сөздің бөлшектенуі жəне 
олардың əрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері 
анықталады. 
Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы 
бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, 
сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Морфология сөзді, сөздің 
тиісті бөлшектерін, олардың мағыналары мен қызметтерін талдаса, синтаксис 
сөйлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сөз тіркестерін я жеке сөздерді, олардың 
қарым-қатынастары 
мен 
грамматикалық 
сыр-сипаттарын 
талдайды. 
Грамматиканың бұл екі саласы екі сара болып жіктелгенімен, олар да іштей 
бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті екеуі бір бүтіннің екі бұтағы сияқты. 
Мысалы: Қызы едім Есімбектің атым Шұға: Басталды бұл өлкеге атым шыға 
(Б.Майлин) деген сөйлемдердегі сөздерге жалпы грамматикалық талдау жасай 
бастасақ, ондағы сөздерді əрине морфология өз тұрғысынан, синтаксис өз 


3
тұрғысынан талдайды. Ал ондай талдау үстінде іс жүзінде морфология 
синтаксистің ішіне еніп кетсе, синтаксис морфологияның ішіне еніп кетеді, 
демек, ол екеуі бір-біріне жəрдемдесіп, өзара селбесіп отырады. 
Морфологияның зерттеу обьектісі-сөз. Сөз дегеніміз қыры мен сыры мол 
күрделі грамматикалық категория. Белгілі бір ұғымның атауы ретінде 
қолданылатын дыбыстық комплексті сөз дейміз. Əрбір сөздің бір-бірімен 
байланысты екі жағы бар: оның бірі-сөздің сыртқы дыбыстық жағы, екіншісі 
сол дыбыстық жағы арқылы көрінетін я айтылатын ішкі мазмұны, мағына 
жағы. 
Морфология сөзді оқшау алып қарамайды, оны басқа сөздермен 
байланысты қарап барып, олардың қарым-қатынастарын анықтайды. Бірақ 
морфология сөздерді, олардың қарым-қатынастарын сол тілдің қалыпты бір 
көрінісі, бөлшегі ретінде талдап, оларды бір-бірімен ұштастырып қарайды. 
Ө:йткені сөзден сөз тудыру, сөзді түрлендіріп өзгерту, сөз бен сөзді 
жалғастыру сияқты амал-тəсілдер -əрі əбден қалыптасып орныққан, əрі үнемі 
қолданылатын дағдылы, жүйелі құбылыстар. Сол себептен морфология 
тіліміздегі əрбір жұрнақты, əрбір жалғауды я болмаса басқа бір морфологиялық
құбылысты жəне олардың əрқайсысының формасын тілдің жүйесімен 
байланысты, сол жүйеден тарайтын жəне сол жүйеге барып тірелетін заңды 
құбылыс деп қарайды. Мысалы: Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елжіреп 
(Абай): Екі атты таныған Абайдың көңіліне ол аттың иелері түсті (М.Əуезов) 
деген сөйлемдердегі бірінші сөйлемнен қой жəне қойшы сөздерін,екінші 
сөйлемнен атты жəне аттың сөздерін өзара бір-бірімен салыстырып жəне 
қойды, қойға, қойдан, қойлар, қойшылар, сондай-ақ, аттан, атқа, атты, атпен, 
атшы, атшылар сияқты сөздердің өзгерген түрлерімен салыстырып қарасақ, 
олардың əрқайсысы əрі тіліміздің бүкіл грамматикалық жүйесінен тарайтын, 
əрі сол жүйеге сарқылатын өзара бір-бірінен байланысты грамматикалық
құбылыстар екенін мойындаймыз. 
Морфология сөздің формасын да тексереді. Ал, сөздің формасы деген 
ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, əр қилы 
қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен 
айтқанда, сөздің формасы деген ұғым сөзден сөз тудыратын, сөз бен сөзді 
байланыстыратын тəсілдерді де, сондай-ақ сөзге қосымша мағына жамайтын 
тəсілдерді де қамтиды. 
Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, формаларына жəне 
қызметтеріне қарай топ-топқа бөліп топтастыру да, əр сөз табына тəн 
категорияларды анықтау да морфологияның міндеті. 
Сөз айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның атауы болса, ол 
атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы болады. Бірақ ол мағына өзі 
атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да сол 
ұғымды білдіретін белгі я сол ұғымның мазмұнының бейнесі ретінде 
қалыптасқандықтан бір тілде сөйлейтін адамдардың бəріне де бірдей түсінікті 
болады. Мысалы: тас, ағаш, топырақ деген сөздерді алсақ, олардың əрқайсысы -
əрі нақтылы, əрі жалпы атау. Өйткені ағаш деп көз алдымыздағы белгілі бір 
нақтылы ағашты да, сондай-ақ жалпы ағаш атаулыны да атай береміз. 
Əрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей жеке-дара 
тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасы, əдетте лексикалық я тура мағынасы 


4
деп аталады.Тілдің сөздігі осындай əр алуан мағыналары бар сөздерден 
құралады. 
Тіліміздегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу рəсімі оларға 
грамматикалық тұрғыдан қарап, соған сəйкес категориялық сыр-сипаттарын 
анықтаудан туған. Мысалы: Кен асылы - жерде, сөз асылы - елде. Елде болса 
ерінге тиер: Ауылда болса ауызға тиер. Тау тауға қосылмас, адам-адамға 
қосылар деген сөйлемдердегі жерде, елде, ауылда, ерінге, ауызға, тауға, адамға 
сөздері мен тиер, қосылар сөздерін грамматикалық тұрғыдан салыстырып 
топтауымызға əбден болады. Мысалы: жерде, ауылда, елде, ерінге, ауызға, 
тауға, адамға деген сөздердің лексикалық мағыналарында айырмашылық болса 
да, бұл жеті сөздің алғашқы үшеуінің (жерде, елде, ауылда) грамматикалық 
мағыналарында да өзара іштей əлдеқандай бір жалпылық барлығын аңғару 
қиын емес, бұл сөздердің бəріне тəн жалпы грамматикалық мағына жатыс 
септік жалғауы арқылы байланысса, ал ерінге, ауызға, тауға, адамға 
сөздеріндегі жалпы грамматикалық мағына барыс септігінің жалғауы арқылы 
топтанып айтылып тұр. Жалпы грамматикалық мағыналары жағынан бірыңғай 
болып келетін жоғарыдағыдай сөздерді зат есімдер деп атап бір топқа бөлеміз. 
Екінші топтағы тиер, қосылар деген сөздердің лексикалық мағыналары 
басқа-басқа бола тұрса да, екеуінде де іс-əрекетті я амал-қозғалысты 
білдірулерімен байланысты ортақ бір жалпы мағына бар. Бұл жалпы мағына 
оларға жалғанып тұрған есімшенің -ар, -ер қосымшасынан тіпті айқын көрініп 
тұр. Сондай-ақ осы сөздерді ешбір іріктеместен тисе, қосылса, тиген 
тəріздендіріп бірдей өзгерте беруімізге де болады. Іс-əрекетті білдіретін бұл 
сияқты сөздердің бəрі де етістік деп аталатын сөз табы категориясына 
жатқызылады, өйткені олардың əрқайсысына есімше, көсемше, етіс, шақ секілді 
грамматикалық категориялардың қай-қайсысы да жат емес. 
Сөздің лексикалық мағынасына тікелей байланысатын, осындай жалпы 
грамматикалық мағыналарын, сондай-ақ жалпы грамматикалық мағыналарды 
білдіретін формаларды грамматика ғылымы зерттейді.
Лексикалық мағынада, грамматикалық мағына да бір сөздің бойында 
жарыса өмір сүре береді. Мысалы: Бала баланы көрсін деген сөйлемдегі үш 
сөзді алсақ, алғашқы екі сөздің лексикалық мағынасы бір болғанымен, 
грамматикалық мағыналарында өзгешеліктер бар. Бұл екеуінің грамматикалық 
мағыналарындағы жалпы ұқсастықтар мыналар:екеуі де зат есім, екеуі де 
жекеше мағынаны білдіреді. Ал ол екеуінің грамматикалық мағыналарындағы
өзгешелік сол екі сөздің сыртқы түрлеріндегі айырмашылыққа байланысты. 
Əрине, бала сөзінен баланы сөзінің -ны бөлшегі артық. Осы артық бөлшек
екінші сөздің тек сыртқы түріне ғана емес, грамматикалық мағынасына да 
өзгешелік енгізіп тұр. Демек баланы сөзінде жоғарыда айтылған грамматика-
лық мағынасынан басқа қосымша табыс септіктің мағынасы да бар.
Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол 
лексикалық мағынаны айқындай саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен 
қарым-қатынасқа түсу нəтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматкиалық 
мағына дейміз. 
Грамматкиалық мағына сөздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқа 
сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады. Мысалы: Бетім барда 
бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық деген сөйлемдердегі


5
бетім жəне бетіме, кім жəне кімі сөздері өзара түбірлес, олардың тұлғаларында 
ұқсастық та, айырмашылық та бар. Ө:йткені бетім жəне бетіме, кім жəне кімі 
сөздерінің грамматикалық мағыналарында да, грамматикалық формаларында да 
айырмашылықтар бар. 
Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, 
тым, аса, нағыз, дəл, т.б. сияқты күшейткіш сөздер. Мысалы: өте жақсы, тым 
жұпыны, дəл өзі деген сөз тіркестерінде өте, тым, дəл деген сөздер жақсы 
жұпыны, өзі дегендердің мəнін күшейте түсетін граммтикалық мағына үстеп 
тұр. 
Тіліміздің грамматикалық құрылысы жүйелі сала-сала граммтикалық 
құбылыстардан тұрады. Ал сондай əрбір грамматикалық құбылыстың екі жағы 
болады: біріншісі-сол құбылыстың белгілі ұғымды я түсінікті білдіретін ішкі 
жағы демек мазмұны яғни грамматикалық мағынасы, екіншісі-сол мазмұнды, 
яғни грамматикалық мағынаны қалай я не арқылы білдіретін сыртқы жағы
демек, грамматикалық тəсілі. 
Грамматикалық құбылыстың өзіне тəн грамматикалық мағынасы мен сол 
мағынаны білдіретін грамматикалық тəсілі үнемі бірлікте болады. 
Грамматикалық мағына грамматикалық құбылыстың мазмұны болса, 
грамматикалық тəсіл сол мазмұнды білдіретін формасы. 
Міне 
сондай 
жалпы 
грамматикалық 
мағыналарды 
білдіретін 
грамматикалық амал-тəсілдер грамматикалық формалар деп аталады. 
Қандай грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тəн грамматикалық 
формасы болады, керісінше қандай бір грамматикалық форма болса да оның 
өзіне тəн грамматикалық мағынасы болады. Тілдегі сөздердің грамматкиалық 
мағыналары мен грамматикалық формаларының бірлігінен жəне солардың 
жинағынан тілдің грамматикалық құрылысы туады. 
Грамматикалық категория ретінде танылатын грамматикалық құбылыстың 
өзіне тəн жалпы грамматикалық мағынасы жəне сол мағынані білдіретін 
дербес грамматикалық формасы болуға тиіс. Мысалы тəуелдік категориясының
қазақ тілінде жəне жалпы басқа түркі тілдерінде өзіне тəн жалпы 
грамматикалық мағынасы жəне сол мағынаны білдіретін өзіне лайық 
грамматикалық формасы бар. Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі 
сөздерге жəне сөз тіркестеріне тəн жалпы грамматикалық мағынамен 
байланысты 
болады. 
Жалпы 
грамматикалық 
категориялар 
ішінара 
морфологиялық жəне синтаксистік категориялар болып екіге бөлінеді. 
Грамматиканың морфология атты тарауы морфологиялық категорияларды 
тексереді дел синтаксис тарауы синтаксистік категорияларды тексереді. 
Морфологиялық категория деп жеке сөздердің өзгерілуі арқылы туатын жалпы 
грамматикалық мағыналарды айтамыз. Мысалы: Жар қабаққа иін тіресе 
салынған сарайлар, мастерскойлар, складтар, көмір атжалдары, барактар, ұзын-
ұзын мойындар үлкен қаланың бір шетіне ұқсайды деген сөздерді сарай, 
мастерской, склад, атжал, барак, мойын сөз дерімен салыстырсақ əрине, 
олардың сыртқы морфологиялық формаларынан көптік мағына жеке я даралық 
мағына аңғарылады. 
Тілдегі өзіне тəн грамматкиалық формасы бар жалпы грамматикалық 
мағына грамматкиалық категория деп аталады. Тілден тыс ешқандай 
грамматикалық құбылыс болмайтыны сияқты, тілдегі сөздерден тыс 


6
грамматикалық категориялар да өмір сүре алмайды. Ө:йткені сөздің өзі 
болмаған жағдайда ол сөздің мағынасы туралы да, өзгерісі туралы сөз болуы 
мүмкін емес. Сондай-ақ жалғанатын негіз болмаса қосымшалардың бірде-біреуі 
өздігінен тұрып ешқандай мағына да бере алмайтыны оның қызмет атқару
қабілеті де болмайтыны былай тұрсын, өздері де болмас еді. Солай болса 
грамматикалық категориялар тілде топ-топқа бөлініп, белгілі сөз таптарына тəн 
оларға телулі болады.
Əрбір сөздің өзіне тəн тұлға-тұрпаты болады. Сол тұлға-тұрпаттың 
арқасында əрбір сөз бір бүтін тұлға ретінде қызмет етеді. Ал, сөздің тұлға-
тұрпаты оның лексикалық жəне грамматикалық сипаттарымен байланысты. 
Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан əр қилы болып 
келеді. Ал, сол əр қилылық, əрине сөздердің құрамдарының əр қилы болуына 
байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне 
байланысты. Мысалы, Айтылар сөз айтылды ғой ... бірақ нені айтсаң да, ойлап 
айт... айтатыныңды айт деген сөйлемдерде айт, айтылар, айтылды, айтсаң, 
айтатыныңа деген формалар қолданылған. Осы төрт сөздің біріншісінде түбірге 
əуелі -ыл бөлшегі, одан кейін -ар бөлшегі (айт-ыл-ар) қосылған: екінші сөзге 
түбірге əуелі -ыл, одан соңды -ды бөлшектері (айт-ыл-ды) қосылған: үшінші 
сөзде əуелі -са, одан кейін -ң бөлшектері (айт-са-ң) қосылған, төртінші сөзде 
əуелі -атын, одан кейін -ың одан соң -ды бөлшектері (айт-атын-ың-ды) 
қосылған. Бұл сөздерге де бəріне бірдей ортақ айт деген түбірге жамалған əрбір 
жеке бөлшек өзінше қосымша мағыналар үстеген. 
Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері 
морфемалар деп аталады. 
Морфеманың да өзіне тəн мағынасы жəне өзіне тəн сыртқы дыбыстық 
формасы болады. Ендеше, морфема деп сөздің өзіне тəн мағынасы бар ең ұсақ 
бөлшегін айтамыз. 
Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен 
қызметтері бірдей емес. 
Морфемаларды ең алдымен түбір морфема жəне қосымша морфема деп 
негізгі екі түрге бөлуге болады. Жоғарыдағы мысалдағы айт деген морфема 
түбір морфема болады. Ал, оларға қосылған -ыл (айтыл), -ар(айтылар), -
са(айтса), -ң(айтсаң), -ды(айтылды), -атын(айтатын), -ың(айтатының), -
а(айтатыныңа) морфемалары қосымша морфемалар. 
Түбір морфеманы да, қосымша морфеманы да əрі қарай мүшелеуге 
болмайды. Түбір морфема-сөздің əрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі 
негізі. Түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір 
морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бірде біреуі яки қатыспаса, 
қосымша морфеманың бір де біреуі яки бірнешеуі қосылып та ешқандай 
мағынаны білдіре алмайды жəне сөз де бола алмайды. Түбір морфема өздігінен 
жеке тұрып дербес сөз бола алады. Мысалы, бас, тіл, бер, қос морфемаларын 
алсақ, олардың əрқайсысы əрі түбір морфема, əрі жеке сөз бола алады. Ал 
бастық, тілші, келісім, қолтықта деген сөздерді алсақ, олар-құрамында түбір 
морфемалары да, қосымша морфемалары да бар сөздер. Бұлардың құрамында 
түбір морфеманың негізгі мағынасы да, қосымша морфемалар арқылы да 
жамалған үстеме я қосымша мағыналары да бар. Түбір морфема қайталанып та, 
қасарланып та, бірігіп те, тіркесіп те жеке сөз ретінде жұмсала береді. Мысалы, 


7
үлкен-үлкен, көше-көше, ата-ана, қарлығаш, жаздыгүні, жиырма бес, көк ала 
т.б. 
Қосымша морфема деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар 
үстейтін морфемаларды айтамыз. Қосымша морфемалар өз ішінде жұрнақтар
жалғаулар жəне қосалқы деп аталатын 3 топқа бөлінеді. Бұл қосымшалардың 
жұрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, 
қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен құранды сөздерді жасау үшін 
қолданылады. Ал, жалғаулар деп аталатын түрі жұрнақтар мен қосалқы сөздер 
арқылы жасалған жалаң жəне күрделі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін 
қолданылады.
Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те 
болмайды. Ө:йткені қосымша морфемада жеке тұрғанда өзіне тəн арнаулы 
дербес мағына болмайтындықтан, ол түбірдің қатысынсыз жеке-дара 
қолданылмайды. Бір морфеманың дыбыстық бірнеше варианты болады. 
Мысалы, атты кісі, сүтті сиыр, сауулы інген, елеулі мəселе, білімді студент 
дегендегі -ты, -ті, -лы, -лі, -ді бөлшектері - бір морфеманың əр алуан түрлері. 
Жолы бірді жолдас дейді. Ауыр асу, қиын күндер бар алдымызда. 
Жолдаспыз сол жолда. Бірге асамыз сол асудан деген сөйлемдердегі жолы, 
жолдас, жолдаспыз, жолда деген сөздерін жəне асу, асамыз, асудан сөздерін 
алайық. Бұлардың бірінші тобының түпкі морфемасы -жол да, қосымша 
морфемалары -ы (жолы), -дас, -пыз, -да: екінші тобындағы сөздердің түпкі 
формасы -ас деген сөз, ал қосымша морфемалары -у, -а, -мыз, -дан. 
Осы жол деген түпкі морфемаға қосылып тұрған қосымша морфемаларды 
ауыл, ел, жер, қалам, майдан сияқты есім сөздерге жапа-тармағай жалғай беруге 
болатын тəрізді, ас деген сөзге қосылып тұрған қосымша морфемаларды төс, 
бас, қос, жаз, соқ тəрізді етістік сөздерге керегінше жалғап, қолдана беруге 
болады. Бірақ алдыңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар соңғы топтағы 
сөздерге тікелей жалғанбайтыны сияқты, соңғы топқа жалғанатын қосымша 
морфемалар бұрынғы топтағы сөздерге тікелей жалғанбайды. 
Міне, осындай ерекшеліктерден жалпеы морфема атаулыға, олардың түр-
түрлеріне тəн сыр-сипаттары келіп ышғады. Ол сыр-сипаттары мынадай: 
1. Түбір морфемалар мен қосымша морфемалар бір-бірінен парықсыз емес, 
олардың қарым-қатынастары белгілі бір заңдарға сүйенеді, олар өзара бір-
бірімен талғап тіркеседі. Қосымша морфемалар түбір морфемалардың 
грамматикалық қасиеттері жағынан бірыңғай, біркелкі болуын қалап, олардың 
белгілі-белгілі топ-тобына ғана жалғанады. Мысалы, -па, -саң, (қоспа, қоссаң), 
морфемаларын тек етістіктерге ғана тікелей жалғасақ, -ы, -да, -дан (басы, қолда, 
жолдан) морфемаларын тек есім сөздерге ғана тікелей жалғай аламыз, 
керісінше жалғай алмаймыз. 
2. Қай қосымша қосылса да жəне қанша қосымша қосылса да, түбір 
морфема тұлға жағынан өзгермейді, үнемі бірқалыпта сақталып отырады. Ал 
қосымша морфема тұлға жағынан тұрақсыз, демек түбір морфеманың 
ерекшеліктеріне қарай орайласып, өзгеріп отырады. Мысалы, айтылады, 
айтылар, айтылғандықтан, айтылмақшы, айтыңдар, айтысыңдар т.б. 
3. Бір түрлі қосымша қай түбірге жəне қанша түбірге жалғанса да олардың 
əрқайсысына əр түрлі мағына үстемейді, олардың бəріне де жалпы бір түрлі 
ғана мағына үстейді. Мысалы, айтса, сатса, оқыса, жатса дегендегі -са 


8
морфемасы түбірлердің бəріне бір ғана шарттық мағынасы үстесе, мектебім, 
інім, дəптерім, жолым дегендердегі -ім морфемасы олардың бəріне де тек 
бірінші жаққа тəн тəуелдеу мағынасын ғана жамайды. 
4. Бір түбір морфемаға қажетіне қарай бірнеше қосымша морфема жалғана 
береді. Бірақ ондай жағдайда қосымша морфемалар бірінен соң бірі, қалай 
болса солай қосыла бермейді, тілдің ішкі заңдарына лайық, белгілі бір жүйе 
бойынша рет-ретімен тіркеседі. Мысалы, малшыларымыздағы деген есім сөздің 
түбір морфемасы мал, оған əуелі -шы, екінші -лар, үшінші -ымыз, төртінші -да, 
бесінші -ғы морфемалары қосылған. Бұл сөздің қосымша морфемаларының 
орындарын 
ауыстырып 
тіркестіруге 
болмайды, 
өйткені 
қосымша 
морфемалардың да əрқайсысының өзді-өзінің білдіретін тиісті мағынасы, 
алатын тиісті орны, атқаратын тиісті қызметтері бар.
Сөйтіп түбір морфема мен қосымша морфеманың мағыналарындағы ең 
негізгіайырмашылық мынау: морфеманың мағынасына əрі нақтылық, əрі 
дербестік тəн болып, сол мағына тікелей түбіəрдің өз бойында болады, 
қосымша мағынаның мағынасына тым əрі жалпылық, əрі дербестігі жоқтық тəн 
болып, сол жалпы абстрактілік мағына тек сөздің құрамында ғана тиянақты 
болып анықталады. 
Тілімізде түбір морфемалар сан жағынан көп те, қосымша морфемалар 
олардан əлдеқайда аз. 
Сөздің құрамы сияқты морфемалар да жүйелі құбылыстар. Оладың жүйелі 
құбылыс екендіктерін түбір мен қосымшалардың өзара қатынастарынан да 
көруге болады. Мысалы, есімшенің -ған, көсемшенің - ғалы қосымшалары тек 
етістік түбірлеріне ғана жалғанады да, есім сөздерге жалғанбайды. Керісінше -
шыл, -шіл қосымшасы тек зат есімге жалғанып (сауықшыл) сын есім тудырса, -
м, -ым, -ім қосымшасы етісткітен зат есім тудырады (білім, төзім). Аналар, 
інілер дегендердегі -лар, -лер қосымшасы аталған заттар жеке-дара емес, 
бірнешеу я көп екендіктерін білдіріп тұр. Мысалы, жылқы, жылқышы жəне 
жылқышылық сөздерінің негізгі түбірі бір болғанымен, үшеуінің лексикалық 
мағынасы үш түрлі, жылқы дегеніміз-мал, жылқышы дегеніміз оны бағушы 
адам, жылқышылық дегеніміз-жылқы бағу кəсібі. 
Мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден сөз тудыратын жəне сөзден 
жаңа форма тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп, сөз бен сөзді 
байланыстыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады. Сөз тудыратын 
жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын 
болғандықтын лексика-грамматикалық категория қатарына жатады, форма 
тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздің белгілі бір сөз тобына тəн 
грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан 
функциональды-грамматикалық категория қатарына жатады. 
Жұрнақтар мен жалғаулардың бір-бірінен ажырайтын шегі бар. Ол шек 
жұрнақтар мен жалғаулардың мағыналарында ғана емес, қызметтерінен де 
айқындалып тұрады. Мысалы, жалғаулар сөйлем ішіндегі сөздердің 
араларындағы əр қилы аса жалпы қатынастарды білдіріп, олардың түр-
түрлерінің көрсеткіштері есебінде қызмет етсе, жұрнақтар ол қатынастарды 
білідрмей тек өздері жалғанған сөздерге жаңа лексикалық мағыналар үстеумен 
ғана тынады. Олардың бір-бірінен ажырайтын тағы бір шегі қолданылу аясына 
байланысты. Мысалы, жұрнақтар қаншалықты көп сөздерге жалғанғанмен, ол 


9
сөздер бір сөз табының немесе сол сөз табына тəн бір категорияның аясында 
ғана тұйықталып қалып отырады, ал жалғаулар олай тұйықталмайды, олардың 
өрісі кең. Мысалы, тəуелдік, септік, көптік жалғаулары тек зат есімдерге ғана 
емес, субстантивтенген сөздердің бəріне де жалғана береді. Сол сияқты жіктік 
жалғау да сөйлемде баяндауыш болатын сөздерге талғамай тіркесе береді. 
Сонымен сөз тудыратын қосымшалар мен сөз бен сөзді байланыстыратын 
қосымшалардың бір-біріне ұқсас жалпы жақтарымен қатар, бір-бірінен 
ерекшеленетін жалқы жақтары да бар. 
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Грамматика ғылымының негізгі салалары қандай 

2. Морфологияның зерттеу обьектісі не 

3. Қазақ тілінің морфология курсын зерттеген ғалымдар кімдер 

4. Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не

5. Грамматикалық мағына қалай жасалады

6. Грамматикалық форма дегеніміз не

7. Грамматикалық категориялар дегеніміз не, олар қалай жасалады

8. Морфема дегеніміз не, түрлері қандай

9. Түбір морфема дегеніміз не

10. Қосымша морфема жəне оның түрлеріне сипаттама берің. 
Ə Д Е Б И Е Т Т Е Р: 
1. А.Ысқақов. Қазіргі ана тілі. Морфология. Алматы, Ана тілі. 1991ж. 
2. Ə.Төлеуов. Cөз таптары. Алматы, 1982ж. 
3. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1978ж. 
4. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. 1978ж. 
5. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.Алматы. 
Рауан. 1997ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет