Бесқарағай ауданың 2007 жылы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2008 жылға міндеттер



жүктеу 107.84 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі107.84 Kb.
Бесқарағай ауданың 2007 жылы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2008 жылға міндеттер

БЮДЖЕТ
2007 жылы аудан бюджеті кірісі жағынан 100,5 пайызға орындалды, ал өткен жылдың осы кезеңінде бюджеттің орындалуы 99,5 пайыз болған.
Жергілікті бюджетке түсетін өзіндік кірістердің жоспары 2007 жылы 102,3 пайызға орындалды, өткен жылдың осы кезеңінде өзіндік кірістер 99,6 пайызға орындалған болатын.
Бюджеттің шығыс бөлігі 2007 жылы 99,8 пайызға орындалды, осының нәтижесінен  жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, жолдарды ұстау, сумен жабдықтау сияқты бағдарламаларды толығымен қаржыландырылды.
Ауданда дебиторлық қарыз болған жоқ. Бір-ақ, несиелік қарыз 32247,0 мың теңгені құрап отыр, бұл 25816,9 мың теңге- білім беру қызметкерлерінің еңбек ақыларын жабу үшін 2008 жылдың бюджетінде қаралды.
2007 жылғы 19-шы желтоқсан айында өткен мәслихат сессиясында депутаттармен бірлесе, 2008 жылға арналған бюджетті бекітті. Негізгі кірістің түсімдері 181,5  млн.теңге болса, шығыс бөлігі 970,5 млн.теңгені құрады, білім беруге жұмсалатын қаражаттар 562,2 млн.теңгеге, жолдарды ұстау - 52,8 млн.теңгеге, ал 2007 жылы көрсеткішіміз 40,8 млн.теңгеге көбейді. Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға, тазалауға және көркейтуге 7,1 млн.теңге бөлінді, ал 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 млн.теңгеге артық немесе 48 пайызды құрайды. Мемлекеттік тілді оқыту Орталығын ашу үшін әуелі 1,5 млн.теңге бөлінді. Б-Владимировка ауылындағы су құбырларынның ЖСҚ-ны дайындауға 15,0 млн.теңге бөлінді, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға – 2,9 млн.теңге бөлінді. Нақтырақ айтқанда, аудан бюджеті аудандағы барлық салаларға тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Өткен жылы 2010 жылға дейін ауылды тұрақты дамыту бағдарламасын іске асыру және ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдалану жұмыстарын жүргізу  басталған болатын.
2008 жылға арналған бюджет 7,8 млн.теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 млн.теңгеге артық немесе 21,9 пайызды құрайды.
2006 жылмен салыстырғанда барлық малдар басының өсуі байқалуда. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарында және азаматтардың жеке аулаларында 30,7 мың бас ірі қара және 36,6 мың бас ұсақ малдар, 6,0 мың бас жылқы, 2,8 мың бас шошқа және 28 мың құстар бар.
2006 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, бір жыл ішінде ет өндіру 100 пайызға, сүт- 103,1 пайызға, жұмыртқа-100 пайызға, жүн -107,3 пайызға, орындалды.
Шаруа қожалықтарының санының ұлғаюы да жалғастырылуда, қазіргі уақытта олардың саны-728-ге жетіп отыр.
Ауданда малдар басын жаңарту жұмысы қолға алынуда.  Алты шаруашылық асыл тұқымды малдарды өсірумен айналысады, ауданға 700 бас асыл тұқымды жас малдар әкелінді.
Ауданның «Лана» шаруа қожалығы (басшысы Әділев Т.Е.), «АС АЙ және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (басшысы
Есімбеков А.О.) 2008-2009 жылдары асыл тұқымды малдар өсіретін фермалар ашуды жоспарлауда.
Қыстық малдар азығыда қамтамасыз етілді, ауданға 85 мың тоннадан аса малдар азығы дайындалды, ол біздің қажеттілікті толық жабады.      
Егін шаруашылығымен айналысушылармен 32,2 мың гектар егістікке дәнді-дақылдар егілді, бұған дәнді-дақылдарды себу мен оны жинау үшін қажетті дизель отындарын сатып алуда шаруашылықтарға мемлекет жағынан көрсетілген көмектер ықпалын тигізді. 123 шаруашылық 18 млн.теңгедей ақшалай көмек алып, 8 жаңа техникалар сатып алды. Аудан бойынша дәнді-дақылдардың жалпы өнімі 25,7 мың тонна немесе 8,5 центнер гектарынан құрады, бұл ауданның әрбір тұрғынына 1,06 тоннадан келеді.
Ауданда малдарды қолдан ұрықтандырудың үш пункті жұмыс істейді, тағы екі пункті ашылуда, оның құрал-жабдықтарын сатып алуға жергілікті бюджеттен қаражаттар бөлінде.
Агроөнеркәсіп кешенінде қайшы келетін тенденциялар әлі де болса баяу жүргізілуде. Біз әлі де болса егістік жерлерді төмен пайдаланудамыз, көптеген егістік жерлерде ауыспалы егістіктер қолданылмайды, парлар жоқтың қасы.  Мұның, бәрі көптеген шаруа қожалықтарының шағын  жерлерді иеленетіндігі, экономикалық жағынан төмендігі, жаңа техникаларды, сапалы тұқымдарды сатып алуда және үздік технологияларды қолдануда мүмкіндіктерінің жоқтығына байланысты.
Мал шаруашылығында малдар санының және өнімділігінің өсіп жатқан қарқынына қарамастан, әлі де болса олардың сапалық көрсеткіштері және өнімділігі төмен деңгейде. Өкінішке орай бір жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін бірде-бір цех іске қосылған жоқ, өнімдерді қабылдайтын пункттер жоқтың қасы.

ШАҒЫН БИЗНЕС
Өткен жыл кәсіпкерлік саласының дамуына ықпал етті. Салық комитетінің 2007 жылғы 21-ші желтоқсандағы мәліметі бойынша ауданда 1153 бизнес субъектілері тіркеліп, осы саладағы жұмыспен айналысатын халықтардың саны 1836 адам  болып отыр. Бір жыл ішінде қосымша 11 сауда объектілері, 1 қызмет көрсету салалары, 2 шағын-наубайхана ашылып, 18 жұмыс орнына ұлғайтылды.    
Кәсіпкерлік қызметтерден жергілікті бюджетке түсетін кірістер анағұрлымға өсті. 2007 жылы олардың жалпы салмағы 45,1 млн.теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 61 пайызға артық.
Біз, алдағы уақытта да бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Біз, өндірісті, шикі заттарды өндеуді дамытуға, үй іші тұрмысына қажетті заттарды дайындауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға үлестерін қосатын кәсіпкерлерді жан-жақты қолдайтын боламыз.       
Ауданда құрылыспен айналысатын, құрылыс материалдарын дайындайтын бірде-бір кәсіпорын жоқ, оларды ашуға ауданда барлық жағдайлар бар.
Халықтар тұрғын үйлерді жөндеу мен құрылысына қажетті сапалы материалдарды сатып алуда қиындық көріп жүр, мұның бәрін бізге қайтадан жаңарту  қажет.

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Бюджеттің шығыс бөлігі 2008 жылы 80,4 млн.теңгені құрастыр-ды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,7 млн.теңгеге артық немесе 21,9 пайызды құрайды.
Өткен 2007 жылдың 1-ші қаңтарында ауданда кедейліктің төмен деңгейінде тұратын отбасылардың сандары 1175 адамнан тұратын 247 отбасы болса, 2008 жылғы 1-ші қаңтарда 1078 адамнан тұратын 234 отбасын құрап отыр.
Қазан айында төмен деңгейінде тұратын халықтардың тұрмыс деңгейін тексеру барысында 619 отбасы анықталды, онда 2798 адам тұрады. Ауылдық округтерге бөлгенде ең төменгі күнкөріс деңгейі Семияр ауылдық округінде - 23,7 пайызды құрайды, бұл аудан көрсеткішінен - 12,1-ге жоғары. Ең төмен көрсеткіш Семеновка округінде - 2,9 пайыз немесе аудан көрсеткішінен - 8,7-ге төмен.     
Төмен деңгейінде тұратын халықтарға-35760,6 мың теңге көмек көрсетіліп, 7049 адам қамтылды. 2008 жылдың 1-ші қаңтарында белсенді халықтар арасындағы жұмыссыздардың тіркелген үлестері 1,0 пайыз, бұл өткен жылдың осы жылымен салыстырғанда-0,2 және облыстық көрсеткіштен-0,1.
Тіркелген жұмыссыздар саны 2008 жылғы 1-ші қаңтарда-132 адамды құрап отыр.
Аудан бойынша жұмысқа орналастыру бойынша арыз бергендердің ішінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру     
деңгейі- 91 пайызды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары, олар:
-тұрақты, маусымды және өзін-өзі қамту арқылы жұмысқа орналасу Б-Владимировка, Басколь ауылдарында жоғарғы деңгейде;
-жұмысқа орналастырудың төмен деңгейі Беген ауылдық округінде.
Жұмыссыздар санын анағұрлым төмендету үшін жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. 2007 жылы бар жоғы 114 жұмыс орны ашылды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға артық:
-анағұрлым жұмыс орындары Б-Владимирока, Сосновка ауылдық округтерінде ашылса;
-анағұрлым аз саны Беген ауылдық округінде ашылған.
2007 жылдың қорытындысы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға 277 адам қатыстырылды, бұл жылдық жоспардың 102 пайызға орындалғанын байқатты.
2007 жылы Б-Владимировка ауылдық округінде қаржыландырумен ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды.
Өткен жылы жұмыссыздарды ауданға қажетті- сылақшы, шаштараз, газоэлектросварщик, автомобиль жөндеуші слесарь, аспазшы және оператор мамандықтары бойынша- 30 жұмысшы оқыды. Оқыту «Отан» АҚОО, «Болашақ» КТМ, құрылыс колледжі бойынша жүргізілді.   Жұмыссыздарды оқыту жөніндегі жылдық  жоспар толық 100 пайызға орындалды.
«Жастар тәжірибесіне» 10 адам жіберіліп, оның 5-уі жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына-6 адам жіберілді.    
Толығымен айтқанда халықты жұмыспен қамту Бағдарламасы 2007 жылы барлық көрсеткіштер бойынша орындалды. Аудандық әкімдіктің ерекше қамқорлығында.

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Мектептер мен басқа да білім беру мекемелерін ұстауға бюд-жеттің екіден үш бөлігі жұмсалады. Бюджеттің шығыс бөлігі 2008 жылы 562,2 млн.теңгені құрастырды, бұл өткен жылмен салыстыр-ғанда 125,7 млн.теңгеге артық немесе 28,8 пайызды құрайды.
Ауданда 27 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде бір мектеп-бақша, 19 орта мектеп. Мектептердің көбі білікті кадрлық оқытушылармен іріктелінген, олардың арасында өз істерінің шеберлері аз емес. Олар өздерінің күштері мен білімдерін болашақ жас ұрпақтарға білім беру
мен тәрбиелеуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арнайды, мұның нәтижесін биылғы өткен бірыңғай ұлттық тестілеуден көруге болады, бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытынды аттестациясынан 324 оқушы өтті, жалпы жиыны 82 пайыз. Ауданның барлық мектептеріне 2008 жылдың ҰБТ-ді өткізудің материалдары өз уақытында жіберілді.
Сондай-ақ, білім беру саласының материалдық-техникалық базасын нығайту, мектептерді күрделі, ағымды жөндеу, жаңа мектептер салу мәселесі рет-ретімен шешілуде.
2007 жылы Беген орта мектебінің құрылысы басталды, Семияр орта мектебінің құрылысы 2009 жылы басталатын болады. Барлық қоғамдық білім беру мектептерінде 1,0 миллион теңге сомаға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 7,8 млн. теңге жоспарланып, 7,8 млн.теңге меңгерілді немесе 100 пайызға орындалды.
Кривинка орта мектебінің спорт және акт залдарының төбелерін және жылу беру жүйелерінің ішкі жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстары 5,7 млн.теңге сомада жүргізілді.
Облыс әкімінің төтенше қорынан 2775,8 млн. теңге 9 ақша қаражаттары ауданның зақымдалған білім беру объектілерін жөндеуге және қалпына келтіру жұмыстарына бөлінді.
Білім беру жүйесін информатизациялау саласында үлкен өзгерістер болды. Интернет жүйесіне  барлық 27 мектептер кіре алады, кейбір мектептер лингвистикалық, мультимедийкалық кабинеттер алды.
Мектептерде буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылды, 213 бала демеушілердің қаражаттары есебінен ақысыз тамақтандырылады.
Жазғы кезеңдерде барлық мектептерде мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылды, балалар экскурсияларға шықты, төмен қамтамасыз етілген отбасылардың ішінен 70 бала жолдамамен «Радуга» лагерінде демалды. 2007 жылғы 394 түлектердің ішінен жоғарғы оқу орындарына 129-ы түсіп, оның 79 грантқа түсті.    
Бірыңғай Ұлттық тестілеудің орташа бал аудан бойынша 63,6 құрады, ал 2006 жылы көрсеткішіміз 56 бал болды. «Алтын белгіге» ұсынылған 9 түлектің ішінен 4-уі өздерінің білімін қорғай алды, ерекше үлгі аттестатына ұсынылған екеуі де қорғай алмады.
«Сәулетай» балалар ойындарында ауданның балалар құрама командасы 8 орынды иеленді.
Біздің ауданда кәсіби мамандыққа насихаттау жұмыстары төмен жүргізілуде, қанша жыл аграрлық, құрылыс мамандарының жетіспеушілігіне тап болудамыз, бір-ақ та, анағұрлым қабілетті мектеп бітірушілер заңгер, экономист, қаржыгер мамандығын алуға тырысады. Мұнда біз ата-аналар қоғамы мен үкіметтік емес ұйымдардың күштеріне сенеміз.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданда емдеу-профилактикалық мекемесінің дамыған жүйесі жұмыс істейді, онда 32 дәрігер, 116 орта медициналық қызметкерлер қызмет атқарады, ауруханаларды, ауылдық дәрігерлік мекемелерді қаржыландыру анағұрлымға ұлғайтылды.
Дәрі-дәрмектерді сатып алуға-11,5 млн теңге жұмсалды. Медицина мекемелерінің ғимараттарын күрделі- 12,1 млн. теңге жұмсалды. 
Мемлекеттік бағдарлама бойынша әйелдерді тексеру, 18 жасқа дейінгі балаларды тексеру жүргізілді.
Ауданда аналар мен сәбилердің өлімдері тіркелген жоқ,  жұқпалы аурулармен, оның ішінде өкпе ауруымен ауыру анағұрлымға төмендетілді.
Алдағы уақытта біз халықтар үшін  маңызды саланы реформалауды жеделдетуді, әсіресе алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыруды, ауданға қазіргі заманға сай әдістермен емдеуді меңгерген жас мамандарды тартуды жоспарлап отырмыз.

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢЕСТІК
Бюджеттің шығыс бөлігі 2008 жылы 42,6 млн.теңгені құрастыр-ды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5 млн.теңгеге артық немесе 41,5 пайызды құрайды.
Ауданда халықтарды эстетикаға және патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызды рөлі мәдениет мекемесінің міндетінде. Ауданда қазіргі уақытта аудандық Мәдениет үйі, 2 клуб, 1 аудандық орталық кітап-хана, 15 ауылдық  филиалдары жұмыс істейді. Кітаптар қоры жыл
сайын толықтырылады және қазіргі уақытта оның саны- 398500 дана болса, мемлекеттік тілдегісі-130485 дананы құрып отыр, мұнан 2006 жылмен салыстырғанда 10129 данаға артқанын байқауға болады.
Мәдениет ұйымының қызметі мәдени мұраны сақтауға бағытталған, олар концерттік бағдарламалармен мәдени-көпшілік іс-шараларын іске асыруда, біздің ауданның мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы әр түрлі республикалық, облыстық конкурстарға қатыса отырып, өздерінің кәсіпкерлік шеберліктерін көрсете білді.
Семей қаласында өткен «Русская хореография» атты облыстық фестивалға қатысып, фестиваль лауреаты атанды, 2007 жылғы 22 қараша күні Өскемен қаласында өткен көркемөнерпаздарының байқауында облыстың аудандары арасында 2-ші орынды иеленді.
«Экситон» ансамблі «Халық» атағына ие болса, «Чародей» үлгілі ұжым атағына ие бола білді.
2 би тобы жұмыс істейді, оған 49 бала қатысады.
Ауданда мемлекттік мерекелер күндерін, талантты және дарынды балаларды айқындайтын «Ақ-қайың» балалар гала- байқау концертін өткізу дәстүрге айналды. Бұл істердің негізін ұйымдастырушы мәдениет бөлімінің және балалар саз мектебінің бірлескен жұмыстары болып табылады.
Ағымды жылы мемлекеттік ұйымдардың іс қағаздарын мемлекеттік тілге 2007 жылдың қаңтарынан бастап көшіруге байланысты шаралар қолданылуда. Бұл жұмыстар атқарушы органдардың ерекше назарында болуы қажет. Мектептердегі тілдердің сапалы оқытылуына ерекше назар аударылу қажет, мемлекеттік тілді үйренуге ынталанған біздің азаматтарды жан-жақты марапаттау және ынталандыру қажет.
Біздің аудан жыл сайын облыс әкімінің жүлдесіне спроттың 20 түрі бойынша өтетін Халық спорты ойындарына қатысып, облыстың 14 аудандары ішінде 7-ші орынға ие болды.
Ауданда «Тұлпардың тұяғы» атты ат-спорты Башкуль ауылының 170 жылдығына орай өткізіліп, бұл мерекелік сайысқа жақын шет елдерден қонақтар келді. Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде «Жастар» шеңберінде жазға және қысқы спартакиадалар өткізіледі. Оқушы жастарды салауатты өмір тарту
бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көпшілік-спорттық іс-шаралар Конституция, Республика күндеріне орай ауданның  жастары  арасында волейбол, футбол, шағын–футбол бойынша өткізіледі.
Халықтардың әртүрлі топтары арасында, бірінші кезекте жастар арасында салауатты өмір салтын енгізуді біз алдағы уақытта басымдық міндет ретінде қарайтын боламыз, өйткені бұл маскүнемдікпен, шылым шегумен, нашақорлықпен және де басқа да теріс әсер ететін құбылыстармен күресудің маңызды жолы.

ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
Ауданда тұрғын үй құрылысының бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс басталды. 2007 жылдың ішінде тұрғын үйлердің пайдалануға берілетін 300 шаршы метрінің 1244 шаршы метрі немесе 400,1 пайызы пайдалануға берілді. 2008 жылы аудандық бюджеттен бір пәтерлі 6-ты тұрғын үй салуға 9,0 млн.теңге, ЖСҚ-ны дайындауға және басқада шығындарға 2,0 млн.теңге бөлінді.
Аудан дамыған жолдар жүйесінде орналасқан, оның ұзындығы 400 шақырым қашықтықтан асады. 2007 жылы ауданның жолдарын ағымды жөндеу мен ұстауға 12,0 млн. теңге меңгерілді. Аудандық бюджеттің қаражаттары есебінен Семей-Долон- М-Владимировка- Қоянбай  жолдарын күрделі жөндеуге сметалық-жоба құжаттары дайындалды. Біз Ресейге шығатын жолдардың статусын өзгерту, облыс бюджетінің қаражаттары есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша жұмысты қолға алудамыз. Биылғы жылда жолдарын ағымды жөндеу мен ұстауына 52,8 млн.теңгеден артық бөлінді және ЖСҚ-на – 4,0 млн.теңге.
«Таза су» бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда. Биылғы жылы 29 млн.теңге Кривинка ауылының су құбырларының жүйесін жөндеуге бөлініліп, меңгерілді
Мемлекет соңғы жылдары орман шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен көмек көрсетуде. Оның тұрақты құрылымы құрылды, қаржыландыру, материалдық-техникалық  жабдықтау ұлғайды, орман күзеті штаты қалпына келтірілді, бір-ақ кейбір азаматтардың жауапсыздығы, салбырттығы 2007 жылы «Семей орманы» МОТР ММ-нің Беген, Долон, Жаңасемей филиалдарындағы өрттердің болуына әкеп соқтырды, орман материалдарын ұрлау жағдайлары да
орын алуда.
Атқарушы, құқық қорғау органдары осындай стихиялық апаттарды алдын алу бойынша қосымша ұзақ мерзімді шаралар қолдануда.
Күнделікті бақылауда құқық тәртібі мен қоғам қауіпсіздігі мәселесі алынды. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс жасау деңгейі 10,6 пайызға төмендетілді, өткен жыл ішінде қылмыстарды ашу 87,5 пайызды құрады, осының нәтижесінде ауыр қылмыстардың толық ашылуы қамтамасыз етілді (өлтіру, денеге ауыр зақым келтіру, ұрлық, зорлау, көліктерді ұрлау). Ауданда жас өспірімдердің қылмыстары тұрақтандырылды. Бұл ауданның құқық тәртібі органдарының, мұғалімдер ұжымдарының, ауылдық округтері әкімдерінің және ауылдардың қоғамдарының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі.
Аудан аумағында 36 бастауыш ұйымдарды, 1159 мүшелерін біріктірген «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жұмыс істейді, онда 115 жастар мүшесі бар.
Аудан аумағында 11 мұсылман мешіті, 2 религиялық бірлестіктер және 1 Евангель христиан баптистерінің қоғамы жұмыс істейді. 2007 жылы Бозтал ауылының мешітін салтанатты ашу іс-шарасы өткізілді. Демеушілік көмек ауылда туып-өскен кәсіпкер Зекеш Жуматкызы Атыгаевамен көрсеттілді. 
Ақ қолтық ауылында жұмыс істемейтін, демеушілердің қаражаттары есебінде қайтадан қалпына келтірілетін және тарихы бар мешіт орналасқан. 2008 жылы Б-Владимировка ауылындағы шіркеудің ғимаратын қайта жөндеп, іске қосу жоспарланды.
Аудан жастары «Нұр Отан» партиясының үгіт тобының құрамында сайлау науқанына қатысты. Олар ауыл тұрғындарымен кездесіп, плакаттар, партияның футболкаларын таратты, сұраулама жүргізу сияқты қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингін өткізді.
Аудан жастары «Жастар-елдің болашағы, оның стартегиялық күші» атты дөңгелек үстел және атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен құқық бұзушылықты алдын алу бойынша екі семинар өткізді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет