Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата25.03.2022
өлшемі0.7 Mb.
#456478
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Грамматика

Тапсырмалар мен сұрақтар: 
1. Cөз формалары дегеніміз не

2. Қазақ тіліндегі сөз формалары қандай тəсілдер арқылы жасалады 

3. Жалаң сөздер дегеніміз қандай сөздер, оларды түрлеріне сипаттама берің. 
4. Түбір сөз дегеніміз не 

5. Туынды сөз дегеніміз не, олар қалай жасалады 

6.Тірі жұрнақтар жəне өлі жұрнақтар туралы не білесіз 

Пайдалыналған əдебиеттер: 
1. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, Рауан 1991ж. 
2. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы
3. А. Ибатов. Қазақ тілі морфологиясының тарихы. Алм.1997ж. 


 22
4. Ə. Төлеуов. Қазақ тіліндегі есімдер. Алматы, 1996ж. 
5. Н.Оралбай Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.Алматы. 2007. 
КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР ЖƏНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
Ж О С П А Р Ы : 
1. Күрделі сөздерге жалпы сипаттама 
2. Сөздердің күрделену процесіне тілдік факторлардың əсері 
3. Қос сөздер, мағыналық ерекшеліктері 
4. Біріккен сөздер, түрлері, ерекшеліктері 
5. Қысқарған сөздер, сөздердің қысқару жолдары мен тəсілдері 
Тірек сөздер: кемі екі я одан да көп сөздерден құралады, əуел бастағы жай 
сөз тіркесінен шығады, бүгін, биыл, орынбасар, əпер, сөйт, сөздердің 
күрделенуіндегі 
фонетикалық, 
лексика-семантикалық, 
грамматикалық 
факторлар, күрделі сөздерді топтастыру, қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған 
сөздер туралы. 
Күрделі сөз деп кемінде екі я одан да көп дара сөзден құралып, ритм, 
ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан бір тұтас, лексика-
грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлескен тұрақталған құрама 
сөзді я сөз тіркесін айтамыз. 
Күрделі сөздердің қай-қайсысы болса да əуел бастағы жай сөз тіркесінен 
шыққан. Бұлардың қалыптасуына əр қилы синтаксистік амал-тəсілдер негіз 
болған. Сөздердің күрделену процесі бірден туа салатын жəне тез қалыптаса 
қоятын құбылыс емес, ұзақ процестерді басынан кешіретін тарихи құбылыс. 
Осындай процестер үстінде морфологиялық жəне синтаксистік тəсілдердің 
күрделі сөз тудырудағы арақатынастарына əр алуан фонетикалық, лексика-
семантикалық жəне грамматикалық факторлар да араласып, əр қайсысы өзінше 
əр қилы дəрежеде үлестерін қосып, сол қатынастарының дамуына жəрдем етеді. 
Фонетикалық фактор. Күрделі сөздердің компоненттерінің əр қилы 
дыбыстық өзгерістерге ұшырауын фонетикалық фактор деп атаймыз. Мысалы: 
бүгін, биыл, ағайын, қайны, белбеу, əкел, əпер, түрегел, сөйт, өйткені тəрізді 
күрделі сөздер осындағы көрсетілгендей күйге əр қилы дыбыстық өзгерістерге 
ұшырау арқылы жеткен. Ол өзгерістердің болуына ассимиляция, диссимиляция, 
үндесу, сіңісу сияқты əр алуан заңдар қатынасқан. 
Лексика-семантикалық фактор. Əуелгі жай сөз тіркестерінің идиомалану, 
лекскиалану, делексикалану құбылыстарын лексика-семантикалық фактор деп 
атаймыз. Мысалы: қырғи қабақ болу, ат ұсті қарау, қас пен көздің арасында
(идиомалану), темір жол, жүк аяқ, аққу, атшабар, ала өкпе (лексикалану), 
былтыр, түнеугүні, ышқыр, аласабыр (делексикалану) т.б.
Белгілі бір грамматикалық категорияға тəн бір алуан сөздерден я 
қайталану, я қосарлану, я тіркесу арқылы күрделі сөз жасалады. Бірақ ол 
сөздерден жаңа лексикалық мағына тумайды, олар тек грамматикалық мағына 
білдіреді. Мысалы: тау-тау астық, кімде-кім, қай-қайдағы, əрең-əрең, үлкен-
кіші т.б. 
Сөйтіп, күрделі сөздердің лексикалық мағынасы өзгермей тек ғана 
грамматикалық мағынасы өзгерсе, ол процесс грамматикалану деп аталады. 


 23
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер сыртқы кескін тұрпатына қарай я біріккен, 
я қосарланған, я тіркескен, я қысқарған сөздер түрінде кездеседі. 
Қазақ тіліндегі қос сөздердің құрамдарындағы компоненттер я бір сөздің 
ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының, не бір буынының, 
не бір дыбысының өзгеріліп жамалуынан құралады немесе морфологиялық 
жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады. Сөзді 
қайталау жəне қосарлау тəсілі- өзінше ерекшелігі мол құнарлы жүйе. Бұл жүйе 
бойынша сөзді қайталаудан, я қосарлаудан белгілі мағыналар туады. 
Зерттеушілер қазақ тіліндегі қос сөздерді қайталама жəне қосарлама қос сөздер 
деп екіге бөледі. 
Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы 
түрінің екі ретқайталануы арқылы, я сол с өздің не бір дыбысының немесе бір 
буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: жол-жол, тау-тау, 
сөйлей-сөйлей, ат-мат, өзді-өзіне, қолма-қол т.б. Қайталама қос сөздер 
компоненттерінің ерекшеліктеріне сəйкес, қалыптасқан сыртқы дыбыстық 
жəне морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне сəйкес, қалыптасқан 
сыртқы дыбыстық жəне морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне қарай 
төрт түрлі болады. 
1. Қосымшасыз түбірдің қайталануынан құралатын сөздер. (қора-қора, 
мая-мая, кім-кім, биік-биік) 
2. Қосымшалы түбірдің қайталануынан құралатын қос сөздер. (бара-бара, 
сөйлей-сөйлей, үйді-үйге, өзінен-өзі)
3. Бір сыңарының дыбысы өзгеріп құралатын қос сөздерге кісі-місі, қағаз-
мағаз, шай-пай, қалт-құлт сияқты формалар жатады.
4. Бір сыңары ықшамдалып қайталанатын қос сөздерге ап-ащы, жап-
жақсы, кіп-кішкене, теп-тегіс сап-сияқтылар жатады. 
Қайталама қос сөздер тіліміздегі негізгі грамматикалық сөз таптарының 
бəрінен де жасалады. жəне қайталанатын сөз қай сөз табына тəн болса, туған 
қайталама сөз де сол сөз табына қатысты болады. Мысалы: шелек-шелек, тау-
тау, жақсы-жақсы, бір-бір, кім-кім, айт та айт, əрең-əрең, бұрқ-бұрқ,. 
Қайталама 
қос 
сөздердің 
түр-түрлерінің 
өзара 
мағыналық 
айырмашылықтары сол сөздердің қайталау түрлеріне, олардың сыртқы 
морфологиялық формаларына байланысты. Себебі қайталаудың əрбір түрі я 
үлгісі тиісті семантикалық я грамматикалық мағына тудыратын грамматикалық 
флрма ретінде қалыптасқан тəсілдер деуге болады. Ө:йткені қайталама қос 
сөздердің формаларын да басқа-басқақаншалықты түр болса, олардың 
соншалыты мағыналық реңктері де болады. Демек өзіне тəн ерекшелігі бар 
əрбір мағыналық реңктің өзіне лайық формасы да болады. 
Қайталама қос сөздердің ішінде арасына -ма, (-ме, ба) қосалқыланып 
айтылатын қос сөздің (қарсыма-қарсы), бетпе-бет, орны өзінше бір басқа. Бұл 
форма қазақ тілінде аса құнарлы емес жəне өзге топтардан оның семантикасы 
мен қызметі де өзгеше. Мысалы: көзбе-көз кездестім, қолма-қол тапсырдым 
дегендердегі қос сөздер 1) амал мен істің біреу арқылы емес екі субьектінің 
арасында тікелей болатынын білдіреді, 2) бұл сөздер тек етістік сөздермен 
тіркеседі, 3) сөйлемде олар тек ғана пысықтыуыш болып, адвербиалдық қызмет 
қана атқарады. Жалпы алғанда, бір сөздің қайталануы арқылы жасалатын 
күрделі есімдер обьективтік өмірде кездесетін заттарда я басқа құбылыстарда


 24
жəне олардың əр түрлі қарым-қатынастарында болатын көбею, топталуы, 
еселеу, жіктелу, саралау, бөліну сияқты жай күйлерді я көбейтіп топ-тобымен, я 
бөліп жік-жігімен, я саралап сала-саласымен атап, тəртештеп білдіретін форма 
ретінде қызмет етеді. 
Қосарлама қос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден 
құралады. Мыс: ата-ана, үлкен-кіші, жатса-тұрса, алды-арты, іші-сырты т.б.
Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық 
жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады. Мысалы: 
əке-шеше, алты-жеті, алды-арты, ойнап-күліп деген тəрізді сөздердің 
əрқайсысының компоненттері мағына жағынан бір-біріне орай, өзара ыңғайлас
сөздер, олар морфологиялық төркіні жағынан да, бір тектес, демек белгілі бір 
ғана сөз табына тəн, əрі формалары біркелкі сөздер, əрі қос сөздердің 
компоненттері синтаксистік қызметі жағынан бір-біріне бағынбай салаласа 
құрылған күрделі сөздің бір-бірімен тең табиғи бөлшектері есебінде қызмет 
етеді. Бұл аталған үш түрлі ерекшелік қосарлама сөздердің күрделі сөз болып 
жасалуына негізгі таяныш болумен бірге, олардың өзге күрделі сөздерден 
ажырауына да негізгі белгі есебінде қызмет етеді. 
Қосарлама қос сөздерді компоненттерінің морфологиялық құрамына 
жəне сөз таптарына қатынасына қарай бөліп, оларға да өзінше тиісті сипаттама 
беруге болады. 
1. Компоненттерінің морфологиялық құрылымына қарай қосарлама 
сөздерді екі топқа бөлуге болады: а) негізгі түбірден құралған қосарлама сөздер 
(ас-су, бала-шаға) ə) туынды формалардан туған қосарлама сөздер (азды-көпті, 
алым-берім, жауын-шашын) 
2. Жалпы қос сөздер, оның ішінде қосарлама сөздер тіліміздегі негізгі 
грамматикалық сөз таптарын түгел қамтиды да, өздері сол сөз таптарына 
қатысты болады. Мысалы: азық-түлік, дəм-тұз, бес-алты, олай-бұлай абыр-
сабыр т.б. 
Қазақ тілінде екі я одан да көп сөздер бірігіп, бір лексикалық мағына беріп, 
біртұтас сөз жасайды:орынбасар, көкөніс, балмұздақ т.б. Біріккен сөз екі түрлі: 
біріккен сөз, кіріккен сөз. Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, 
форма жағынан де елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ өзара бірігіп, жинақталған 
біртұтас 
лексика-семантикалық 
мағына 
білдіретін 
күрделі 
сөзді 
айтамыз.Мысалы: қарақат, шамшырақ, жансая, жанұя т.б.
Кіріккен сөз деп компоненттерінің біреуі я екеуі де бірдей əуелгі өз 
мағыналарынан айрылып, тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін 
жəне сонымен бірге сол компоненттері фонетикалық жағынан əр қилы 
өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дəрежеде əрі үндесіп, əрі ықшамдалып 
құралған күрделі сөзді айтамыз. Мысалы: қарлығаш, белбеу, əкел, былтыр т.б. 
Кіріккен сөздер компоненттерінің өзгеру сипатына қарай екі салаға бөлінеді. 
Бірінші топқа екі компоненті бірдей дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен: 
бүгін, биыл, бəрекелді, түрегел сияқтылар жатса, екінші топқа тек бірсыңары 
ғана өзгерген алаңғасар, алагеуім, итаршы, керенау, таңертең, ағайын тəрізділер 
жатады. 
Күрделі сөздердің өзге түрлері сияқты, кіріккен сөздер де, біріккен сөздер 
де белгілі грамматикалық сөз таптарына телулі болады. Мысалы: бүгін, биыл, 
ендігəрі деген кіріккен сөздер үстеу болса, əкел, əкет дегендер етістік болады. 


 25
Ал сексен, тоқсан дегендер -сан есімдер т.б. Сондай-ақ шекара, демалыс, 
асқазан, ақсақал дегендер зат есімге жатады да, ал əлдекім, əркім деген біріккен 
сөздер есімдік болады. 
Қысқарған сөздер де қазіргі тіліміздегі сөздердің белгілі бір тобына 
жатады. Күрделі атау сөздердің бір алуандарының əрі қысқартылып, əрі 
біріктіріліп жұмсалу жолы Қазан төңкерісінен кейінгі дəуірде орыс тілінің 
əсерінен келіп туды деуге болады. 
Төңкерістен кейін мазмұны жағынан да, түрі жағынан да жаңа əр алуан 
əлеуметтік, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер пайда болғаны мəлім. Сол 
ұйымдар мен мекемелердің аттары əдетте, бірнеше сөз арқылы аталатын 
болды. Орыс тілінің ықпалымен қазақ тілінің де сөйлеу, жазу дағдысында жиі 
қолданылатын ондай суреттеме атауларды қысқартып жазу дəстүрі туды. 
Осының нəтижесінде қысқарған сөздер əдеби тілдің жазбаша түрінде күрделі 
сөздердің белгілі бір түрі болып қалыптасты. Мысалы: ТМД-Тəуелсіз 
мемлекеттер достастығы, пединститут т.б. Қазақ тіліндегі сөздер үш түрлі 
жолмен қысқарған: 
1) Орыс тілінде де, қазақ тілінде де құрамындағы сөздердің толық түрінің 
де, қысқарған түрінің де тіркесу реттері бірыңғай келетін сөздер, мысалы: 
ҚазМИ (Қазақ медициналық институты), ҚазТАГ (Қазақстан телеграф 
агенттігі), обком (облыстық комитеті) 
2) Қазақ тілінің өзіне тəн сөз тіркесу заңына лайық қысқартылып жүрген 
сөздер: ХДП-Халық демократиялық партиясы. 
3) Орыс тіліндегі сөз тіркесу заңына лайық қысқарып, жалпы қазақ 
жұртшылығына түсінікті болып енген сөздер: колхоз, совхоз, медшкол т.б. 
Күрделі атау сөздер мынадай төрт түрлі тəсілмен қысқарады: 
1) Күрделі атау сөздердің құрамдарындағы əрбір жеке сөздің тек басқы 
дыбыстарынан ғана қысқарып бірігеді: БҰҰ, ҚМУ, НМПИ 
2) Күрделі атаулардың құрамдарындағы бірінші сөздің басқы буынынан 
жəне соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді. ҚазМУ, 
ТашМПИ. 
3) Күрделі атаулардың құрамдарындағы əрбір сөздің басқы буындарынан 
ғана қысқарып бірігеді: обком, колхоз, партком. 
4) Күрделі атаулардың құрамдарындағы алғашқы сөздің басқы буынынан 
жəне соңғы сөздің түбір күйінде айтылуынан құралады: пединститут, 
мединститут. 
Қысқарған сөздердің айтылуы жазылуындай бола бермейді. Басқы 
дыбыстардан қысқарған сөздер бірыңғай бас əріптермен бір сөз ретінде 
қосылып жазылады. Мысалы: АҚШ, ТМД, БҰҰ. 
Бірінші сөздің басқы буынынан жəне соңғы сөздердің басқы 
дыбыстарынан қысқарған сөздер араларына ешқандай белгі қойылмай, алғашқы 
буынның бірінші дыбысы жəне соңғы сөздерден алынған əрбір жеке дыбыс бас 
əріппен жазылады (ҚазМИ, ҚазМУ) 
Əрбір сөздің басқы буындарынан қысқарған сөздер де, алғашқы сөздің 
буыны мен соңғы тұтас сөзден бірігіп қысқарған сөздер де, араларына 
ешқандай белгілер қойылмай, бірыңғай кіші əріппен бірге жазылады 
(пединститут) 


 26
Қысқарған сөздердің қатарына шартты таңбалар да жатады. Бірақ бұлар 
жоғарыдағы күрделі атаулардай емес, тек жазу жүзінде қолданылатын белгілер 
ретінде ғана жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет