Қорытынды
Ашытқы саңырауқұлақтарын адам баласы қолданып өсіріп, өз шаруашылығында пайдаланады. Ал, табиғатта жабайы ашытқы саңырауқұлақтары да болады. Ашытқы саңырауқұлақтарының адам баласына пайда келтіретін түрлерін біз мәдени ашытқы саңырауқұлақтары деп атаймыз. Ашытқы саңырауқұлақтары өнеркәсіпте кең қолданылады. Олар қантты ашытып, көмір қышқыл газы мен спирт түзеді. Олардың бұл қасиетін нан ашытқы өндірісінде және спирт өндіруде және түрлі шараптарды, сыраларды, сүт тағамдарын даярлауда қолданылады.
Ашытқы саңырауқұлақтарында ақуыз және витаминдер (В, Д, Е) мол болады, сондықтан оларды қазір. тамақ және мал азығы мақсатында кеңінен қолданады. Сонымен қатар ашытқы өндірісінде престелген және кұрғақ ашытқы өндіріледі.
Олар негізінен нан пісіру үшін қамыр ашытуда, кондитер және консерві өндірісінде қолданылады. Одан басқа да оларды шикізат ретінде витамин өндірісінде О және В2 витаминдерін алуда, медицинада бір қатар емдік препараттар, нуклеин қышқылдарын және түрлі ферменттерді алуда, микробиологияда қоректік орталарды дайындауда және де ауылшаруашылығында ірі қара мал асырауда, құс және балық шаруашылығында кеңінен қолданылады.
Нан ашытқысы өндірісінде негізгі шикізат болып меласса саналады. Нан ашыткысы ашытқы жасушасының биомассасы болып саналады, биохимиялық активті заттардың бай комплексін құрайды және ферменттік активтілігін білдіреді, ол ұнды, қанттың қарқынды ашуын қамтамасыз етеді және қамырдың жақсы көтерілуін қамтамасыз етеді.
Ашытқының адам өмірінде ерекше. Ашытқыны ертеден нан пісіруде, спирт алуда және де басқа да азық- түлікте қолданған. Халық шаруашылығында ашытқымен бәсекеге түсетік тек қана сүт қышқылыньң бактериялары. Жер шарында еш бір адам баласы өзінің күнделікті өмірінде "еңбекпен" осы микроорганизмдерді қолданбаған. Нан пісіруде қолданатын ашытқыларды өндіру процесі жекелеген технологиялық операциялардан тұрады. Қоректік ортасын дайындау, ашытқыларды өсіру, престелген ашытқыларды бөлу, буып түю және орау, кептіру және кептірілген өнімді орау.
Нан ашытқы өндірісінде қоректік орта болып түрлі қоспалар мен микроэлементтері бар азот жэне фосфор құрамдас қоректік тұздар мен қызылша массасының ерітінділері саналады.
Дипломдық жобаның тақырыбы бойыншы экономика жағынан жоғарғы пайда алу болып табылады.
Техника экономикалық көрсеткіші бар қазіргі заманғы спирт кәсіп орындарын жоспарлауда жаңа ректификациялық қондырғы енгізілген. Рентабелдік дәрежені сатып алу мерзімі. Жыл пайдасы мың теңгені құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |