ҚАПАШ МЕШІТІ (Капаш мешиты) – сәу. ӛнер ескерт., Маңғыстау ауданы. Мешітті
салдырушы Қосбай деген дәулетті адам, ал оны салған шебер соның туысы Қапаш
Қинақҧлы (1876-1938) (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 361).
ҚАПЫ (Капы) – аңғ., б., Маңғыстау ауданы. Қапы – «тау арасындағы ояң жер».
ҚАРА (Кара) – жҧрт, қ., мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. XVIII-XIX
ғасырларда ӛмір сҥрген, Беріш руынан шыққан, Есполай ҧрпағы Қара есімімен
байланысты аталған.
ҚАРААҒАШТЫӘУЛИЕ (Караагашаулие) – киелі ор., Тҥпқараған ауданы. Атау
Ортадағы биік мазар жанынан биік қара ағаш ӛсуіне байланысты қойылған.
ҚАРАҒАШЖАЛ (Карагашжал) – шатқ., Тҥпқараған ауданы. Атау қара (сын есім)
және ғаш (зат есім), жал (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ғаш –
географиялық термин – «таудың иілген дӛңес жері» (С.Атаниязов, 87). Ал азербайжан
тілінде: «тау тізбегі» мәнінде қолданылады (С.М.Молла-заде, 153). Сонда атаудың
мағынасы: «тасты қыраттың иілген дӛңес тҧсындағы тар аңғар» немесе «тасты тау
тізбегіндегі шатқал».
ҚАРАҒАШЖОЛ (Карагашжол) – қор., Тҥпқараған ауданы. Атау қара (сын есім)
және ғаш (зат есім), жол (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«тасты қыраттың иілген дӛңес тҧсындағы мола»
ҚАРААДЫР (Караадыр) – қон., шатқ., Қарақия ауданы. Атау қара (зат есім) және
адыр (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «аласа келген қара
тасты тҧтасып жатқан дӛңес жер».
КАРААТАНСУ (Караатансу) – ескі қоныс, Тҥпқараған ауданы. Атау қара (зат есім)
және атан (зат есім), су (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«ҥлкен сулы қҧдықты қоныс».
ҚАРААУДАН (Карааудан)– қон., б., Қарақия ауданы. Атау қара (зат есім) және
аудан (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «бҧлақ суын бӛгеп,
жинаған ҥлкен қоныс».