Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл


Модальділіктің аралас берілу тәсілдері



бет60/88
Дата02.02.2022
өлшемі1.08 Mb.
#455055
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88
ҚАЗАҚ,ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРДА АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Модальділіктің аралас берілу тәсілдері

Модальділіктің аралас берілу түрлеріне модальділік мағынаны берудегі түрлі тәсілдердің комбинациялары жатады. Осылайша бір мәтінде әр түрлі модальді мағыналарды қамтитын түрлі модальділікті білдіру тәсілдері қолдануы мүмкін.

Ағылшын тілінде егер бір сөйлемде модаль етістіктері мен рай категориясының формалары кездессе, онда сөйлем модальділігі рай категориясына сай айқындалады.

I wish I could move to other countries [135,108].

Ағылшын тілінде егер сөйлемде модаль сөздер мен модаль сетістіктер болса, онда ондай сөйлемнің жалпы модальділігі иодаль сөздердің мағынасымен анықталады.



If she were married, yes, probably, if she were alone-probably, if she didn’t get some work which paid well they would have a difficult time and the hundred and fifteen dollars which Gerhard had saved would tide them over the worst difficulties perhaps [101,207].

Осылайша келесі мысалда probably сөзі арқылы берілген болжалдылық мәні басым болып келеді.

Әсіресе модальділіктің мәні түрлі тәсілдермен және тілдік құралдармен бірге кез келген айтылымның құрамдас бөлігі саналатын, интонацияның түрлі деңгейлерінде жақсы беріледі [144].

Қазақ грамматикасында интонация деп- кез келген айтылымдағы синтагиманы айқындау үшін, сөйлемнің мақсатын айқындауда (хабарлы, бұйрықты, лепті немесе сұраулы) қолданылатын тілдік тәсіл немесе құрал. Ал ең алдымен интонация-сөйлемдегі хабарға өз қатынасын білдіреді. Осындай анықтамаға сүйенсек, яғни сөйлеушінің айтылымға қатынасын білдіруде, интонацияның тіпті субьективті модальділіктің берілу тәсілі ретінде де қарастыруға болады. Осы тұжырымды зерттеп, қолдағандардың жұмыстарының қатарына И.А. Абрамова (1983), Т.М.Королева (1989), Г.П.Немец (1990) жатады [142,56].

Интонациядан бөлек олар модальділікті беріу тәсілдеріне тіпті, екпін,ырғақ, тембр және темп жатады дейді және олар біріге отырып модальділіктің просодикалық берілу тәсілдеріне жатады. Лексика-грамматикалық тәсілдермен біріге отырып, модальділіктің просодикалық берілу тәсілдері сөйлем модальділігі мен қатар мәтін модальділігін құрауда да маңызды рөл атқарады.Әсіресе модальділіктің имплицидті түрде берілуінде просодикалық берілу тәсілдердің рөлі жоғары. Осындайда интонациялық немесе логикалық екпін модальдікті ажыратудың жалғыс тәсілі болып табылады.

Алайда модальділікті білдіруде просодикалық тәсілдер қосымша, көмекші рөлді атқаратындығын ұмытпаған жөн. Олар көркем әдеби шығармаларда ғана біршама маңызды рөл атқарады [24,52].

Ф.А.Агаеваның қөзқарасын сараптасақ, оқырман мәтін мазмұнын жазкушы оны просодика тұрғыдан безендіруіне байланысты қабылдайды [39,56].

Егер біз ғылыми стиль туралы сөз қозғасақ, ондағы күрделі синтаксис мәтін мазмұнын міндетті түрде просодикалық түрде безендірілген түрінсіз де қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан ғылыми мәтіндерде просодияны модальділіктің берілу тәсілі ретінде қарастыру міндетті емес.

Сөйлеушінің немесе жазушының шындыққа қатысын модальділіктің негізгі белгісі ретінде қарастырылуы белгілі мөлшерде кез келген айтылуға тән болып келеді. Сөйлеушінің немесе жазушының шындыққа қатынасы түрлі формальді грамматикалық, интонациялық, композициялық және стилистикалық тәсілдермен беріле алатындықтан модальділік категория іс-әрекетіндегі тілге тән категория болып табылады, яғни сөйлеуге тән, сондықтан коммуникативті процесстің мәні болып табылады.

Қазіргі кездегі ағылшын грамматиктері осы категорияға анықтама беруге бас тартуы жай емес, Олар оны берілген құбылыс ретінде қарастырып, модальділік көрініс табатын формаларды көрсетумен шектеледі. Джон Лайонз, Рэндолф Кверк және т.б. [66,80].

Тіл білімінде бар дәстүрлі пайымдауларға тоқталсақ, В.В.Виноградов модальділікті біршама маңызды коструктивті сипатына жатқызады, сондықтан оның әр сөйлемге тән деген пікір білдіреді. В.В.Виноградов: Сөйлем-іс-жүзінде қоғамдық түсінікте шындықты білдіретіндіктен, сөйлем мазмұнының шындыққа қатысын білдіреді. Осыдан келе біз сөйлем және оның түрлерінің модальділік категориясымен тығыз байланысты деген пайым жасай аламыз. Әр сөйлем маңызды конструктивті сипат модальділік мағынаны қамтиды, яғни шындыққа қатыстығының көрсеткішін қамтиды [22,58].

Орыс тілінің грамматикасында да осыған ұқсас анықтама берілген: Негізгі сөйлем мазмұнының жалпы грамматикалық мағынасының шындыққа қатысы модальділіктің синтаксистік категорияларында беріледі, сонымен қатар жақ және шақ категориясында да беріледі. Сөйлемнің құрамындағы хабардың шындыққа қатысын біз модальділік деп атай аламыз. Сөйлеуші хабарлайтын жайт реальді, өткенде немесе осы шақта болып жатқан, болашақта орындалатын, біреуден талап етілетін, орындалуына тілек білдіретін немесе жүзеге асыруға мүмкін емес және т.б.ретінде қарастырылуы әбден мүмкін. Сөйлеу мазмұнының әр түрлі шындыққа қатынасының грамматикалық берілуінің формалары модальділік категорияның синтаксистік мәнін құрайды.

Лингвистиканың грамматика саласын терең зерттеушілер модальділік категориясын ең алдымен реальділік немесе ирреальділікті білдіру деп таниды.

1970 жылы жарық көрген Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында субьективті баға беру факторы модальділіктің көрсеткіші ретінде танылды. Мұнда модальділік категориясының екі түрі көрсетілген. Олар: субьективті-модальді мағына және обьективті-модальді мағына болып табылады. Осы бөлімнің авторы Н.Ю.Шведова: «Модальділік категориясы тек қана сөйлеушінің айтылған ойға реальділік немесе ирреальділік жағынан қатысымен шектеліп қана қоймайды. Осы категорияда кең көлемде субьективті-бағалау қатынасы да көрінеді» [145].

Кез келген сөйлем арқылы берілген ойда субьективті-модальді мағына болады. Егер обьективті-модальді мағына айтылған ойдың шындыққа қатысын білдірсе, субьективті-модальді мағына сөйлеушінің айтылған ойға қатынасын білдіреді

Сөйлемнің грамматикалық анализінің аясын кеңейтуде субьективті-модальді мағынаны жалпы модальділік категориясына енгізу маңызды кезең болып табылады және сөйлемнен айтылған ойға және мәтінге апаратын көпір ретінде қызмет атқарады. Субьективті бағалау модальділігін фразалық модальділік және мәтіндік модальділік деп екіге бөлген жөн. Фразалық модальділік грамматикалық, лексикалық жолмен берілсе, мәтіндік модальділік осы жолдар арқылы берілуде [140,119].

Түрлі мәтіндерде модальділік әр түрлі деңгейде айқындалады. Мәтін модальділігі әсіресе поэтикалық шығармаларда айқын көрсетіледі. Осындай мәтіндерде ойдің субьективті-бағалау сипаттамасы басым болады. Поэтикалық шығармалар модальді мағынаға тұнып тұр десек те артық болмайды және де бұл модальділік тек қана мәтін ішіндегі модальділік элементтері бар сөйлемдер жиынтығының соммасы емес.

Г.В.Степанов пікірінше әдебиеттің үш негізгі түрі: лирика, эпос және драманың ішінде лирика көп ғасырлар бойы суретшінің ішкі сезімін сипаттау формасы болып келген. Жазушының ойдан құрған образы, бейнесі міндетті түрде бағалаумен байланысты [140,56].

Ғылыми мәтіндерде модальділік басқаша айқындалады. Әділдік, дәлелділік және логикалық жүйе ғылыми мәтіндердің негізгі белгілері болып табылады және осындай белгілер әдетте субьективті модальділікке орын қалдырмайды. Осыған байланысты ғылыми мәтіндерде модальділікті табу мүмкіндігіе нөлге теңеуге болады. Алайда кейде нағыз сапалы зерттеу жасау барысында автор өз постулаттарының дәлділігіне күмәндануы мүмкін және дәл осы кезде модальділіктің көрініс табуы мүмкін. Өкінішке орай ғылыми жұмыстардың авторлары өздері жасаған қорытындыларына сирек вербальді түрде қатынасын білдіреді. Жетекші публисцистикалық мақалаларда, газеттерде де мәтін модальділігі айқын көрінеді.

Көркем әдебиет шығармаларында көп жағдайда мәтін ішіндегі релятивті үзінділер мәтін модальділігінің берілуінің көмекші қызметін атқарады.

И.Р.Галперинның пікірінше мәтіндік категориялар шеңберінде модальдылық та мәтіндік категория болып табылады. Оны функционалды семантикалық-стилистикалық категориялардың тізіміне қосуға болады. Бұнда мәселе категорияның көп аспектілігінде емес, ал көптеген зерттеушілердің оны зерттеу барысындағы ол жайлы әр түрлі пікірлерінде және зерттеу тәсілдерінде болып табылады [140,118].

Модальдылықты зерттеу Ресей лингвистикасында В.В.Виноградовның жұмыстарында негіз алған. Ол оны әр түрлі жүйесі бар тілдерің түрлі формаларында көрініс табатын негізгі, орталық тілдік категорияларға жатқызады. Модальдылық категориясы тақырыбына өз жұмыстарында көп назар аударған В.В.Виноградов оған осындай анықтама береді: Шындықты бір немесе басқа айтылу формасында айқындайтын кез келген ойдың немесе сезімнің тұтас берілуі берілген тіл жүйесіндегі сөйлемдердің интонациялық схемасының және сол синтактикалық мағыналардың бірін айқындайтын және солардың жиынтығы модальділік категориясын құрайтын жүйеге оранады [140,119].

Сөйлеу барасында обьективті шындықтың, сонымен қатар сөйлеу процессі барындағы субьектінің көрінісі тілдегі субьективті және обьективті нің көрінісі ретінде елестетуге бола алатын модальдылықтың болмысын анықтайды.

В.З.Панфилов модальдылық категориясын логикалық модальдылық категориясының анализымен тығыз байланыстағы сөйлем деңгейінде қарастыра отырып, модальдылық мағынасының екі түрін атап көрсетеді. Олар: обьективті және субьективті модальдылық, осымен бірге обьективті модальдылық танымды акт бағытталған түрлі ситуацияларда болатын обьективті байланыстарды, дәлірек айтқанда мүмкін, шын және қажеттілердің байланысының сипатын көрсетеді [29,119].

Субьективті модальдылық сөйлеуші тарапынан берілген жағдайды сипаттайтын ойдың шындық деңгейін көрсетеді.

Жоғарыда атап кетілген модальдылықтың анықтамаларын сараптай отырып, біз отандық тіл білімінде осы категорияның негізгі аспектілерінің дифференциясы-оның обьективті және субьективті модальдылықтың қарама-қайшылығы болып табылды. Орындалу мағынасындағы сөйлеушінің шындыққа қатысын білдіретін обьективті модальдылықты айтылғанның негізгі белгілеріне жатқызады. Сөйлеу барысындағы обьективтілік обьектінің обьективті қасиеттеріненнемесе обьективті шындық құбылысынан шығады [].

Мазмұнды мағынада қарастырғанда обьективті модальдылық дәстүрлі үш сипаттамамен шектеледі. Олар: мүмкінділік, қажеттілік және қандай да болсын обьективті шындық фактісінің орындалу мүмкіндігі. Субьективті модальдылықтың семантикалық негізі деп реңктердің және мағыналардың түрлілігімен сипатталатын баға деп саналады. Субьективті модальдылықтың мәселесіне өсе түскен қызығушылыққа байланысты оған жаңа мағыналарды қосу нәтижесінде көлемі ұлғайып отыр [140,118].

А.В.Бондарьконың айтуынша модальділік - ол синтактикалық, морфологиялық және лексикалық жолдармен беріле алатын кешенді категория.

Көркем әдебиет мәтіндерінде модальділік обьективтінің негізінде субьективті қатынасты коммуникативті-семантикалық категория ретінде қарастырылады [146].

Көркем әдебиет коммуникациясының мәтіндерінде модальді бағыттылық жазушының көркем көзқарасымен, оның эстетикалық ұстанымымен жәе оны қоршайтын шындыққа қатынасымен анықталады [147].

Сонымен қатар модальдылық негізінде мақұлдау және мақұлдамаудың субьективті-модальды мағынасы жатқан көркем әдеби мәтінінің прагматикасының бөлігі ретінде де қарастырылады.

И.Р.Гальперин мәтін модальдылығы жайлы: «Мәтіндік модальдылық бүтінге тән. Ол оқырманды осы бүтіннің субьективті-модальды мағынасын түсіну мақсатында айтылғанның жекелеген сөйлемдеріне реңк береді». [140,119].

Мұндай қалап аудармашылық стратегиясын дамытуда, яғни дұрыс аударма жасауда өте маңызды. Аудармашы мағынаның түрлі ренктерін мүмкіндігінше дәлірек жеткізуге тырысу керек, алайда бұнда кейбір шығындар болуы мүмкін.

Мәтін модальдылығының түрлі деңгейде көрініс табатынын естен шығармаған жөн. Аудару барысында аудармашы өзінің дамыған стратегиясын ескере отырып бір деңгейде кейбір сөйлемдерді қалдырып кете алса, ал келесі деңгейде керекті жалпы мәтін модальдылығын беру үшін оның орнын толтыру керек.

Мәтін модальділігіндегі обьективті және субьективтінің көрініс табуы тіл білімінде түрліше түсіндіріледі. Мысалы И.Р.Гальперин әсіресе субьективті модальдылықты мәтіндік және сөйлемдік деп бөледі. Ол субьективті және обьективті модальділікті салыстыра отырып, екіншісінің мүлдем мәтін модальділігіне тән еместігін айтады. Осыған қоса обьективті мағына көбінесе сөйлеммен ғана шектеледі [140,118].

Соңғы жылдар арасында мәтін модальділігін зерттейтін ғалымдардың жұмыстарында обьективті және субьективті модальдылықтың мәтіннің міндетті құрамдас бөлігі деген пікір айтылып отыр және оның көріну деңгейі мәтіннің жанры мен стиліне байланысты.

Мәтін деігейінде модальділікті ішіндегі обьективтілік пен субьективтілігі өзара бөлінбейтін категория ретінде қарастыруға болады. Бұл категориялар өзара тығыз байланысты, олар бірі-бірінсіз өмір сүре алмайды және олар әр түрлі қатынастарды білдіру үшін қызмет етеді [140,119].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет