Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет25/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

ханды қуып жіберді. Бұрындық хан Самарқанға кетіп, сол жақта қайтыс 
болды», - деп баяндайды.
Қасым ханның билік құрған кезіндегі Қазақ хандығының қуаты мен 
күші туралы мәліметтер алыс елдерге тарайды. Мәскеу патшалығында Қазақ 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
хандығы туралы материалдар жиналса, Иранда Қазақ хандығын 1512 жылғы 
оқиғаларға байланысты «Қазақстан» деп атай бастайды. Сонымен, осы ішкі 
саяси өмірдегі таластар Қазақ хандығының күшеюі мен нығаюын арттырып, 
мемлекеттік тұрғыда әлемге танымал болды.
Қазақ хандығына жасаған жорықтан жеңіліп қайтқан Мұхаммед 
Шайбани (1510), Иран шахы жасаған соғыста (Мерві түбіндегі Хорасандағы 
шайқас) қаза болады. Әскерлері жеңіледі. Қасым хан (1511-1521) осы 
оқиғаны ұтымды пайдаланып, Оңтүстік Қазақстанда билігін нығайта 
бастайды. 1513 жылы Сайрам қаласын Қазақ хандығына қосып алады.
Қасым Моғолстанның ханы Сұлтан Саидпен достық қарым-қатынасын 
жасасып тұрады. 1514 жылы Сұлтан Саид Қашқарияға кетіп сол жерде жаңа 
мемлекетін құрады. Бұл қазақ ханының Жетісудағы билігінің нығая түсуіне 
себеп болады. Батыста оның қол астына Ноғай Ордасының дағдарысын 
бастарынан кешірген ру мен тайпалар топтары көшіп келеді. Сөйтіп, 
хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтыса, оңтүстік-
шығыстағы Жетісу жерінің біраз дені кіреді, Солтүстік және солтүстік-
шығыстағы Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып Қарқаралы тау 
тарамдарына дейін жетсе, ал солтүстік-батыста Жайық өзенінің алабы кіреді. 
Біртіндеп Қазақ хандығы сыртқы саясатында халықаралық қатынасты да 
ойдағыдай шешіп отырды. Алғашқы болып елшілік байланысты орнатқан 
ұлы княз Василий ІІІ тұсындағы (1505-1533) Мәскеу мемлекеті. Сол кезде 
қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Еуропаға да әйгілі болды. Австрия 
елшісі Сигизмунт Герберштейн де өзінің жазбаларында бұл жайтты 
баяндайды. Мұхаммед Хайдар Дулати: «Қазақ хандары мен сұлтандары 
арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Осы кезде оның қол 
астына қараған халықтың саны бір миллион адамға жеткен»,- деп баяндайды. 
Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейткен Қасым хан туралы көптеген 
деректемелер: «қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары 
қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген»,- деп баяндайды.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл 
заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде 
жасалды. Көшпелі өркениетке үйлесімді құрастырылған заң болды. Сол 
үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып, «Қасым ханның қасқа 
жолы» деп аталды. Ол хандығын күшейтті, территориясын біріктіру 
жолындағы жеңістері елдің беделін арттырып, атақ-даңқын асыра түсті. 
Қасым ханнан кейін әкесінің орнына Мамаш хан болады, көп ұзамай 
ұрыстардың бірінде ол қайтыс болады. 1523 жылы Қасымның немере інісі 
Таһир (1523-1533) хан болды. Сыртқы саясатында олақтық, қол 
астындағыларына қатал, ықпал-беделінен жұрдай болған Таһир хан өз 
жұртында бүлік-ылаң шығарып, Қазақ хандығын әлсіретіп алады. Одақтасы 
болған Ноғай Ордасы мен Моғолстанмен жауласып, біраз аймақтарынан 
айырылып қалады. Шайбани әулетімен болған соққы-ұрыстан кейін 
Сырдария бойы қалаларынан айырылып қалады. Сөйтіп, Қазақ хандығының 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
барлық жеріне билік жүргізе алмаған Таһир хан соңғы күндерін 
қырғыздардың жерінде өткізеді.
1533 жылы хандыққа Бұйдаш сайланады. Деректердің мәліметі 
бойынша, Бұйдаш ханмен қатар Қазақ хандығында Ахмед және Тоғым 
хандар болғаны белгілі. Қырғыздармен байланыста болған Бұйдаш хан қазақ-
қырғыз бірлестігін билеп, Жетісу өңірінде билік құрыпты. Ол Мәуреннахрға 
жасаған жорығында (1559) қайтыс болады. 
Әлсіреген Қазақ хандығы Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-
1580) тұсында қайта бірігіп, бой көтере дамыған уақыт келеді. Ол ел 
басқаруда қажырлы қабілеті мен сыртқы саясатында дипломатиялық 
майталмандығын қолданып, бытыраңқы халқын біріктіріп, үкіметтің билігін 
нығайтып алады. Сол кезде орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейткен 
кезі еді, 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын 
бағындырып алады. Осы жағдайда Ноғай Ордасында тұрақсыздық байқалып, 
бөліну мен ыдырау сипаты үдей түседі. Ағайынды Ысмағыл мен Жүсіп 
арасындағы тартыс халқының екі жаққа, бір тобы Мәскеуге қосылуды 
жақтаса, екінші тобы Қазақ хандығына қосылуды ұйғарады. Осы сәтті 
пайдаланған Хақназар ноғай ұлыстарының бір бөлігін өз билігіне қаратып
Жайықтың сол жағалауына дейін іргесін кеңейтіп алады. 1569 жылы Ноғай 
Ордасы мемлекет ретінде өмір сүруден қалады. Шығысқа қарай кеңейіп келе 
жатқан орыс мемлекетінің шекарасының жақындауы, Хақназардың 
солтүстік-батысқа қарай Қазақ хандығының жер көлемін кеңейту саясатында 
кедергі болады. Сонда да, оның территорияны біріктіру жолында жасаған 
жеңісті қадамдары, этникалық тұрғыда «алаш» атанған дала тайпаларын 
қазақ құрамына біріктіру сәтті аяқталады. Сібірдегі Көшім хан мен Моғол 
билеушілерден төніп тұрған қауіп күрделі жағдайларды есепке алып, 
Шайбани әулетімен «келіссөзге» келеді. Мұның өзі халықтың шаруашылық 
өмірінде оңалуына тиімді болады. Бірақ Бұхара ханы Абдолла (1557-1598) 
мен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында туған қайшылық, соның 
салдары ретінде Баба сұлтан астыртын адамын жіберіп 1580 жылы 
Хақназарды өлтіреді. 
Хақназар хан қаза болған соң Жәнібектің немересі Жәдік ұлы Шығай 
(1580-1582) хан болды. Бұхара ханы Абдолламен бірлесіп, Баба сұлтанды 
жеңеді. Сол жорықта Шығай хан қайтыс болады. Қазақ хандығына риза 
болған Абдолла Орта Азиядан тарту береді. Бірақ Сырдария бойындағы 
қалаларды қарату мақсатында Қазақ хандығына өзге жолды қарастыру 
міндеті тұрды. 1582-1598 жылдары хан болып Тәуекел сайланды. Сыртқы 
саясатындағы басты мақсат оңтүстік қалаларды хандық құрамына қосып алу 
еді. Осы мақсатта әскери одақ ретінде Мәскеумен жақындаса бастайды. 1583 
жылы Шайбани әулетімен жасасқан «келіссөзді» бұзып, Ташкентке шабуыл 
жасады. Ұзаққа созылған Сырдария қалалары үшін болған соғыс 1598 жылы 
аяқталады. Сөйтіп, Түркістан аймағы ХІХ ғасырдың басына дейін Қазақ 
хандығының құрамында болады. Ресейдің Көшім ханға қарсы басталған 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
(1582) жорық 1598 жылы жеңіспен аяқталып, Сібір хандығы жойылады. 
Жеңілген Көшім хан Орта Азияға қашып құтылады. Оған қарасты кейбір 
тайпалар қазақ халқының құрамына еніп, Қазақ хандығының территориясы 
солтүстігінде Сібірге дейін кеңейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет