Қорытынды
Аталмыш зерттеу жұмысында әр түрлі топтарға және әр түрлі құрылымды ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділік категориясының түрлі берілу тәсілдері зерттеліп қарастырылған. Диссертацияның бірінші тарауы осы мәселені зерттеудің алғашқы деңгейі болды. Осы бөлім қазіргі тіл білімінде модальділік категориясының жағдайымен танысуға мүмкіндік берді. Оның мақсаты тілдік модальділікті тілдік емес модальділікпен салыстырып, тілдік модальділіктің маңызын айқындау, модальділік категориясы туралы жалпы тіл білімінде бар көзқарастарға шолу жасау және оларды жалпылау, модальділіктің негізгі категорияларына тоқталу, сонымен қатар модальділік категориясының қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелу мәселелерін зерттеу болып табылады.
Бірінші бөлімнің зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, модальділік термині бір-біріне ұқсас емес философия, медицина, журналистика, логика, педагогика, этика, заң және тіл білім сияқты, яғни байланысты емес көптеген ғылымдарда қолданылады.
Модальділік категориясының бірнеше ғылым саласында көрініс табуын әмбебаптылық деп тануға мүмкіндік бермейді. Осы ғылымдардың әр біреуінде модальділік түрлі анықтамаға ие және ол тек сол ғылымға ғана тән құбылыстарды білдіре алады.
Философиядағы және логикадағы модальділік категориясының анықтамасы осы екі ғылымның тарихи байланыстылығына сәйкес ұқсас болып келеді. Мұндағы модальділік ойлаудың бір формасы-пайымдаумен тығыз байланысты және оның сипаттамасы болып табылады.
Психологияда модальділік сезімдер мен сигналдардың сипаттамасын білдіріп, осының нәтижесінде тактильді, есту, дәм сезу және көру арқылы берілетін сезімдер модальді мағыналарды білдіре алады. Психологияда ол негізінен эмоцияның байланысымен түсіндіріледі, өйткені эмоциялар сөйлеу процесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан да адамның сөйлеу актісі кезінде адам әр түрлі эмоцияларды білдіргендіктен, модальділік категориясының тіл білімі және психология ғылымдарымен байланысын айқын көрсетіп отыр.
Тілдік модальділікті зерттеу барысында предикаттылық,обьективтілік, субьективілік, логикалық модальділік, және эмоционалдылық сияқты категориялармен қатар зерттегенде оның жеке дербес статусы бекітіліп отыр.
Осы тарауда көргеніміздей модальділік түрлі тілдік құралдармен және тәсілдермен берілген, сондықтан біз оны функционалды-семантикалық категорияға жатқыза аламыз.
Осы күнге дейін модальділік категориясы шешілмеген лингвистикалық мәселелердің бірі болып қала береді. Осыған арналған көптеген жұмыстарға қарамастан, оның жүзеге асырылуының мәні, табиғаты, белгілері мен ерекшеліктері әлі толық деңгейде зерттеліп болған жоқ.
Әр түрлі жүйелік тілдерде барлық деңгейде жүзеге асырылатын айтылымның мазмұнының шындыққа қатынасын білдірудің және сөйлеушінің айтылымның мазмұнының шындыққа қатынасының бағалауын білдіруде модальділікті функционалды-семантикалық категория ретінде қарастыру заңды болып табылады. Модальділік тек реальділік/бейреальділік мағыналарымен шектелмейді, оған көптеген мағанарды жатқызуға болады.
Модальділік категориясы ағылшын лингвистикасында көп жылдар бойы зерттелген болса, ал қазақ тіл білімінде модальділік категориясы жайлы зерттеу жұмыстары аз болып табылады. Ал салыстырмалы-типологиялық зерттеу жағынан жалпы модальділік категориясының ағылшын және қазақ тілдеріндегі берілу тәсілдері қазақ тілінде зерттеліп, алғашқы рет қазақ тілінде жазылған. Модальділік категориясының аясы мен көлемі анықталмаған.
Лингвистикалық модальділіктің аса маңызды функциясы мен тілде түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асара алу мүмкіндігі ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің берілу түрлеріне арналған екінші бөлімді жазуға түрткі болды.
Зерттеу барысында лингвистикалық модальділіктің предикаттылық категориясына қарағанда кең екендігі, логикалық модальділік пен эмоциональділікмен сәйкес келмесе де, толығымен сөйлемнің коммуникативті функциясымен сәйкес келетіндігі анықталды. Осының негізінде біз тілдік модальділік категориясы өзінің обьективті немесе субьективті классификациясы сүйене айтылымның ақиқатқа және айтылымға қатынасын білдіретін жеке дербес функционалды-семантикалық категория ретінде қарастыра алдық.
Зерттелген жұмыста модальділік категориясы айтылғанның мазмұнының шындыққа қатыстылығын және айтылғанның әр түрлі субьективті ойды білдірудегі әр түрлі тілдердің жүйесіне енетін және тілдің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылатын функционалды-семантикалық категориясы ретінде қарастырылды. Модальділік категориясын зерттеу және модальді мағыналардың түрлерін зерттеу модальділі категориясының семантикалық мазмұнындағы сөйлеушінің жетекші рөлін анықтауға және модальділік категориясын реальділік немесе ирреальділік мағынасымен шектеліп қана қоймайтын кең ауқымды мағынада алып қарастылды.
Біздің жұмысымызда модальділік категориясы кең мағынада қолданылды. Осы жұмыста модальділік әр түрлі деңгейде және әр түрлі берілу тәсілдері арқылы берілетін категория болып қарастырылған. Осылайша модальділік категориясы функциональді-семантикалық категория ретінде, яғни тілдік деңгейде айтылымның мазмұнының шындық ақақатқа қатынасына әсер ете алатын әр түрлі тілдік құралдарды қамтитын тілдік құбылыс деп қарастырылды.
Сонымен бірге обьективті модальділік пен субьективті модальділік арасындағы айырмашылық зерттеліп қарастырылды. Обьективті және субьективті модальділіктің арақатынасы туралы көптеген тіл ғалымдарының көзқарастыры мен тұжырымдарын сараптай келе, біз модальділікті обьективті-субьективті категория ретінде қарастыру қажет деген қорытындыға келіп отырмыз. Модальділік деп біз сөйлем мазмұны мен шындықтың арасындағы қатынас деп түсінеміз және сонымен бірге сөйлеушінің сөйлем мазмұнына қатысты бағасы деп білеміз, яғни ол адам ойындағы обьективтілік мен субьективтіліктің диалектикалық бірлігін құрайды.
Диссертацияның екінші тарауында біз модальділік категориясының функционалды-семантикалық өрісінде қарастырып, оның ағылшын және қазақ тілдеріндегі берілу тәсілдерінің классификациясына тоқталдық. Сонымен бірге ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділік категориясының берілу тәсілдерінің айырмашылықтары, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтадық.
Сайып келгенде, біздің модальділік категориясына анықтама бере отырғанымызбен байланысты және лингвистикалық материалды сараптай келе біз келесідей модальділік категориясының ағылшын және қазақ тілдеріндегі берілу тәсілдерінің келесідей классификациясын назарға ұсынамыз.
Ағылшын тіліндегі модальділікті берудегі келесідей тәсілдері айқындалды:
- лексикалық тәсіл (модаль сөздері арқылы);
- морфологиялық (рай категориясы арқылы және конструкциялар);
- лексика-синтактикалық (модаль етістіктері, модальді конструкциялар және бағыныңқы шылаулар);
-синтаксические (қыстырма сөздер және конструкциялар және одағай сөздер).
Қазақ тілінде модальділікті берудегі келесідей тәсілдері айқындалды:
- лексикалық тәсіл (модаль сөздері арқылы);
- морфологиялық (рай категориясы және аналитикалық форманттар арқылы);
- лексика-синтактикалық (модаль сөздері тіркесіндегі аналитикалық форманттар, демеуліктер және күрделі баяндауыштардың құрамындағы модальді мағыналы етістіктер);
-синтактикалық (қыстырма сөздер және одағай сөздер).
Осы аталған тәсілдерден басқа ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділік мәтін деңгейінде жоғарыда аталған тісілдердің бірігуі негізінде жүзеге асырылады.
Диссертациямыздың екінші тарауында модальділікті білдіретін тәсілдер мен тіл құралдарына классификация жасап, оларды, морфологиялық, лексикалық және лексика-синтактикалық, және синтактикалық сияқты топтарға топтастырдық. Олар сөйлем деңгейінде жекелей синтактикалық, лексикалық, морфологиялық және т.б. тәсілдер арқылы беріле алады. Зерттеу барысында ағылышын және қазақ тілдеріндегі модаль сөздер негізінен үстеулерден шыққан деп саналады. Сондықтан да екі тілде де модаль сөзі екі тілде де модальділікті білдіруде маңызды рөл атқарғандығымен де, тілде тек көмекші сөз табы ретінде ғана қарастырыла алады.
Диссертацияның үшінші тарауы ағылшын және қазақ тілдеріндегі мәтін модальділігін зерттеуіне арналған. Осы тарауда біз мәтін модальділігінің берілу тәсілдерін зерттеп, қарастырдық.
Мәтін модальділігінің берілу ерекшеліктеріне тоқталып, ағылшын және қазақ тілдеріндегі мәтіндердегі модальділікті зерттей келе, оның берілу тәсілдерін түсіндірдік. Тек сөйлем деңгейіндегі модальділік обьективті-субьективті болады. Мәтін модальділігінде кездесетін обьективті және обьективті модальділіктің арақатынасын анықтап, көбінесе көркем шығармалардағы модальділік субьективті болады деген тұжырымға келдік, өйткені көркем шығарма жазушының өзінің жеке субьективті әлемі мен көзқарасы арқылы жасалған туындысы, сондықтан ондағы барлық кейіпкерлер мен оқиғалардың жағдайы тікелей жазушының субьективті бағасына тәуелді және жазушы оларды қалауынша сипаттайды.
Мәтін деңгейінде кездесетін модальділікті білдіретін түрлі тілдік құралдар мен тәсілдер жекелей емес, ал тұтас мәтін немесе мәтіннен үзіндісінде осы аталған тәсілдердің жиынынында немесе комбинациясында кездеседі. Осындай модальділікті білдіретін тәсілдерден басқа мәтін модальділігі стилистикалық тәсілдер арқылы беріледі. Қазақ және ағылшын тілдерінде де бірдей мәтін модальділігін білдіруде автордың сұраулы және лепті сөйлемдерді қолдануы субьективті модальділікті білдіруде маңызды рөл атқарады.
Зерттеу жұмысында қолданылған мысалдарды зерттей келе мәтін модальділігін білдіруде стилистикалық құралдардың арасында көбінесе эпитет, метафора, қайталаулар, теңеулерді қолданады. Өйткені осы аталған стилистикалық құралдар автордың кейіпкерлерге, мәтінге деген субьективті қатынасын тікелей білдіріп тұрады. Солардың ішінде әсіресе эпитеттер мен теңеулер кең қолданылысқа ие деген қорытындыға келеміз. Әрине, кез келген оқырман көркем шығарманы оқу барысында, белгілі бір әсер алады да, кейіпкерлерге деген өзінің субьективті бағалағыш модальді бағасы қалыптастырады. Оқырман кейіпкерді автордың сипаттамасы бойынша қабылдауы не қабылдамауы екіталау, осында тек лингвистикалық түсініктер ғана емес, сонымен қатар психолингвистикалық ойлар жатыр. Оқырманның өзінің көзқарасы, әлемді қабылдауына, өзінің жинақтаған білім және пайымдауларына байланысты қабылдауы тек оқырманға байланысты, алайда бұл мәтін модальділігіндегіндегі субьективті модальділіктің стилистикалық жолдар арқылы берілуінің әсері бар екендігін жоққа шығармайды, керісінше көп жағдайда оқырман оны субьективті емес, ал обьективті шындық деп қабылдап, автормен келіседі.
Айтылғандарды қорытындылай келе модальділік категориясын сараптай келе, оның қырларының шексіз екендігіне көз жеткіземіз. Оны тек қана тілдік деңгейде ғана қарастырмай, әрі қарай тіпті психолингвистика ғылымымен байланыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |