Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет175/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   333
САЙТАНШАРА (Сайтаншара) – қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним.
САЙЫН (Сайын) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
САЙЫН ШАПАҒАТОВ (Сайын Шапагатов) – а., Тҥпқараған ауданы. Бҧрын 
Тельман ауылы болған. Антропоойконим. Қоғам қайраткері Сайын Шапағатовтың 
қҧрметіне қойылған.
САҚАҚҦДЫҚ (Сакакудык) – қ., Тҥпқараған ауданы. Атау сақа (зат есім) және 
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛнетҥркі тілінде: сақа – «тау 
етегі» мағынасын береді (ДТС, 486). Мағынасы: «тау етегіндегі қҧдық». 
САҚАУ (Сакау) – қ., қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. «Сақау – Тҥрікменадай 
руының Айтқҧл бӛлімінен шыққан, жауға шапқан батыр», – делінеді (Бейнеу,
2001,122).  
САҚСОРҚҦЙ (Саксоркуй) – қ., қор., Қарақия ауданы. Атау сақ (зат есім) және сор 
(зат есім), қҧй//қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Сонда атаудың 
мағынасы: «сор жердегі ауызсулы қҧдық» (қараңыз: САУҚҦДЫҚ). 
САҚЫР, Кіші Қаратҥйе (Сакыр) – қҧдықтар, Маңғыстау ауданы, Солтҥстік 
Ҥстірттегі Алтынтӛбенің оңтҥстігінде. Этногидроним. 
САЛАЛЫҚҦДЫК (Салалыкудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау салалы (сын есім) 
және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «жер асты су 
тармағы кӛп қҧдық».  
САЛАМАТ (Саламат) – қ., Тҥпқараған ауданы. Антропогидроним. 
САЛМА (Салма) – қ., Маңғыстау ауданы. «Салма – жердің ҥстінен топырақ ҥйіп, 
салынатын су ағар (арық)» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 217). Мағынасы: «жанында 
арығы бар қҧдық». 
САЛПЫ (Салпы) – қ., Маңғыстау ауданы. Суы ӛнімсіз қҧдыққа қаратылып айтылған.
САЛПЫНШАҚ (Салпыншак) – Маңғыстау ауд-дағы жер. Ҧ.Рысқалиқызы: 
«Салпыншақ сӛзі, негізінен, су нысандарына қатысты айтылып, «ӛзеннің қалдығы, 
ҥзік су» мағынасын береді» дейді (Ҧ.Рысқалиқызы, 128).
САМ (Сам) – сор, Бейнеу ауданыы, Солт. Ҥстірт кемері мен Сам қҧмының 
аралығында. Аңыз дерегінде былай делінеді: «Бҧл қҧм ӛңірін ҧзақ жылдар Сам 


Малкелдіҧлы атты әрі әруақты, әрі би адам жайлаған. «Хан тӛрелігі бҧзылса да, Сам 
тӛрелігі бҧзылмас» деген мақал сол кезден қалған. Сол Сам Маңғыстау, Ҥстірттің 
топографиялық картасын жасау ҥшін арнайы жҥрген орыс экспедициясына жолбасшы 
болып, жер-суды білгірлігімен кӛп кӛмек кӛрсеткен. Оларды Арал теңізін жағалатып, 
Қоңыратқа дейін алып барған. Осы жерге келгенде экспедиция бастығына: «Мен 
келісім бойынша кӛрсетілген жерге дейін аман-сау әкелдім, енді рҧқсат болса елге 
қайтсам», – дейді. Экспедиция бастығы: «Еңбегіңе ризамын. Ӛңірдің қажетті жер-суы 
картаға тҥсірілді. Бізден не ӛтінішің бар, айт, орындайын» - дейді. Сонда Сам: 
«Сиырдың бӛтекесіндей бҧлтиып-бҧлтиып жатқан, қазір ӛзім жайлап отырған 
алақандай қҧм ӛңірді Сам қҧмы деп атасаңыз, ал бергі жағындағы қҧмға Матай деп 
жассаңыз, ӛтінішім сол», – дейді. Содан бері бҧл ӛңір картаға ресми тҥрде тҥсіріліп, 
Сам қҧмы, Матай қҧмы деп аталады. Матай да сол қҧмды жайлап отырған Бәйімбет 
тайпасының бежделді адамы болатын (Бейнеу, 2001, 37). Ал Е.Қойшыбаев кӛнетҥркі 
тілінде шам/сам – «лай», «батпақ» деген мағына береді деп қарайды (Е.Қойшыбаев, 
204). Осы мәліметке сҥйенсек, бір кездері ол ӛңірде мол су кӛзі болып, қҧмы батпақты 
болған шығар» деген де ойға келеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет