САЙҚҦДЫҚ (Сайкудык) – қ., Бейнеу, Маңғыстау ауд-да. Атау сай (зат есім) және
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «терең емес қҧдық».
САЙҚҦЙ (Сайкуй) – қ., Хиуа жолының бойындағы Оңтҥстік Ҥстіртке жақын су кӛзі.
Атау сай (зат есім) және қҧй (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Қҧй деген
сӛз кӛне тҥркі және моңғол тілдерінде
құд - құды – құйы – құй болып келетін, қазіргі
қазақ тіліндегі
құдық деген мағынада қолданылатын сӛзбен тӛркіндес, яғни
құй сӛзі
жоғарыда айтылып ӛткен кӛне тҥбірінің бір тҥрі» (Қазақ
тілінің қысқаша
этимологиялық сӛздігі, 132). Сонда атаудың мағынасы: «терең емес қҧдық».
САЙҚЫРҚҦМ, Сеңгірқҧм (Сайкыркум) – тӛбешікті қҧм,
Маңғыстау ауданы,
Маңғыстау ҥстіртінің солтҥстігіндегі Бостанқҧм мен Ақпан соры аралығында жатыр.
Атау сай (зат есім) және қыр (зат есім), қҧм (зат есім) сӛздерінің
бірігуі арқылы
жасалған. Мағынасы: «сайлы, тӛбелі қҧм».
САЙӚТЕС (Сайотес) – а., Маңғыстау ауданы. Атау сай (зат есім) және ӛтес (сын
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Ӛтестің сайы», яғни антропоороним деген
болжам кездеседі.
Бірақ біздің пікірімізше, Ӛтес – кӛнетҥркі
тіліндегі ут «терең,
жарық» сӛзінен қалыптасқан, атау «терең сай, жарық сай» деген мағына береді.
Достарыңызбен бөлісу: