Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет154/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   333
МАҚСЫМ (Максым – қон., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим. 
МАҚТЫМБАБА (Мактымбаба) – қор., Тҥпқараған ауданы. Этнонекроним. 
«Мақтым – тҥрікменнің әулие (овляд) саналатын бес руының біреуінің атауы» 
(С.Қондыбаев, 2000, 36).
МАҚЫШБАЙ (Макышбай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. Бегей 
Мақышбай қазған қҧдық. 
МАЛАЙДАР (Малайдар) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
МАЛДЫБАЙДЫҢ ШЫҢЫРАУЫ (Малдыбайдын шынырауы) – қ., Қарақия 
ауданы. Антропогидроним. 
МАМАЙ (Мамай) – қҧдықтар тобы. Бейнеу ауданы, Сам қҧмының батыс жағында. 
Антропогидроним. «1851 ж. Мамайдағы қҧдықтар саны 16 –ға жеткен. Ел аузында осы 
жер Орақ-Мамай жырының кейіпкері Мамай батырдың қонысы делінген» (Маңғыстау 
энциклопедиясы, 2008, 414).
МАМЫҚ (Мамык) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
МАМЫР (Мамыр) – қ., Бейнеу ауданы. В.В.Радлов кейбір тҥркі тілдерінде: «шӛбі 
қалың жер, халық орналасқан, қоныстанған жер» мағынасында қолданылатынын 
кӛрсетеді (В.В.Радлов. 4 т. 2066). Мағынасы: «берекелі, суы мол қҧдық».


МАМЫРЛЫ (Мамырлы) – қ., Маңғыстау ауд-ы, Бозащыда. Мағынасы: «берекелі, 
суы мол қҧдық» немесе «басында ел отырған қҧдық» тәрізді.
МАНАТА (Маната) – тау, қ., мола, Маңғыстау ауданы. Атау ман (зат есім) және ата 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ман – «ҥндіеуропалық «тау» деген 
(қараңыз: МАҢҒЫСТАУ), ал ата – «қасиетті, киелі» мәніндегі сӛз. Манға ата сӛзінің 
тіркесіп қолданылуын халықтың наным тҥсінігімен, сол жердегі кӛне қорымға, 
сондай-ақ тау асуының ӛте қауіпті, қиындығына байланысты «киелі» жер 
аталғандығымен тҥсіндіруге болады. Атаудың мағынасы: «әулие, киелі тау». 
МАНАШЫ (Манашы) – қ., жылға. Бейнеу ауд-ы, Солт. Ҥстіртте. «Оның басталар 
жерінде Манашы атты мола тҧр. Ел аузындағы аңызда «Қырымның қырық батыры» 
жырындағы Манашы батыр моласы осы делінеді (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 
414). Біздің пікірімізше, атау ман (зат есім) және ащы (сын есім) сӛздерінің бірігуі
арқылы жасалған. Ман – «ҥндіеуропалық «ӛзен, су», «тау» деген сӛз (қараңыз: 
МАҢҒЫСТАУ), ал ащы – кӛне тҥркі тіліндегі ащы қҧдық. Сонда атаудың мағынасы: 
«ащы сулы жылға, қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет