8.2.5.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
8.3.4.1 эссе құрылымы
мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Оқылым стратегиялары / іріктеп оқу, талдап оқу арқылы комментарий жасай алады/
эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады, өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе)
Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдана алды.
Тыңдалым.Аудиомәтінді тыңдап,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. (0,5 балл).
Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін
жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.
Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті
рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Десек те, ол кейде біздің айтқанымыздай бола бермейді. Кейде ЖОО бітірген жастарымыздың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпауының өзі сондықтан. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері,
әрі білгірі болып, қашанда сұранысқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады.
Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен оның беделі, мансап перспективалары,
еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет. Өзін-өзі көрсетуге, әлеуетін ашуға жағдайдың жасалуы да маңызды. Әрине, мамандық таңдауда адам өзінің интеллектуалдық қабілетін,