Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет130/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   333
ҚОЖАНТАЙ (Кожантай) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
ҚОЖЫҚСОР (Кожыксор) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау Қожық (зат есім, адам 
аты) және сор (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Қожықтың 
қоныстанған соры». 


ҚОЖЫҚҚҦДЫҚ (Кожыккудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау Қожық (зат есім, 
адам аты) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«Қожықтың қаздырған қҧдығы». 
ҚОЖЫР (Кожыр) – бейіт, Маңғыстау тҥбегінің батыс бӛлігінде, Мҧнайлы ауданы. 
Мағынасы: «бҧдыр, қожыр тастан қаланған бейіт немесе кісі есімі болуы мҥмкін». 
ҚОЗЫБАЙ (Козыбай) – сәу. ескерт., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. Ӛз 
заманында қазақтарды алғаш Ҥстірт пен Маңғыстауға бастап қоныстандырушы, орыс 
саяхатшыларымен жақсы қарым-қатынаста болған, белгілі бай Қозыбайдың мекені 
болу себепті солай аталған. 
ҚОЗЫБАЙТӚРТКІЛ (Козыбайторткиль) – тӛбе, Бейнеу ауданы. Атау Қозыбай (зат 
есім, адам аты) және тӛрткіл (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кісі 
есімінен қойылған атау. Мағынасы: «Қозыбайдың тӛртбҧрышты, ҥсті тегіс тӛбесі, 
қонысы» (қараңыз: ҚОЗЫБАЙ). 
ҚОЙКӚҢ (Койкон) – шатқ., Бейнеу ауданы. Атау қой (зат есім) және кӛң (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛне тҥркі тілінде қой<койнау: «тау етегі, тау 
бӛктері» мәнін береді (ДТС, 223). Кӛң – «қыстау, қора» мағынасындағы сӛз. 
Мағынасы: «тау етегіндегі қыстаулы шатқал». 
ҚОЙҚОРА (Койкора) – қыс., мола, Маңғыстау ауданы. Атау қой (зат есім) және қора 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қойдың қыстауы». 
ҚОЙЛАН (Койлан) – б., Маңғыстау ауданы. Кӛне тҥркі тілінде қой<койнау: «тау 
етегі, тау бӛктері» мәнін береді (ДТС, 223). Сонда атаудың мағынасы: «тау 
бӛктеріндегі бҧлақ». 
ҚОЙСУ (Койсу) – қ., қор., Бейнеу ауданы. Атау қой (зат есім) және су (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛне тҥркі тілінде қой<койнау: «тау етегі, тау 
бӛктері» мәнін береді (ДТС, 223). Сонда атаудың мағынасы: «тау етегінен қазалған 
қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет