The spirit of Jenny-who shall express it?
When the soft, low call of the wood-doves, those spirits of the summer, came out of the distance, she would incline her head and listen, the whole spiritual quality of it dropping like silver bubbles into her own great heart [101,31].
Осы үзіндіде автор теңеуді қолданып, Дженнидің жан-дүниесін күміс көпіршіктер деп салыстырып, тілді стилистикалық тұрғыдан безендіріп, сонымен қатар поэтикалық атмосфера туғызып тұр.
Jenny's blue eyes were wide with interest. Whenever he looked at her she turned upon him such a frank; unsophisticated gaze, and smiled in such a vague and sweet way, that he could not keep his eyes off of her for more than a minute of the time........ [101,29].
Мысалы, осы Мистер Брендонның көзқарасынан автор сипатталған мінездемеде де субьективті модальді реңк бар. Автордың Дженниге қатысты теріп, қолданған эпитеттері таза, пәк, нәзік жанның бейнесін көрсетеді. Бұл да мәтін ішіндегі автордың кейіпкерлерге қатысты субьективті модальділіктің берілуі.
Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім-менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар [124,77]
Осы мінездемеде Бекболат жайлы автордың көзқарасы жағымды екендігін аңғаруға болады.
Бетінен түгі шыққан, шашы дудыраған, істік мұрын жирен орыс жатыр. Оның бейнеусіз аңқиған, жарық ерінді, дүрдек аузынан шыққан демі ақбілектің бетіне тұмақ лебіндей тиіп, денесін тітіркендіреді [124,88].
Осы мінездемеде автор Ақбілекке құмар болған орыстың бейнесін мүлдем жағымсыз етіп, көрсетіп тұрғандығын біз эпитеттердің мағынасына байланысты көріп тұрмыз.
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін [124,82].
Осындағы Ақбілекті ұстап беріп, орыстарға сатып жіберген Мұқаштың сипатталуы да автор тарапынан эпитеттердің таңдалуы бойынша автордың жағымсыз модальді субьективті көзқарасын білдіріп тұр.
Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, мүріп ауызға салғандай жұтынып тұр еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе атқан сүйріктей еді. Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түрегелгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесңмен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап тәп-тәтті күлгені, әнтек жымиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының ұшымен шыны-аяқ әпергені, салалы қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны, мұның шыныаяғына білдірмей бір қант тастап жібергені... [124,136].
Достарыңызбен бөлісу: |