1 тапсырма. Өз іскерліктеріңізді және қалауыңызды сипаттаңыз.
Мен Тастемір Арайлым болашақта жеке сән салонымды ашқым келеді
Кәсіпкер бойындағы қасиет. Кез келген бизнесті ашу үшін кәсіпкер сол саланы бүге-шігесіне дейін білуі керек. Білім мен білікті былай қойғанда адамға өзіне деген сенім қажет. Себебі біз күткен нәтиже бірден бола қоймайды. Жылдар бойғы жинаған тәжірибеңіз бен қалыптастырған абыройдың да сұлулық бизнесіне тигізетін әсері жоғары.
Ескеру керек ерекшелік. Жарнама – бизнестің қозғаушы күші. Сондықтан салонның сыртқы көрінісі жақсы безендірілуі тиіс. Салонның қала орталығында болғаны да аса маңызды. Тіпті жарнамасын ғаламтор арқылы жүргізген күннің өзінде тұтынушының көбі орталықтағы салондар қызметіне жүгінгенді құп көреді.
Басқару. Салон бизнесіндегі қиындық тудыратын мәселе – команда жинау. Жаңа ашылған кәсіпке жаны ашып, бар ықыласымен жұмыс жасайтын кәсіби адамдарды жинақтау оңай шаруа емес. Сонымен қатар, визажистердің де қоғамда қалыптастырып үлгерген атақ-абыройы болуға тиіс. Бұл – маңызды дүние. Басқару саласында мамандардың тұрақты түрде қызмет атқаруы да ескерілуі тиіс. Мәселен, менде шаш қиятын шебер бар болса, мен оның еңбегін жақсы бағалап отыруым керек. Себебі сол шеберді ғана іздеп келген қыз-келіншектер де бар болуы мүмкін. Абыройы қалыптасқан маманға мұндай жағдайда пайыздық еңбегін үстемелеп отыру керек
Алға жылжу. Түрлі PR жобаларға қатысып, әлеуметтік желілер қызметін іске қосу да маңызды. Бұл өз кезегінде келушілерге сенім ұялатады. Қарапайым образдан тренд образ жасап шығып, жұмыс нәтижесін парақшаларымызға салып отырамыз.
Бағыт-бағдар. Біздің салон өзге сұлулық орталықтарынан несімен ерекшеленеді? Қаладағы көптеген стандартты салондардан бір айырмашылығымыз бар. Біз – нишалы сұлулық орталығымыз. Осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Демек, біз өз тұтынушыларымыздың мінездемесін, портретін жақсылып зерттеп алдық деген сөз. Сұлулық салонын ашар кезде осыны ескермей, жабылып жатқандары өте көп.
Табыс. Салон бизнесі ашыла салып, бірден табыс алып келетін кәсіп түрі емес. Алғашқы бір жылда табысқа қарағанда шығын басым болуы мүмкін. Салон бизнесі екі жарым жылдан кейін ғана нақты табыс алып келеді. Себебі алғашқы жылы нағыз шеберлер мен олардың тұрақты тұтынушыларын жинақтауға уақыт кетіп қалады. Сондай-ақ, салон иесі аз ғана саламен, адамдарды бояндырып, шашын әрлеумен ғана айналысса, табыстың ауылы алыстай түседі. Тіпті Еуропаның өзінде салонның қасыннан визажист мектептері мен курстарын ашу ретке қойылған. Біздегі салон бизнесіндегілер де осы әдісті пайдаланады.
Бәсекелестік. Қала көшелеріндегі жарық шамдармен безендірілген көптеген салондарды көргенде ондай орталық ашу оңай секілді болуы мүмкін. Алғашқы жылдары үнемі инвестиция құю керек. Сондықтан бәсекелестікті ойлап жатудың өзі – олқылық. Өзге орталықты «бәсекелесім» деп қарағаннан гөрі, тәжірибе алмасып, бірін-бірін толықтырушылар деген жөн шығар. Себебі сұлулық саласында шеберлердің өз брендтік абыройын қалыптастыруы өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |