Беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы кмм



бет37/47
Дата05.03.2024
өлшемі287.88 Kb.
#494300
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Т1, Т2 емт.ҮЛГІЛЕРІ пароль - Orken2024

Тілдік бағдар

етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметі бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарда 4-5 қате жібереді.

етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметі бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарда 2-3 қате жібереді.

етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметі бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарда қате жібермейді.



Тыңдалым.
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
Достық деген не? Мен үшін – бұл ең алдымен, қиын уақытта көмекке келетін сенімді адамның болуы. Нағыз досқа сенің әлеуметтік мәртебен маңызды емес, ол сені ренжітпейді және қызғанбайды. Артыннан жаман сөздер айтпайды. Іспен болмаса да, кеңеспен көмектеседі. Әрине, кемшілігі жоқ адам болмайды, олда қателік жасап, жүрекке ауыр тиетін сөздерді айтып қалуы мүмкін. Сондықтан, бір-біріне кешірімді болу керек. Шынайы достық, шынайы махаббат сияқты, сирек кездеседі. Шынайы достық дегеніміз – бұл адалдық пен сенімділік. Нағыз дос, жолдасына ешқашан опасыздық жасамайды, ол әрқашан оған жанқияр болады. Барлық адам сізден бас тартқанның өзінде, ол сізді ешқашан тастамайды және әрқашан қасыңыздан табылады. Шынайы достар шыншыл болады, жағымпаздық пен екіжүзділікке орын жоқ. Шыңдық ашы болса да, оны жасырмай бетке айтады. Есіңізде болсын: достар – біздің айнамыз. Егер сіз адал болмасаңыз, өз досыңыздан адалдықты күтпеңіз! Біз көбінесе көңілді, мейірімді және жанашыр адамдармен достасуға тырысамыз. Бірақ, аспан әрқашан ашық бола бермейді, көмек керек болған кезде достарымызға жүгінеміз. Міне, осы сәтте, кімнің қандай екенін түсінеміз. Сен мұқтаж болған кезде, сеннен бас тартпаған жолдасыннан ешқашан айырылма! Өйткені, есінде болсын: досты жоғалту оңай, ал табу қиын! «Айырылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа» деген бар, соны есіңде сақта!
  • Шынайы достықтың мағынасын ашатын тірек сөздерді анықтаңыз.


А) жағымпаздық пен қулық В) махаббат пен адалдық


С) надандық пен шыншылдық Д) опасыздық пен екіжүзділік Е)сенімділік пен адалдық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет