Бибатпа Кӛшімова


ҚЫРЫҚМЫЛТЫҚ (Кырыкмылтык)



Pdf көрінісі
бет152/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   333
ҚЫРЫҚМЫЛТЫҚ (Кырыкмылтык) – мола, Тҥпқараған ауданы. Генонекроним. 
Қырықмылтық – Адай тайпасының Мҧңалдан тараған аталарының бірі. Мағынасы: 
«Қырықмылтық руының қауымы». 
ҚЫРЫҚСЕГІЗТЕППЕ (Кырыксегизтеппе) – қ., Қарақия ауданы, Оңт.Ҥстіртте. 
Атау қырық сегіз (сан есім) және теппе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
Теппе – «шыңырау қҧдық ішіне тҥсіп-шыққан адамның аяғын тіреу ҥшін жасалатын 
ойық» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 203). Сонда атаудың мағынасы: «қырық сегіз ойықты, 
теппелі қҧдық».
ҚЫРЫҚШІЛТЕН (Кырыкшильтен) – қор., Тҥпқараған ауданы. Атау қырық (сан 
есім) және шілтен (сан есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«мифологиялық тҥсінік бойынша адамды қолдап жҥретін, бірақ кӛзге кӛрінбейтін рух, 
Қыдыр». Шілтен – парсы тілінде (чиһилтән) «қырық тән», «қырық рух» мәніндегі сӛз. 
С.Қондыбай: «діни аңыз бойынша, «қырық шілтен» – адам баласының кӛзіне 
кӛрінбейтін рухтар. Ең кӛп тараған тҥсінік бойынша, қырық шілтен – бҥкіл дҥниені 
басқарып отыратын қҧдыретті әулие. Олар адамдарға кӛрінбейді, сондықтан олардың 
«ғайып ерен», «ерен ғайып» деген аттары да бар. Кейбір аңыздарда олар адамдардың 
арасында кезбе – дәруіштер немесе жарлы- жақыбай қҧсап ӛмір сҥретіндігі айтылады. 
Олар теңіз ортасындағы елсіз аралдарда ӛмір сҥреді, ӛздерінің кездесуін елсіз жерде, 
ескі зираттарда ӛткізеді» деген мәліметтер береді (С.Қондыбаев, 2000, 35-36)
ҚЫСҚАЛА (Кыскала) – жҧрт, Маңғыстау ауданы Атау қыс (зат есім) және қала (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың мағынасы: «таулы қыстау». 
ҚЫСТАУ (Кыстау) – қон., қора, Тҥпқарған ауданы. Мағынасы: «малшылардың мал 
қыстататын қысқы мекені». 
ҚЫШТЫҚ (Кыштык) – қ., Тҥпқараған ауданы. Біздің пікірімізше, қыштық – 
қыстық сӛзінің оғыздық варианты, ш мен с – орын алмасқыш дыбыстар. Сонда 
атаудың мағынасы: «қыстық қҧдық», «қыстау», яғни қыстауға келгенде пайдаланатын 
қҧдық мәніндегі атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет