Беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы кмм



бет16/47
Дата05.03.2024
өлшемі287.88 Kb.
#494300
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Т1, Т2 емт.ҮЛГІЛЕРІ пароль - Orken2024

Тапсырма:
Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Астана сәулет өнерінің жаңа тынысы
1997 жылдың желтоқсанында астанасы көшіру тәуелсіз Қазақстанның жай ғана саяси акті емес, сонымен қатар қала сәулетінің дамуындағы кезекті айналым болды.
2018 жыл – астананың 20 жылдық мерейтойымен барлық қазақстандықтар үшін айтулы. NDH интернет-порталы қаламыздың қалай өскенін, сәулетінің қалай өзгергендігін, тұрғындарының қалай өзгергендігін көрсетуді шешті.
Шынына келгенде, 90 жылдардың ортасында Ақмола шағын ғана, тыныш провинциалды қала болғанын мойындау керек. Монументалды құрылыстардың қатарына қаланың Орталық алаңын көріктендіріп тұрған Ленин ескерткішін, оның жанындағы саябақта Кеңес үкіметін құру жолында қаза болған большевиктерге арналған стеланы және қаланың кіре берісінде қонақтарды қарсы алып тұрған «К-700» айтуға болады. Бұл Ақмола үшін жеткілікті болғанымен, сұлулықты талап ететін болашақ астана үшін жеткіліксіз еді.
20 жыл бұрын әлемнің үздік сәулетшілері өздерінің шығармашылық қиялдарын іске асыруға мүмкіндік алу үшін тартысқа түсті. Отандық сәулетшілердің қолынан бірқатар бірегей туындылар шықты. Солардың бірі – Владимир Александрович Лаптев.
Владимир Лаптев – Целиноград ауылшаруашылық институтының түлегі, Целиноград қаласының бас сәулетшісі, 1995-2000 жылдары Астананың бас сәулетшісі лауазымын атқарды. Ол Астанадағы Қаржы министрлігі, қалалық әкімдік, «Қазақстан» спорт сарайы, «Солтүстік тәжі» ТК, «Арман» ТК, коньки тебу стадионы және тағы басқа белгілі ғимарат жобаларының авторы. Әңгімелегеннен сурет салуды оңай көретін адамдар бар. Бұлар – сәулетшілер, олар туралы дәл осылай айтады. Белгілі сәулетші В.Лаптев солардың қатарынан. Астана туралы Владимир Лаптев былайша еске алады:
– Біздің буынның Астана салу сияқты ауқымды жобаға қатысу жағынан жолы болды. Бұл үшін мен тағдырыма, мамандығыма, ең бастысы бәріміз үшін маңызды шешім қабылдаған Мемлекет басшысына ризамын. Астананы көшіргеннен кейін 20 жыл өткен соң, біз, сәулетшілер, мақтан тұтуға лайықты осы жылдары салынған ғимараттар емес, қала тұрғындарының, ел халқының көңіл-күйі қаламыздың негізгі жетістігі деп санаймын. Бұл барлық азаматтар қатысатын үдеріске деген мақтаныш. Бұл тіпті мақтаныштан да артық деп айтуға болады. Бұл: «Біздің қолымыздан келеді!» - деген ішкі қуаныш. Демек біздің 38 қолымыздан бұдан да артық істер келеді.
Бұл қалада біздің буын сәулетшілеріне де, келесі буын сәулетшілеріне жұмыс жеткілікті. Егер астана туралы айтар болсақ, алғашқы жылдары тілшілер: «Астананы қашан саласыздар?» деген сұрақты жиі қоятын. Бұл ретте бәрі де екі жылдан соң, әрі кетсе бес жылдан соң деген сияқты нақты жауап болу керек деп ұғынатын. Сол кезде мен: «Біздің астанамызды Париж, Лондон, басқа да қала-астаналармен салыстыру үшін 100, 200 немесе тіпті 300 жыл өтуі керек», - дедім.
100 немесе 200 жылдан соң, Парижде қаланың бас сәулетшісіне журналистер: «Сіздер қашан Астананың деңгейіне жетесіздер?», - деп сұрауы мүмкін деп санайды Владимир Лаптев.
Арман Сүлейменов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет