Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

    Бұл бет үшін навигация:
  • тағы
билік 
жүргізу 
жүйесінің 
болмысы 
немесе 
қазақ 
қоғамының 
әлеуметтік-саяси 
ұйымдастырылу формалары туралы тақырыптарды толық көлемде баяндау 
мүмкіндігін бермейді. Егер ХV-ХVІ ғасырларда басында сұлтандар тұрған 
ұлыстық жүйе орын алғандығын, ал жүздер басында – билер тұрғандығын 
ескерсек (ХVІІ-ХVІІІ басы), онда Қазақ хандығында әлеуметтік-саяси 
ұйымның екі формасы болғандығын көреміз. Осыған сәйкес ұлыстар мен 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
жүздер бір-бірімен бір уақытта орын алған ба, жоқ әлде бұл формалардың 
бірі екіншісінің тарихи алдында орын алған ба деген сұрақ туындайды. Егер 
олай болса, онда көшпелі қазақ қоғамында республикалық құрылыстың 
рәсімделуі туралы сеніммен айтуға болады. Қазақ хандығының аймақтық 
шектелуі және Қасым, Есім және Тәуке ханның Жеті Жарғы заңдарымен 
саяси негізделуі, көшпенді тайпалар бірлестігі бола тұра, өз құрамына 
қалалық және отырықшылық-егіншілік мәдениеттің көне орталықтары бар 
аймақтарын енгізген. Қазақ хандығы қоршаған дала халқы үшін 
шаруашылық және мәдени өзіне тартудың белгілі аймақтарын құрды. 
Аталған факторлар жаңа жерге орналасу, шаруашылық жасау және тұрмыс 
жүргізудің ауылдық жүйесін қалыптастырды. Жаңа аймақтық-рулық 
байланыстар басқа реттеушілерді талап етті, бұл реттеушілер – билер
«ұлттық аристократия», құра сүйек әлеуметтік тобының элитасы болды. 
Көпғасырлық халық құқығын түсіндіріп бере алатындықтары үшін 
құрметтелетін билер, далада номадтарға тән әлем құрылғысын сақтап қалуға 
мүмкіндік беретін. Дәл осы билер төңірегінде оларды шаруашылық және 
мәдени бірлестікке түрлендіретін генеалогиялық және иерархиялық өзара 
қатынастар бекітілетін ру аралық және аймақ ішілік байланыстар құрылымы 
қалыптаса бастады. Жоғарғы әскери-саяси басқарумен байланысты әкімшілік 
құрылымның 
генеалогиялық 
және 
иерархиялық 
қарым-қатынастар 
орнатылуына сәйкес терминмен белгілеу қажет болды. Мұндай термин 
ретінде басында билер тұрған жүз пайдаланылды. Әкімшілік-құрылымдық 
қайта құру бұл биліктің саяси түрін республикалық құрылыс етіп қайта құру 
және ұлыстық негіздерде сұлтандар сепаратизмінің көріністерін жою үшін 
әлеуметтік-саяси ұйымдастырудың екілік формасын рәсімдеу болып 
табылды. Бірақ ХVІІІ ғасыр оқиғалары сұлтандардың бұл әлеуметтік-саяси 
ұйымда өз орындарын тез табуына әкеліп соқтырды. ХVІІІ ғасырдан бастап 
сұлтандар үш жүздің толық билеушілері болмаса да, билеуші басшы топ 
болды. Бұл олардың саяси жекеленуіне әкелді.
3. Қазақ Хандығының құрылуының тарихи алғышарттарын Алтын Орда 
ханы Бердібекпен байланыстырған жөн болар. Ол Жошы отбасынан тараған 
Батый ұрпақтарында тартыс тудырды. 1359 жылы Ұлық Ұлыстың (Алтын 
Орда) билеушісі Бердібек қайтыс болғаннан кейін, Жошы ұлы Батый 
әулетінен ұрпақ қалмады. Осының салдарынан Ұлық Ұлыстың тағы үшін 
ішкі тартыс басталды. Билік тағына күрес ішінде Орда Еженнің ұрпақтары 
да қатысты. Осы бағытты ұстанып Ұлық Ұлысты біріктіру ниетімен 
қозғалған Орыс ханның мақсатын Тоқтамыс қана жүзеге асырды. Ұлық 
Ұлыстағы аласапыран оқиғасын пайдаланған Рязань және Литов княздіктері 
шекара дауын шешпек болып, екеуі келісіп, Ұлық Ұлыстың территориясын 
бөліске салуға ұмтылады. Мәскеу - Литовтардың қарамағында қалса
Коломна, Владимир және Муром - Рязаньның қоластында қалады деп Рязань 
және Литов княздіктері серттеседі. Мақсаттарын жүзеге асыру үшін Ұлық 
Ұлыстың түменбасы Мамайды көмекке шақырады. Келіскен саяси жағдай, 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
«найзаның ұшымен» ғана шешілетін соғыс әрекетін тудырды. Ол соғыс 
тарихта «Куликово шайқасы» атымен мәлім болды. Ал тарихта қалыптасқан 
ой-пікір, оны «орыстар мен татарлар» арасындағы соғыс деп баяндап, 
затындағы оқиғаны бұрмалап жіберді (көптеген себептермен кеңестік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет