Бердібек соқПАҚбаев


Қостөбе. «Застап». Шекара



бет2/51
Дата09.04.2022
өлшемі280.24 Kb.
#456635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Balalyk\' shak\'k\'a saiakhat - Bierdibiek Sok\'pak\'baiev

Қостөбе. «Застап». Шекара.




Қазақстан картасынан Алматыны көзіңізді жұмып тұрып тауып алатыныңызға мен дауласпаймын. Астанаға дәл барып тірелген саусағыңызды енді тау сілемі­мен шығысқа қарай сырғытыңыз. Тоқтаңыз! Мен әңгі­ме етіп отырған үркердей шағын ауыл Қостөбе, міне, осы арада шекараның дәл түбінде.
Менің Қостөбем.
Менің Текесім.
Әне бір көкшіл жіптей тартылған жіңішке өзенді көрдіңіз бе? Текес сол. Белгілі Іле өзенінің басы.
Қостөбеде, негізінен, Құрмандар тұрады. Құрманның «Киікбай», «Найза» деп аталынатын екі руы. Біз Найзамыз, дұрысы Беснайза.
Беснайза екіге бөлінеді: Байназақ, Жолыш. Біз – Жолышпыз.
Беснайзалар ежелден жауынгер, ұры ел болған. Рудың Беснайза атануы да тегін емес. Бір үйдің шаңырағынан сорайған бес найзаның ұшы шығып тұрыпты, содан Беснайза атаныпты деген сөз бар.
Текестің күнгей-шығыс бетінде біреуіне біреуі жал­ғаса біткен екі қырат-төбе тұр. Қостөбе деген сөз содан­ шыққан.
Қостөбенің тап іргесінен шекара күзететін қалашық (застава) орнады. Қазақтар «застап» дейді. Конфискациялау кезінде шекарадан ауа қашқан байлардың қора жайлары иесіз қалған. Соларды жамап-жасқап жөндеді де, солдаттарға мекен-жай етті.
Шекарашылардың көбі орыстар. Қазақша білмейді. Бірлі-жарым қазақ солдаттар бар, аудармашылық жасайды. Украин, белорус дейтін де ұлттар барын қараңғы халық біле қоймайды. Түсі сарының бәрін орыс деп қарайды.
Ту сонау Украинадан, ішкі Россиядан әкелінген, бас­қа орта, басқа жағдайда өскен өрімдей жас солдаттар­ мұндағы тіршілікке бір дегеннен бейімделе кетпейді. Елге де, жерге де жұғымдары аз. Таулы аймақта жөн та­уып жүріп-тұрудың өзі олар үшін әуелгі кезде оңайға түспейді.
Сондықтан солдаттар шекараға нарядқа барып, қайт­қанда адаспас үшін олар жүретін соқпақ жолдардың бойына сырғауыл ағаштар қадап, ол ағаштардың бастарына сыпырғы тәрізденіп буған шөптер байлап қойған.


Мал – адамның бауыр еті




Ауылда күнде жиналыс. Елді коллективке тарту.
Салақтатып сумка салған өкілдер келеді. Өкіл келсе, жиналыс шақырылады. Қараңғы халық аңқау бала тәрізді: кім не айтса, ауыздарын ашып тыңдайды. Өкіл боп келген адамды құдай көреді.
Колхоз жөнінде, болашақ өмір жөнінде неше алуан­ гу-гу әңгімелер. Колхоз болмаймын деп, қашып жат­қан­дар бар.
Қазақтың бар өмірі малмен байланысты. Мал – тамақ, мал – киім, мал – көлік, мал – отын (отқа мал тезе­гі жағылмай ма?), мал – баспана (киіз үйдің бар жамылғысы малдың жүнінен жасалмай ма?).
Жәркенттен біздің үйді мият тұтып Мұқамеди, Жү­ніс дейтіндер келген. Жүніс шал, Мұқамеди оның бала­сы. Жігіт, әйелдерінің аттары есімде қалмаған.
Мұқамедидің мен құралпы бір ер баласы бар, аты Садық. Екеуіміз бірге ойнаймыз.
Садықтың сары резинкадан істелген мүйізатары бар (Рогатка). Біз, Қостөбенің балалары, бұрын мұндайды көрмегенбіз. Біздің қару-жарақ қорымызда мұндай аспап бұрын-соңды болмаған. Біздің қаруларымыз: садақ, сақпан.
Бұнымен атса, адам да өледі! – дейді Садық. Біз се­неміз. Керемет қаруына бола басқа балалар Садықтан­ именеді.
Адал еттіден Жүніс, Мұқаммедилерде бір кәрілеу торы ат бар. Бізде түк жоқ. Екі үйдің аяқ лау етері сол ғана. Отқа жағатын көк тал тоғайдан сонымен әкелінеді.
Ауылдың дәл қасындағы түбекшеге тұсап қойған тор ат бір күні тұсауымен Текеске түсіп, өліп калыпты. Ішіне су толған, қарнын қампитып бірнеше адам жағаға сүйреп шығарды. Мал иелерінің сондағы боздап жыла­ғанын көрсеңіз. Шал да, Мұқаммеди де, әйелдері де, тіп­ті кішкентай Садық, та мал емес, ең бір аяулы жақын­ адамдары өлгендей көздерінің жасы көл болып, еңіреп жүр. Қазаққа малдың қаншалық жақын екенін мен сонда білдім. Бір үйдің бүкіл үміт тіршілігі, күн көрісі торы атпен қоса өлгендей еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет