Беттер Кесте Сурет Әдебиеттер



бет37/41
Дата25.11.2023
өлшемі3.94 Mb.
#484446
түріДиплом
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Дип.-Ашытқы-саңырауқұлақтарын (1)

Жеке тапсырмa

Жасанды жарық табиғи жарық жетіспеген кезде жұмысқа комфорттық жағдай жасау үшін, тәуліктің түнгі уақытында, сонымен қатар табиғи жарық жоқ ғимараттарда қолданылады.


Жасанды жарық функционалды белгілеумен жұмыстық және авариялық болып бөлінеді. Қажет болғанда әйтеуір бір жарықтың шырақтарының бір бөлігі кезекші жарықты қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Жұмыс жарығы – барлық ғимараттар мен үйлерді қамтиды сонымен қатар жұмысқа арналған ашық учаскелерді, адамдардың жүретін жерлерінде транспорт жолдарын қамтиды.
Авариялық жарық – жұмыс жарығының авариялық өшірілгенде жұмысты жалғастыру үшін арналады.
Эвакуациялық жарық – ғимараттардағы жұмыс жарығы авариялық өшірілгенде адамдарды сол жақтан эвакуациялау үшін қолданылатын жарық. Адамдардың жүруі үшін қауіпті жерлері ескеріледі, қайда бір мезгілде адам саны бола алады.
Қажетті жарықты жуықтап есептеу. Жасанды жарық көзінде горизонтальды бетінің қажетті жарығын есептейтін формула.
мұндағы: Е – нормаланатын жарықтың ең төмен мәні, люкс
A – әр лампаның жарық ағыны, люмен
– жарық ағынын пайдалану коэфиценті.

Төбе мен қабырғадан шағылу коэфицентіне және бөлме көрсеткішінің шамасына тәуелді болады, і:

мұндағы: і - бөлменің көрсеткіші
h - шырақ салпыншағының жұмыс бетінің үстінен биіктігі, м
A - бөлменің ұзындығы, м
В - бөлменің ені, м
N - шырақтардың саны, шт
S - бөлменің ауданы, м2
К3 - қор коэфиценті
Z- жарықтың бірқалыпсыз коэфнценті
Бөлме ауданын есептеу формуласы:



Лампаның түрі НВ - 10 (127 вольт) НВ - 23 (220 вольт). Қуаты 60 ватт.
Қоршаған ортаны қорғау

Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы әсер етпеуі керек. Табиғи ортаға деген тұтынудан туындайтын қатынас қазіргі және болашақ ұрпақтар мүдделері үшін тиімділікті, байыптылықты және саналықты қажет ететін қатынаспен ауысуы қажет.


Табиғи ресурстарына баю мен пайда көзі ретінде қарамау керек, шамалы табысқа болса оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерінің бірі әлем кеңістігін игеру қазіргі экологиялық дағдарыстың себепшісі деп есептейтін көзқарасты жақтайтындар да табиғи ортаға әсер етудің кең ауқымды мүмкіндіктері және құралдармен жапрақаттандырып қана қоймай, сонымен бірге бұл сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп береді.
Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеуге, қамқорлық танытуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктердің бірнешеуі төмендегідей:

  1. табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны жаппай өндіріске ендіру және ортаның ластануын барынша азайту;

  2. су шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін өндірісті сумен жабдықтаудың қайтымды және тұйық айналымдарын кең қолдану;

  3. топырақтағы ылғалдың жиналуын, атмосфералық ауадағы газдардың тепе-теңдігін сақтау мүмкіндік беретін орман алқаптарының сақталуы және қалпына келтіру;

  4. жылу мен энергияның дәстүрлі көздерінің атмосферадағы көмір қышқыл газының жиналуы мен климаттық өзгеруінің алдын алуға мүмкіндік беретін табиғи көздерімен алмастырылуы болып табылады.

Ғылым мен техниканың бүгінгі таңдағы даму барысын негізге алғанымызбен, жер шарының табиғаты мен байлығын сақтауға мүмкіндіктің бар екенін мойындауымыз керек. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестің кінәлаудың орынына оның жетістіктері мен бағдарын, жаңа технологияны, техника мен тексеру, бақылау құралдарын жердегі бүкіл тіршілік пен қоршаған ортаға пайдасы тиетіндей етіп пайдалануды үйренуіміз керек.
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқты көтермейді . Қоғам мен табиғатқа, табиғи ресурстарына деген тұтқыншылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Қоғамдық қажеттілікті жалғыз объективті фактор, ал техникалық-экономикалық есепті жалғыз дұрыс негіздеме деп тану, табиғат дамуының объективтік заңдары, экологиялық фактор ұмыт қалған жағдайда оның табиғатқа тигізетін әсерін табиғатқа деген көзқарас ретінде қарастыруға болмайды.
Барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Қант, шарап, арақ, сусын, өсімдік майын жасайтын орталықтар негізінде Оңтүстік аймақтарда орналасқан.
Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қатты, сұйық және газды түрде заттарды қоршаған ортаға тастауына байланысты ластаушы көздің бірі болып саналады. Атмосфераға зиянды заттар шығаратын көздерге технологиялық пештер, буып түсетін аппараттар, сепараторлар, нейтрализаторлар, қабық тазалағыштар, темекі кесетін машиналар, ет өңдейтін өндірістер, еритін кофе дайындайтын кәсіпорындар, дән жарғыш машиналар мен астық тазалайтын орындар жатады.
Пісіру, қуыру, балық пен етті сүрлеу, томат қайнату, дәмдеуіштер мен кондитер өнімдерін дайындау барысында организмге жағымсыз әсер тигізетін иістер бөлінетініне байланысты бұл процестердің бәрі зияндылығы бар деп есептелінеді.
Жыл сайын бұл өнеркәсіптер миллиондаған текше метр суды қолданып, оның 70-80% көлемін ластанған түрде қоршаған ортаға қайта жіберіп отырады. Бұлардың құрамындағы зиянды заттардың мөлшері бірнеше мыңдаған тонна деңгейінде. Ақаба сулардың құрамында көбінесе кездесетін заттар ас тұзы, жууға, дезинфекциялауға қолданылған қосылыстар, нитриттер, фосфоттар, сілтілер, шикізат пен жем қалдықтары, т.б.
Консерві шығаратын зауыттардан шикізат ретінде пайдаланған жеміс-жидектің, көкөністің т.б. өсімдіктердің 20-25 % қалдыққа айналып, табиғи ортаға тасталынады. Сонымен қатар, ақ қағылтырды лақтағанда қолданылған лак ерітінділері мен органикалық еріткіштер ауаға ұшып ластап отырады. Кейбір ірі консерві зауыттарында, әсіресе жаз айларында, шикізатты уақытылы өңдеп ҝлгере алмағандықтарының салдарынан олардың біраз мөлшері бұзылып, қалдыққа айналады. Бұны да қоршаған ортаны ластайтын жағдайлардың бірі деп есептеуге болады.
Қалдықтар-пайдаланылмаған немесе пайдаланып болмаған шикізат. ГОСТ пен 25916-83 сәйкестігінше «заттық қор екінші қайтарарлар (терминдер және анықтамалар)», өндіріс қалдықтарына шикізат қалдықтары, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, өнім өндірісі кезінде немесе жұмыстардың орындалуыда және толық ескірген немесе жарым-жарты негізгі тұтну қасиетінің құрылымдары, ал тұтыну кетулеріне-физикалық немесе адамгершілік тозық нәтижесінде өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалған бұйымдар және материалдар жатады. Халық шаруашылығында пайда болған өндіріс қалдықтары және тұтынулары екінші қайтармалық заттық қорлар болып табылады. Екінші қайтармалық заттық қорлар болып табылады. Екінші қайтармалық заттық қорлар бұл әлі екінші қайтармалық шикізат емес. «Қазіргі уақытта халық шаруашылығында қайта қолданыла алатын екінші қайтара қорлар» екінші қайтармалық шикізат ретінде анықталады. Екінші қайтара материалдар қазіргі кезде қолдануға арналған шарттары жоқ, қолданылмайтын қалдықтары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет