Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет186/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   333
СИСЕМ (Сисем) – б., Солт. Ҥстірт беткейіне жақын Аютӛс кемерлі шатқалындағы 
тҧщы бҧлақ. Кісі есімінен қойылған атау (Қараңыз: СИСЕМАТА). 
СИСЕМАТА (Сисемата) – кӛне қау., Маңғыстау ауданы, Ҥстірттің Бозашы тҥбекке 
қараған шетінде. Антропонекроним. «Басына сырық шаншылған кӛне мола Сисем ата 
әулиенікі делінеді. Қазақтар алғаш Маңғыстауға аяқ басқанда, осы жерді Сисем ата 
қоныс етуге пәтуа жасап, баталасқан дейді (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 526). 
«Онда қазақтың адай руының игі жақсылары (Сҥйінғара, Тӛлеп, Шоңай, Шабай, Сҥгір, 
Әнет батырлар т.б) жерленген ӛзінше бір пантеоны» іспетті» (С.Қондыбаев, 200041).
СИСЛЕМ (Сислем) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним. 
СИРАҚШЫҚҚАН (Сиракшыккан) – қ., Бейнеу ауданы. Белгілі бір оқиғаға 
байланысты қойылған атау. 
СИСЕНБАЙ (Сисенбай) – қау., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. «Сисенбай – 
Бҧхарда он жыл оқып, медреселік біліммен мешітте бала оқытқан, сонымен қатар 
кітап ашып, аурулардың дертін айтатын әулие адам болған» (М.Нығметуллаев, 
Т.Кезбаев, 89).  
СКАЛИСТЫЙ (Скалистый) – мҥй., Тҥпқараған ауданы. Орыс тілінен аударғанда
атау – «жартасты, қҧзды» деген мән береді. 
СОҚҚЫ (Соккы) – тӛбе, абс. биіктігі 278 м. Маңғыстау ауданы. Кӛнетҥркі 
сӛздігінде: соқы – «келі». Мағынасы: формасына қарай келі тәрізді «ҥлкен тӛбе» 
болуы мҥмкін. 


СОҚЫР (Сокыр)  – тӛрткіл, Қарқия ауданы. Мағынасы: «суы жоқ тӛбе». 
СОҚЫРСУ (Сокырсу) – қ., Қарақия ауданы. Атау соқыр (сын есім) және су (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Біздің пікірімізше, атау суы аз қҧдыққа қаратылып 
айтылған. 
СОЛТҤСТІК АҚОРПА (Солтустик Акорпа) – қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: 
«терістіктегі аузы кең, тайыз, әрі шегенделмеген қҧдық». 
СОЛТҤСТІК АҚПАН (Солтустик Акпан) – қ., Қарақия ауданы. Мағынасы: 
«терістіктегі ақпан руының қҧдығы». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет