1.1.8 Ашытқы классификациясы
Метаболизмге және генетикалық қасиетке негізделген олардың бірнеше классификациясы бар. Классификация кезінде жасушалардың көмірсуға қатынасын немесе витаминдерге қажеттілігін, өсу факторын және спораларын ескеру қажет. Ашытқылар Ascomycetes класына, Endomycetales қатарына, Saccharamyctacea туысына, Saccharamyces тегіне жатады. Ол 41 ашытқы түрлерін біріктіреді. ХІХ ғасырда М.Ханзен алғашқы рет ашытқылардың жүйелеуін ұсынып, беттік ашытқыларды Sacchоmeces cerevisae деген ат қойған. Бұл ашытқылар Англияда, Великобритания мен Германияда қолданылған. Кейіннен Ханзен тағы бір төменгі ашытқыларға S.Carlsbergensis ат қойған. Сосын 1952 жылы бұл ашытқыларды біріктіріп S.Cerevisiae деп атады.
1 кесте – Ашытқылардың атауының өзгеруінің тарихы көрсетілген
1952 ж. Лоддер мен Крегар Ван Рияның классификациясы
|
1970 ж. Лоддердің классификациясы
|
Saccharomyces bayanus
|
|
S.oviformis
|
S.bayanus
|
S.pastorianus
|
|
S.cerevisiae
|
|
S.cerevisiae var.ellipsoideus
|
S.cerevisiae
|
S.willianus
|
|
S.carlsbergensis
|
|
S.logos
|
S.uvarum
|
S.uvarum
|
|
S.chevalieri
|
S.chevalieri
|
S.italicus
|
S.italicus
|
-
|
S.aceti
|
-
|
S.diastaticus
|
Ашытқылардың Крегер Ван Рия классификациясын осындай әдіспен өзгертіп қарастырған.
Қазіргі кезге дейін сыра ашытушылар ашытқылардың екі түрін қарастырған: Saccharamyces cerevisae және Saccharamyces сarlsbergensis. Бұларға төмен температурада «жұмыс істейтін» (6-150С температурада) ашытқыларды жатқызды. Олар қоректік ортаның 18-220С температурасында ашытып, соңында ашыған сұйықтықтың беткі қабатына жиналады.
1980-ші жылдардың басында таксономистер сыра ашытуда қолданылатын ашытқыларды олардың ДНҚ қасиеттеріне негіздеп оларды S.cerevisiae қатарына жатқызды.
Ашытқылар бір жасушалы ашытқыларға жататындықтан саңырауқұлақтар классификациясына біріктірілген. Алайда олар жеке систематикалық бірлікке біріктірілмеген бірақ 3 класқа бөлінген:
1. Аскомицеттер
2. Базидомицеттер
3. Бластомицеттер
Бұл классификациялар әдетте вегетативті өсуі мен споралардың табиғатына қарай жіктелген. Олардың өндірістегі маңызы өте зор, сондықтан олардың көбею процестері соңғы кездері терең зерттелуде.
1.1.9 Патенттік мәліметтер
Тамақ биотехнологиясында, соның ішіндегі нан ашытқысы өндірісіндегі зерттеулер жатады.
Өндірістік ашытқыны шығаруды арттыру, сапасын жақсарту, суды үнемдеу, қамырды ашыту ұзақтығын қысқарту, өнімділігін арттыру, пісірілген нан сапасын арттыру үшін қазіргі заманға сай жаңа әдістерді және тәсілдерді өндіріске өңдеп енгізу.
Ашытқы сапасын арттыру үшін жаңа ашытқы штамдарын ұсынылған. Престелген ашытқыны дайындауда қолданылатын ашытқы штамы Saccharamyces cerevisae. Мұндағы мақсат жоғары ашыту активтілігіне және көтерілу күшіне ие ашытқылар штаммасын алу болып табылады. Нан ашытқылары штаммасы Saccharamyces cerevisae Р-21 престелген ашытқылардағы көтерілу күші 34-42 минут, ал тірі жасушалар саны немесе мөлшері 86-90 %.
Өнеркәспітік өнімнен ашытқыны сипаттау әдісі. Өнеркәсіптік ашытқы штамдарының идентификациясы үшін 4 әдістің эффективтілігіне сәйкес келді. Тәжірибеде ашытқының 5 штамы алынды. Бразилияда этанол өндірісінде (~99% ашытқы осы мақсатта қолданылады) және ашытқы штамдары қолданылады. Сыра алудың әртүрлі 5 өндірісінен бөлінетін сыра, Бразилия нарығының 95 % құрайды. Сыра ашытқысының идентификациясы үшін барлық әдістер эффективті болып табылады. Тамақ этанол өндірісінде қолданылатын штамдарға сипаттама бергенде ең жақсысы SDS-PAGE және RAPD анализі болды. Бұл штамдар жоғары генетикалық деңгеймен ерекшеленеді. Олардың барлығы S. Cerevisae штамы сияқты белгілі.
Ашытқыны өңдеу әдісі. Тамақ өнеркәсібінде соның ішінде спирт және сыра қайнату салдарына қатысты. Ашытқы суспензиясын өңдеуде инфрақызыл сәулелеріне қолданылады. Оның ұзындығы 0,8-2 мкм, 45-550С температурада 20-180 тәулік аралығында жүреді. Бұл әдіс ашытқының ашыту активтілігін 1,3-1,8 есе жоғарлатады және ашу ұзақтығын 10 тәулікке қысқартады.
Экзогенді фермент концентрациясында нан ашытқысының өсуіне РНҚ-аза Bacillus intermedius әсері. Ашытқы клеткаларын көбейту үшін, Bacillus intermedius РНҚ-аза 10,001 мкг/мл микроазық ретінде қолданады. Оның Saccharamyces cerevisae культурасының өсуіне РНҚ-азаның ингибирлеуші әрекетін жоғарғы дозасына қосқанда процесс қысқа мерзімде болады. Микро және макродоз әрекетімен РНҚ-аза популяциялағанда клетка деңгейі мынадай болады: (G1 – стадия) бірінші жағдайда төмендету, екінші жағдайда оларды санына байланысты жоғарлату.
Тамақ өнеркәсібіндегі автолизді ашытқы және бактериялар. Жасуша ашытқысының автолизі фермент ішіндегі жасуша активтілігімен байланысты, әсіресе протеаз, ол гидролизге және комплексті қосылыстардың еруіне жол береді. Қосылыстар ортаны босататын, төменгі молекулярлық массамен және биологиялық активтіліктің қатысынсыз сипатталады. Бактерияның автолизі фермент активтігіне байланысқан, жасуша қабырғасының бұзылуына және ортаның биологиялық активті қосындысының босатуға алып келеді. Автолиздің әсер етуі ферментативті тамақ өнімдерінің құрамына және тұрақтылығына әрбір жағдайда әр түрлі болып келеді.
Нан ашытқысының қасиетіне Saccharamyces cerevisae әсері. Нан ашытқы өндірісі ұзақ процесс болып саналады, мұндайда биомасса бірнеше стадияда жиналады. Жұмсалған шикізаттың саны көлемі және биомассаның өсу саны стадиядан стадияға өсуде, көбею 4-6 стадия лабораторияларында стадияларында 2-5 стадия цехта чн және Sr. Н жүргізіледі. Чк және сч. Н ашытқыдан тауарлы ашытқы 2-3 стадиядан алынады. Нан пісіру ашытқылары өндірісінде қоректену ортасы болып түрлі қосындылар мен микроэлементтері бар азот және фосфор құрамдас қоректендіргіш тұздар мен қызылша мелассаның ерітінділері табылады.
Престелген ашытқыны ашытқы сүтіне технологиялық процесте алмастырудың болашағы қарастырылған. Өнімділігі жоғары ашытқы сүтімен алмастырылғандағы сынама ылғалдылықтың жоғалу көрсеткішінің жақсы екенін көрсетті. Лабораториялық мәліметтер бойынша өндірістік жағдайда нан ашытқысын алуға болатынын көрсетті. Престелген ашытқыны сүтімен араластыру технологиялық процестің ұзақтығын қысқартады және дайын өнімнің сапасын жоғарлатады.
β – галактозадағы процент үшін – Thermoanaerobium бактериясын қоректік ортадан алады. Ол фермент синтезін жоғарлатады. Оптимальды жағдайда сулы экстрактан β – галактозидаза фермент препаратын алғанда, экстракт жасушасында 1 көлемде этил спирті түседі. Фермент 5 рет тазаланады.
Микроорганизмді сақтауға, жиналуға, бөліп алуға, сондай-ақ биологиялық активтік затты алу үшін қоректік орта қолданылады, ол қажетті қоректік затты құрап қана қоймайды, сонымен қатар ол микроорганизм өмір сүретін орта болып саналады.
Культивирлеуге арналған ортаға компоненттің белгілі сандық және сапалық құрамы немесе жеке элементі (азот көзі, көміртегі, фосфор, микроэлементі, витамин және т.б.) қосылып қана қоймайды, сондай-ақ физика-химиялық және физикалық факторлар (қышқылдық активті, тотығу-тотықсынздану потенциалы, температурасы, аэрациясы және тағы басқалары) кіреді. Осы факторлардың барлығын бірге және әрқайсысын жеке алғанда микроорганизмдердің дамуына маңызды роль атқарады және олармен жеке физиологиялық және биохимиялық функция сезіледі. Осы факторлардың біреуі егерде өзгерсе онда ортада басқасының өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Микроорганизмнің зат алмасуына конструктивті алмасу (жасуша затының биосинтез) және энергетикалық алмасу (энергия алу) жатады. Бұл процестер жасушада химиялық реакция түрінде жүреді. Мұндайда конструкциялауда және энергетикалық мақсатта бір ғана және сол зат қолданылады.
Қоректік орта микроорганизмнің оптимальді өсуін қамтамасыз ететін негізгі затты құрауы керек. Биосинтез іске асырылу үшін, жасуша өсуінде және көбеюінде химиялық элементтің бәрін құрайтын қажетті мөлшерді алу керек.
Saccharamyces cerevisae штамы спирт алуда және нан ашытқыларының биомассасында кездеседі. Спирт және нан ашытқы микробиологиясында қолданады. У 2283 Saccharamyces cerevisae селекцирленген штамы нан ашытқысының биомассасында және спирт өндірісінде қолданылады. Штамм жоғары глюкоамилазалы активтілікпен (1-1,25 бір/мл) сипатталады. Нан ашытқысының биомассасында және спирт өндірісінде крахмалы бар шикізатты қанттандыру кезінде глюкоамилаза қолданылады.
Престелген ашытқыны нан ашытқысында және сүт өнімдерінде қолдану.
Престелген ашытқыны ашытқы сүтіне технологиялық процесте алмастырудың перспективасы қарастырылған. Өнімді ашытқы сүтімен алмастырылғандағы сынама ылғалдылықтың жоғалу көрсеткішінің жақсы екенін көрсетті. Лабораториялық мәліметтер өндірістік жағдайда нанды алуға болатынын көрсетті. Престелген ашытқыны сүтімен алмастыру технологиялық процестің ұзақтығын қысқартады және дайын өнімнің сапасын жоғарлатады.
«Магарач», Ивив коллекциясынан өнеркәсіптік ашытқыларды морфологиялық қасиетін салыстыру арқылы баға беру. Зерттеушілердің көпшілігі зерттеу жұмысын бұрын да және қазіргі кезде – ашытқының таза культурасын бөлуге арнап отыр. Себебі өндіріске қажетті жаңа форманы алу. Штамдарды салыстырғанда жасушалардың ақуыздарының электрофорезасы сенімді және де ашытқы штамдарын идентификациялағанда топтарға бөлу үшін эффективті әдіс болып табылады.
Жасуша ашытқысының автолизі фермент ішіндегі жасуша активтілігімен байланысты, әсіресе протеаз, ол гидролизге және комплексті қосылыстардың еруіне жол береді. Қосылыстар ортаны босататын, төменгі молекулярлық массамен және биологиялық активтіліктің қатысынсыз сипатталады. Бактерияның автолизі фермент активтігіне байланысқан, жасуша қабырғасының бұзылуына және ортаның биологиялық активті қосындысының босатуға алып келеді. Автолиздің әсер етуі ферментативті тамақ өнімдерінің құрамына және тұрақтылығына әрбір жағдайда әр түрлі болып келеді.
Нан ашытқысының Lactobacillus spp. арқылы ингибирленген ашытқыдан алу.
Lactobacillus қарама-қарсы штамм барын анықтады. Ашытқылар Saccharamyces cerevisae арқылы идентифицирленеді және (10 немесе 17) біреулеп Candida pseudotropicals C.Krusei, C.Jipolytica, С.Lusitanie. С.ciferri, Torulopsis glabrata, Rhodotula штамы бөлінген. Lactobacillus штамы S.cerevisiae штамына қарама – қарсы актуальды екені дәлелденген. Штамдарды салыстырғанда жасушалардың ақуыздарының электрофорезасы сенімді. Олардың барлығы S.cerevisiae штамы сияқты белгілі. Biochem, Erg, Tianjin Univ, Tianjin. Diseases Res. Dep. Ankara.
1.2 Жобаланатын өндірісті техникалық – экономикалық негіздеу
1.2.1 Құрылыс ауданын және орнын таңдау
Құрылыс орны ретінде кеңес өкіметі кезіндегі гидролиз зауытының орнын таңдадық. Ол құрылыс тұрғызуға қолайлы болып отыр, себебі нан ашытқысы өндірнісі үшін темір жолға жақын.
Нан ашытқысының шикізаты меласса Джамбулдың қант зауытының үлкен цестерналармен әкелінеді, қалған қоректік орта үшін қолданылатын тұздар қаптара қапталып булып түйілген күйінде әкелінеді.
Бұрынғы гидролиз зауыты Шымкент қаласының ішінде орналасқан темір жол станциясының оңтүстік шығысында орналасқан, темір жолдың үш бұрышының қиылысынан 435 м қашықтықта тұрады.
Зауыттың аумағының рельефі қолайлы және жоғарғы дәрежеде, жоғарғы белгісі 542,0 – 545,0 м жетеді. Орман топырағынан жалаған 30 м тереңдікте.
Зауыттың өндіріс аумағында негізгі және көмекші өндірістер және қызметкерлерге және көмекшілерге қызмет орындары тұрғызылған. Құрылыс ауданының климаты – континенті, жазда құрғақ ыстық және қыста суық, қар аз мөлшерде жауады. Ауаның орташа жылдық температурасы +120С. Ауаның ең төменгі температурасы –26-340С. Ауаның ең жоғарғы температурасы +440С. Температуралық белгілері бойынша алаң 28 климаттық ауданға жатады. Есептелген затқа ауа темпертурасы +170С. Жылына аязды күн 305 күн бөлінген жылына. Желдің бағыты шығысқа және оңтүстік-шығысқа бағытталған. 28 м/сек жылдамдығы. Құрылысшы алаңының сейсмикалық қабілеттілігі – 7балл СНИИП бойынша . Орташа жылдық шықтың мөлшері – 173 мм. Шықтың негізгі бөлігі көктемде түседі. Алаңның топырағы саздақ және қиыршық тасты. Ауыз суды артизан суын алады. Құрылыс тұрғызылған жердің топырағы 3-ші категорияға жатады. Жер судың тереңдігі 16,5 м. Топырақтың қолданатын қысымы 1,5кг/см2 анықталған. Зауыттың алаңы 18 га орналасқан.
1. Басты корпусы - гидролиз цехы.
Басты корпусы зауыттың ортасына орналасқан және зауыттың фиксирленген жоғарғы орталығы болып саналады. Құрылыс орны 11923 м3 құрылыс кубатурасы 20510,5 м3.
2. Ашытқы цехы басты корпустан 50 м қашықтықтан орналасқан ашытқы өндірісінің құрал - жабдықтары орналасқан ауданы 900 м2 .
Ашытқы цехы ашытқы кептіргіш бөліміне жатады (оның алып жатқан құрылыс ауданы 540 м2) және буып түю бөлімі (оның алып жатқан құрылыс ауданы 144 м2).
3. Көмекші корпус (тұздарды дайындау) және материалдар тұратын қойма темір жолға көлденең басты корпустың батыс жағында орналасқан, арасы 2,5 м платформамен бірге 1930 м3 алып жатыр.
4. Механикалық жөндеу цехы ген жоспардың геометриялық орталығында орналасқан және ғимараттың басты фасаты, зауыттың басты автожолында тұр. Цехтың тұрғызылған ауданы 400 м2 .
5. Дайын өнім қоймасы зауыттың солтүстік батыс жағында темір жолмен көлденең қиылыса орналасқан. Дайын өнімнің қоймасының ауданы 325 м2.
6. Насос станциясы зауыттың өндіріс ауданындағы оңтүстік батыс бөлігінде кселит цехынан 50 м2 қашықтықта орналасқан. Құрылыстың ауданы 140 м2.
7. Ген жоспарда электр цехының ғимараты қарастырылған.
Электро ұстахана зауыттың ауданында орналасқан, көмірқышқыл газы цехы қарастырылған.
Зауыттың өндіріс аумағында под станция транспорматор цехы орналасқан (алып жатқан құрылыс аумағы 108 м2).
ГСМ қоймасының ауданы 54,6м2, гараждың ауданы 338м2, администрация-шаруашылық корпустың ауданы 587 м2, асхананың ауданы 680м2.
Зауыттың территориясы шлакоблоктан қаланып қоршалған. Қоршаудың биіктігі 2,5 м.
Жұмысшы жобаның келесі аймақтарын тұрғызу қарастырылған: От жағатын орталық, газ реттеуші пункт (ГРП) артизан скважинасымен суды қамтамасыз етеді. Алаңның ішін жылумен және технлогиялық сетпен ВиК, автожолмен қамтамасыз етеді.
Аумағы бойынша жоспарлаушы белгі: 537,10м; ГРП-536,60м, артизан скважинасы 538,60 см және 539,30 м. өндірісті қайта өңдеуде келесі аумақтық жұмысы анықталады, ауданы 1095 м3, биіктігі 203 м3 .
Жобаланатын аймақ сантехниктік жұмысты қарастырады,газ құбырларына, су құбырларына , мазут құбырларына, кабельді сетке проклатка технологиясы қарастырылған сонымен қатар эстакадты қолданады. Су құбыры үшін және канализацияға жер асты проклатка қарастырылған.
2 кесте - Ген жоспардың негізгі көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіштің аталуы
|
Өлшем бірлігі
|
саны
|
1
|
Зауытқа қарайтын территорияның ауданы
|
га
|
16
|
2
|
Жұмыс істеп тұрған зауыттың ауданы
|
га
|
4,4
|
3
|
Тұрғызылған зауыттың құрылысының тығыздығы
|
%
|
27,5
|
4
|
Жұмыс істеп тұрған зауыттың сооружениямен жобаланған құрылысының ауданы
|
га
|
4,80
|
5
|
Жұмыс істелетін зауыттың сооружениямен жобаланған құрылысының ауданы
|
%
|
30,0
|
Нан ашытқы зауытының негізгі шикізаты болып қызылшаның мелассасы және қоректік тұздар саналады.
Зауыттың территориясында орналасқан артизан скважинасы қамтамасыз етеді. Скважина ұзындығы 30 м.
Суды тұтыну 13732 л/тәу құрайды. Құрылысының ауданы 140 м2. Зауыттың цехтарын және канализациясын үздіксіз қамтамасыз етіп отырады.
Зауыттың сумен артизан скважина суы қамтамасыз етеді. Артизан суын жалпы қолдану 406,6 м3/сағ. құрайды.
Зауытты энергиямен қамтамасыз ету, ТЭЦ – жүйесі «Южгазэнерго» зауыттан 1,5 км қашықтықта орналасқан қамтамасыз етеді. Энергияны екі кабельмен қамтамасыз етеді, біреуі қор ретінде резервте тұрады. Зауыттың территориясында трансфортердің подстанциясы 108 м2 трансфортер орналасқан.
Зауытта келесі электр қондырғылары бар:
1. Трансформатор күші ТМ – 1000/6-6 дана
2. Трансформатор күші ТМ – 500/6-2 дана
3. Трансформатор күші ТМ – 108/6-2 дана
Зауытты жылумен қамтамасыз ету жобамен келісіліп ТЭЦ1 «Южгазэнерго» 900 м құбыр өткізгішпен тартылған қысымы жоғары бу 250 мм құбыр өткізгішпен тасымалданады. Қысымы төмен бу 300 мм құбыр өткізгішпен тасымалданады. Жоба бойынша қысыммен буды құбыр өткізгішпен өткізу қабілеттілігі 16 т/сағ.
Зауыттың нан ашытқысын негізінде қолданатындар негізінде жекеменшік наубайханалар.
Нан ашытқысын нан пісіруде, әртүрлі қамыр жасауда, сонымен қатар кондитер заттарын шығаруда және консерв өндірісінде қолданылады.
Одан басқа да оларды витамин өндірісінде Д, В2 витаминдерінде шикізат ретінде, медицинада бірқатар дәрілік препараттар алуда, нуклеин қышқылын және әртүрлі фермент алуда, микробиологиялық өндірісінде қоректік орта үшін қолданылады.
Қазіргі кезде зауытқа ОҚМУ микробиолог және басқада жұмысшыларды дайындайды.
Осыған байланысты жоғарыда айтылғандарға қарап құрылыс орнын таңдау қолайлы деп білуге болады, себебі энергиямен, сумен, шикізатпен қамтамасыз ету зауыт тұрған территориясы және дайын өнімді тұтыну қанағаттандырылады.
1.3 Тәжірибелік бөлімі
1.3.1 Жұмыстың мақсаты
Жұмыстың мақсаты - нан пісіру ашытқысын кептіруге жаңа технологияларды пайдалана отырып өндіріс технологиясын жасау.
Ашытқыларда ылғал мөлшері 70 – 75 %, ылғалдың 15 – 20 % жасуша ішінде және 50 %-ке жуығы жасуша сыртында болады. Жасуша ішіндегі ылғал бос немесе байланысқан формада болады. Жасуша коллондының құрамына кіретін байланысқан су еріткіш болып табылмайды, нашар қатады, қиын буланады. Бос су жасуша шырынының құрғақ заттарының еріткіші болып табылады.
3 кесте - Ашытқылардың құрғақ заттарының элемент құрамы
Элемент
|
Құрамы, ашытқы, ҚЗ %
|
Орташа мөлшері %
|
Көміртек
Сутегі
Оттегі
Азот
Зола
Фосфор (Р2О5)
Калий (К2О)
Кальций (СаО)
Магний (Мg)
Алюминий (Аl2О3)
Күкірт (SO3)
Хлор
Темір (Ғе2О3)
Кремний (SiO2)
|
45,0-49,0
5-7
30-35
7,1-10,8
4,7-10,5
1,9-5,5
1,4-4,3
0,005-0,2
0,1-0,7
0,02-0,2
0,01-0,05
0,004-0,1
0,005-0,012
0,02-0,2
|
47,0
6,0
32,5
8,5
6,0
2,6
2,5
0,05
0,4
0,05
0,03
0,02
0,007
0,8
|
Нан ашытқыларының органикалық заттарының құрамы төмендегідей %:
жалпы азот 6,0-8,0
ақуыздық заттар 37-50
май 1,5-2,5
азот емес заттар 35-45
күл 6-10
Ашытқылардың азотты заттарының құрамы %:
ақуыздар 63,8
нуклеинді заттар 26,1
амидтер және петтондар 10,1
1.3.2 Ашытқыны культиврилеуде қосылатын қоспалардың құрамын зерттеу
Ауылшаруашылық өнімі қызылшаны өңдеу технологиясының өзгеруі мелассадағы аминқышқылдың және витаминдердің құрамын төмендетеді. Осыған байланысты өсетін заттардың жаңа қайнар көзі болып табылатын үлкен өзекті мәселе болып отыр, өйткені ашытқы оны синтездемейді.
Биотин өсімдіктің жер асты бөлігінде жиналады. Мұндай культураны өңдеудегі қалдық биотиннің арзан көзі болып саналады. Тамақтың, витаминнің және басқа өндіріс сааласының көптеген қалдықтары, витаминді және амин қышқылын құрайды. Бірқатар қалдықтың құрамы ашытқы өндірісінде қолдану үшін оларды дайындаудың әдісі жасалған.
Картоптан крахмал алуда, витаминдердің комплексі толығымен судың құрамына өтеді. Картоп шырынының булау әдісімен қою немесе жартылай майлы қоңырлау иісі бар өнімді алу Ресейдің микробиология институтында жасалды. өнім 1200С температурада бір сағат мерзімде ұсталады, реакция қышқыл рН 4,3-5,6.
Картоп шырыны витаминдердің құрамы бойынша жүгері экстрактіне біраз орын береді, оған қарамастан бұл өнім нан ашытқы өндірісі үшін ашытқының өсу белсенділігін арттырушы зат ретінде тиімді қоспа болып табылады.
4 кесте - Буланған картоп шырынының химиялық құрамы
рН
|
ҚЗ, %
|
РВ, %
|
Азот %
|
Ақуызды зат, %
|
Биотин мг/кг
|
5,7
|
38,0
|
7,30
|
5,52
|
34,50
|
1,32
|
4,3
|
40,3
|
0,64
|
5,40
|
33,75
|
1,58
|
5,5
|
18,5
|
16,0
|
1,54
|
9,62
|
2,15
|
Мелассаны өңдеуде ашытқы шығымы биотиннің аз мөлшерінен 9 % жетеді. Нан ашытқысында Д2 витаминді алуда витаминнің барлық В тобы қалдық түрінде В-комплекс деп аталатын және сілтілі экстрактке сәйкес келетін қалықта кездеседі.
Д2 – витаминін өндірумен айналысатын ірі зауыттардың қалдығы болып саналатын В – комплекстің құрамына биотиннен және бірқатар амин қышқылы кіреді (глицин, алапнин, лейцин, серин, треонин, глутамин, лизин, цистейн, тирозин, триптофан). Бұл комплекстің ерекшелігі оның құрамында 700 мкг/кг дейін қоректік орта өсетін ашытқының қайнар көзі болып табылатын биотин кездеседі.
Бұл өндірістің келесі қалдығы болып саналатын сілтілі эктракттың құрамында биотиннің көлемі сәл аздау 120-550 мкг/кг. Оған қарамастан сілтілі экстракты ашытқыны егу кезінде мелассаның массасына 10 % көлемінде қосады, өйткені ол мол өнім алумен қатар оны ұзақ сақтауға мүмкіндік жасайды.
Республика көлеміндегі ашытқы өндірісінде В – комнлексімен сілтілі эктракты пайдалануға мүмкіншілік жоқ, өйткені Д2 витаминін өндіретін өндіріс орындары тек көршілес Ресейде орналасқан.
5 кесте - Д2 витамині өндірісінің қалдығының химиялық құрамы
Құрамы
|
Ресейдің зауыты
|
Ленинградтың витамин зауыты
|
В-комплекс
|
Сілтілі экстракт
|
В-комплекс
|
Сілтілі экстракт
|
Құрғақ зат, %
Азот, % мас жалпы
Аммоний
К2О
Р2О5
Биотин, мкг/кг
рН
|
40-56
2,25-3,76
1,01-1,29
-
2,12
250-700
5,8-6,4
|
23-30
0,42-0,83
0,22-0,34
4,86-5,85
0,10-0,40
120-230
12 жоғары
|
30-40
2,28-2,88
0,73-1,06
-
0,80
170-360
5,2-6,1
|
30-50
0,85-4,21
0,24-1,71
4,60-6,83
0,55-0,74
150-550
12 жоғары
|
Бидай өскіні солод жасайтын өндірістің қалдығы болып саналады. Өскіннің түсі сары – қоңыр болып келеді. Өскіннің химиялық құрамында В витаминдер тобы, амин қышқылы, ферменттер кездеседі. Жоғарыда айтылғандай ашытқының өсу белсенделегінің арттырушы биотин бидай өскінінде 120 мкг/кг көлемінде болады. Өскінді диірменде майдалап гидромодульде сумен 1:10 есебімен қосып 50оС температурада әрбір 5-10 минут сайын араластыра отырып құрамында қоректік заты бар 4,5 % ерітіндіні алады. Алынған ерітіндіні егіс ашытқысына 8-10 % мөлшерде меласса массасына қосады. Бұл кезде ашытқы культурасының белсенділігі артып өнімділігі жоғарылайды және де алынған өнімді ұзақ сақтауға мүмкіндік жасайды.
6 кесте - Бидай өскінінің сулы ерітіндісінің химиялық құрамы
Көрсеткіш
|
Өскіннің солод ерітіндісі
|
Бидай
|
Қара бидай
|
Экстракт зат, %
Қант, %
Инверсияға дейін
Инверсиядан кейін
Суда еритін азот
Формалин саны
рН
Түсі, мл 1н, ион ерітіндісі
|
4,0
1,9
2,17
2,29
2,98
5,7
0,5
|
4,9
2,67
2,76
1,87
1,3
4,5
2,0
|
Достарыңызбен бөлісу: |