Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет23/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

тарихнама Еуразия кеңістігіндегі түркі-монғол дәуіріндегі гегемониялық 
рөлін бұрмалады және ХХ ғасырдың басында пайда болған «пантюркизм» 
теориясына қарсы жан-жақты идеямен қаруланған күрес жүргізді). 
Шынында, бұл соғыс орыс пен орда арасындағы қайшылық емес еді. 
Деректер мен оқиғаны талдаудан өткізген көрнекті ғалым Л.Н. Гумилевтің 
сараптауы бойынша: «Мәскеу - Алтын Орданың заңды мұрагерлері 
хандарына серттескен адалдығын бұзбады, Тоқтамыс бастаған легі ішінде 
орыс әскерлері, еділ және сібір татарлары болды. Мамайдың әскері 
поляктардан, қырымдықтардан және одақтасы Литва князі Ягайлодан 
тұрды. «Куликово шайқасын» - татарлар мен орыс арасындағы қанды 
шайқас болды деп санауға болмайды»,- деген түйін келтіреді. Шындығында, 
Литов княздігі стратегиясын Ұлық Ұлысқа бағыттады, оны бөліске салып 
гегемониялық рөлін тартып алу еді. Куликово шайқасы – Дмитрий Донской 
бастаған Сібір және Еділ казактары мен Мамай басқарған Поляк және Литов 
әскерлері арасындағы шекара дауын шешудегі соғыс болып табылады. 
Бөліске салған коалиция арасындағы шайқастың орны болып Мәскеуді 
таңдап алады. Бұл шайқаста Мамай ұтылып, Тоқтамыс жеңеді. Ал құрметтің 
бәрін бұрмаланған тарих Ресейге тақты.
Алтын Орданы біріктірген Тоқтамыстың іс-әрекеті ұзаққа созылмады. 
Темірдің жасаған үш жорығы Жошы ұлысын (Алтын Орданы) түбегейлі 
шайқалтып жіберді. Қалалар қиратылды, керуен жолы бағытын өзгертті 
(оңтүстіктегі Темірдің иеліктері арқылы өтетін болды), экономикалық 
дағдарыс басталды. Осы соққыдан Алтын Орда айыға алмады, ХV ғасырдың 
бірінші жартысында жеке-жеке хандықтарға ыдырап бөлініп кетті. Алтын 
Орданың мұрагерлері ретінде – Қырым, Қазан, Астрахан және Өзбек 
хандықтары құралса, ал оның соңында - Ноғай Ордасы, Қазақ, Сібір, Хиуа 
хандықтары және Мәскеу (Орыс) мемлекеті құрылды. 
Алтынордалық аумақта басталған күйзеліс пен сергелдең заманы екі 
түстік (два полюса) орталықтарын жаратты: солтүстік орталығы Мәскеу 
болса, оңтүстіктегі орталық Қырым Хандығы болды. Пайда болған екі 
түстіктің күш-қуатына байланысты магнит тәрізді өзге хандықтардың 
әулеттілерін қызметке шақырып отырды. Алтын Орданың өкілдеріне Мәскеу 
мемлекеті Кашира, Серпухов, Звенгород, Юрьев-Подольский қалаларын 
үлестірсе, Ноғай Ордасынан шыққандарға Романов, ал Қазақ, Сібір және 
Қырым хандықтарынан шыққандарға Мещерский, Касимов қалаларын сыйға 
тартты. Ал Мәскеу мемлекеті міндетті түрде олардан әскери қызметті өтеу 
талабын қойды. Орыс мемлекетінің құрылымында атақты түрік мигранттары 
(қоныс аударғандар) жоғары «чин» лауазымын алып отырды. Әскерімен 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
келген сұлтандардың қосыны «қазақ» деп аталды. Аталған жаппай қозғалыс 
– осы кезеңге тән құбылыстың бірі еді.
Ұрым және тағы басқада әлемдік империялар сияқты түрік әлемі уақыт 
сынағынан өтcе де, оның соңғы шарықтауы - Жошы әулеті құрған Ұлық 
Ұлыс (Алтын Орда) болды. Мәдени өрісте этникалық тұтастанудың қалпын 
сақтай алмай, қоршап тұрған отырықшы империялардың қарсы шабуылынан 
торға түсіп, «бой көтеру» дәрменінен айырылып қалды. Айтылған себеп пен 
салдар бір елдің түрлі халықтарға айырылып бөлшектеніп кетуіне ықпал 
жасады. Осының нәтижесінде қазақтар, қырғыздар, өзбектер, татарлар, 
қырым татарлары, түрікмендер, қарақалпақтар, ал 1881 жылы қытайға 
қосылуға мәжбүр болған ұйғырлар мен т.б. түрік тектес халықтар пайда 
болса да, құндылықтарын толық сақтап қалған дәстүрлі түсініктер ыдырау 
өрісіне төтеп бере алды. Ортақ түріктік мұра дәстүрлері әрбір түркі тектес 
халықтың дүниетанымында осы күнге дейін бейнеленеді. Сол себепті, ХV-
XVI ғғ. дейінгі қалыптасқан дәстүрлер «Мұрасы», қандай да болмасын түрік 
халқына ортақ мәдениеті болып саналатыны содан. 
«Көшпелі өзбектер» мемлекеті деп аталатын Әбілқайыр Хандығы Дешті 
Қыпшақтың даласында 1428-1468 жылдары үстемдік құрды. 1446 жылы 
Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы Түркістан аймағын өзіне қаратып, 
астанасын Батыс Сібірден Сығанақ қаласына көшіреді. 1449-1451ж.ж. 
Мәуреннахрда болған саяси дағдарысты пайдаланып, таққа таласқан Темір 
әулетінің бірі Әбу Саидты қолдап Самарқан тағына отырғызады. Дәл 
осындай болған Ноғай Ордасындағы оқиғаны да тиімді пайдаланады. Бірақ 
орнатылған саяси тұрақтылық ұзаққа бармады, ішкі өмірінде бөліну 
ағымдары туындай бастады. Жошы әулетінен тараған Махмуд және Ахмед 
сұлтандар оған қарсылық көрсетті. 1457 жылы Сығанақ қаласының түбінде 
Әбілқайыр хан қалмақтардан (Үз Темір тайшы) жеңіліс табады. Ал ол өз 
кезегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың бөлініп, Моғолстанда жеке 
хандық құруына қолайлы жағдайлар жасады. Әбілқайыр хан өлгеннен кейін 
де, ұрпақтарының арасында тақ үшін талас пайда болып, мемлекетінің 
ыдырау процесін тездетті. 
ХV ғ. 40-50 ж-да Моғолстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы 
Әбілқайыр хандығымен салыстырғанда нашарлау болды. Мұхаммед Хайдар 
Дулати Моғолстанның саяси өмірі туралы былай дейді: Есен Бұға хан өзінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет