6.2 Al3 + катионының реакциялары
6.2.1NaOH, KOH әсері
Реакцияның орындалуы
Алюминий тұзы ерітіндісінің 5-6 тамшысына 1-2 тамшы NaOH (KOH) ерітіндісін қосып тұнба түзілгенін байқау. Тұнбаны екіге бөліп, бірінші сынауыққа 2н. HCl, екіншісіне - 2н. NaOH ерітіндісін қосып, тұнбаның ерігенін көру. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.2.2 NH4OH әсері.
Реакцияның орындалуы
Al3+ тұзы ерітіндісінің 2 тамшысына 3-4 тамшы NH4OH ерітіндісін қосып тұнба түзілгенін көру. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.2.3 Na2HPO4 әсері.
Реакцияның орындалуы
Ерітіндінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы Na2HPO4 ерітіндісін қосып,тұнба түзілгенін байқау және түрлі қышқылдарда ерігіштігін тексеру.
6.2.4 (NH4)2S әсері.
Реакцияның орындалуы
Алюминий тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы Na2S, (NH4)2S ерітіндісін қосып,ақ тұнба түзілгенін байқау. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.2.5 Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3 әсері.
Реакцияның орындалуы
Al3+ тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы Na2CO3 (K2CO3) ерітіндісін қосып, қоймалжың ақ түсті тұнба түзілгенін байқау. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.2.6 ″Тенар көгін″ алу.
Реакцияның орындалуы
Сүзгіш қағаздың бір бөлігін алып, оған алюминий тұзы ерітіндісін тамызып,Co(NO3)2 бір тамшысын қосып кептіріп, кепкен соң жағу қажет. Алюминий иондары қатысында көк түсті күл қалады, бұл Co(AlO2)2 -тенар көгі деп аталады.
2 Al2(SO4)3 + 2 Co(NO3)2 = 2 Co(AlO2)2 + 6 SO3 + 4 NO2 + O2↑ (19)
6.2.7 1-2 диоксиантрахинонның (ализарин) әсері.
Реакцияның орындалуы
Реакцияны тамшылату тәсілімен орындайды. Сүзгіш қағаздың ортасына 1 тамшы K4[Fe(CN)6] ерітіндісін тамызып кептіреді. Осы тамшының ортасына 1 тамшы Al3+ ерітіндісін қосады.Концентрлі аммиак ерітіндісінің буында ұстап, тамшының шетіне ализарин ерітіндісін жүргізеді. Al3+ катионының қатысында ашық қызыл түсті қосылыс түзіледі.
Ализарин және оның түрлі туындылары алюминиймен аммиакты ортада ашық қызыл түсті тұнба түзеді. Бұл қосылысты ″алюминий лагы″ деп атайды, сірке қышқылында ерімейді.Алюминийдің бұл реакциямен анықтауына Cr3+, Zn2+, Fe3+ катиондары кедергі жасайды, себебі олар да ұқсас қосылыстар түзеді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |