Айтылым. Берілген тірек сөздер мен тұрақты тіркестерді қолданып, «Ұялы телефон»:пайдасы мен зияны» тақырыбына монолог құраңыз.
Ақпарат алмасу, қашықтықтан сөйлесу, күндіз-түні, екі адамның бірінде, байланыс құралы.
Оқылым.Мәтінді оқы. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Байланысудың ең тиімді құралдарының бірі-телефон.Телефон-қажетті ақпаратты электр сигналы арқылы тасымалдайтын,жеткізетін құрылғы.Осы сигналдар толқындар мен оптикалық шоғырсымдар арқылы әлемді шарлайды.Олар ауада Жер серігінің көмегі арқылы да саяхат жасай алады.Жердің қай түкпірінде отырсаңыздар да,қалаған адамыңызға қоңырау шалып,хабарласа аласыз.Телефондар көліктерде,ұшақтарда,кемелер мен механикалық машиналарда да қолданылады.
1876 жылы Бостонда американдық физик Александр Грэхем Белл телефонды ойлап тапты.Қазіргі кезде телефондар түрлі қызметке ие.Мысалы,бір телефонға келіп түскен қоңырауды екіншісіне жіберуге немесе бір сәтте бірнеше қоңырауды қабылдауға болады.Шоғырсымға жалғанбайтын сымсыз телефондар да кеңінен дамыды.Шын мәнінде «сымсыз телефон» деп ұялы телефондарды айтуға болады.Ең соңғы үлгідегі мобильді телефондар ұялы желіге жалғанған.Сөйлесуден бөлек,ұялы телефондар бізге хабарлама мен суреттерді жіберуге мүмкіндік береді.Факс машиналары телефон арқылы бетті сканерлеп,қажетті номерге жеткізеді.
Берілген мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікіріңізді 1 сөйлеммен беріңіз.
3. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, факті мен көзқарасты ажыратыңыз.
Негізгі ақпарат
|
Қосымша ақпарат
|
Факті
|
көзқарас
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |