Беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы кмм


СЫНЫП. І НҰСҚА Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз



бет10/47
Дата05.03.2024
өлшемі287.88 Kb.
#494300
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Т1, Т2 емт.ҮЛГІЛЕРІ пароль - Orken2024

СЫНЫП. І НҰСҚА


Оқылым.

Мәтінді мұқият оқыңыз.


Абай атамыз: «Сен де – бір кірпіш, дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» демекші, кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық етпес. Дегенмен, жастардың көбі мамандық таңдауда қиналып жатады. Осындай оқушыларға Joo.kz мынадай кеңес ұсынған екен: алдымен, психотипті анықтайтын тест тапсырыңыз. Ол сізге қай мамандықтың жаныңызға жақын екенін тізіп береді. Екіншіден, психолог маманның көмегіне жүгініңіз. Сізден қарапайым тест ала отырып, мықты жақтарыңызды анықтап береді. Соған сай мамандықтарды айтады. Үшіншіден, әр түрлі маман иелерімен жүздесіңіз. Бір күн жанында жүріп практикадан өтіңіз. Сонда мамандық түрін жақыннан танисыз.
Психология ғылымдарының PhD докторы Бейсембаев Ғани Бектайұлы осы тақырыпта ата-аналарға мынадай үндеу айтады:
«Әуелі балаңыздың белгілі бір іске не кәсіпке қызығушылығы мен әуестігін еске түсіріп көріңіз. Екіншіден, балаңыздың бойындағы қарым қабілет пен бейімділігін сырттай байқап қараңыз.Осы зерттеуіңізді ой зердесінен өткізіп алыңыз. Мұндай қадам, балаңыздың мамандық таңдаудағы шешіміне оң ықпал етуіңізге көмектеседі. Ал қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ата-ана ретіндегі өздеріңіздің арман-тілектеріңізді басым бағыт ретінде қарастырмағаныңыз жақсы. Мамандық таңдауда ата-ананың қалауы мен баланың таңдауы көп жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өзіңіз әлпештеп отырған балаңызды жүрек қалауы болмаған мамандықты таңдауға мәжбүрлеу оны өмір бойы бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.»
Елімізде қай мамандық сұранысқа ие? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының тізімін қарайсыз.
Инженер кадрларды даярлауға сұраныс бар десек, соның ішінде құрылыс, электротехника және энергетика мен тау-кен өндірісі маманы қажет. Ал педагогика саласына келсек, мектепке дейінгі білім беру бағытына, шет тілі, физика, биология пәні мұғаліміне сұраныс артып тұр. Одан бөлек, IT саласын таңдаған түлектің ұтылмайтыны тағы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет