Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет189/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   333
СУЛЫСАЙ (Сулысай) – сай, Маңғыстау ауданы. Атау сулы (туынды сын есім) және 
сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥнемі су жатын сай». 
СУЛЫШОШАҚ (Сулышошак) – қон. Атау сулы (туынды сын есім) және шошақ 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шошайған қырдағы сулы 
қоныс». 
СУСЫЗҚЫЗЫЛСАЙ (Сусызкызылсай) – сай, Қарақия ауданы. Атау сусыз (туынды 
сын есім) және қызыл (сын есім), сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
Мағынасы: «қҧрғақ жіңішке сай». 
СУЫҚШИ (Суыкши)Маңғыстау ауд-ы, Бозащыдағы қҧдық. Атау суық (туынды 
сын есім) және ши (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы 
салқын, маңына ши ӛскен қҧдық». 
СҦЛТАНЕПЕ (Султанепе) – жерасты меш., қ., Тҥпқараған ауданы, Форт-Шевченко 
қаласының солт.-шығыс жағынан 57 км жерде. Антропонекроним. «Сҧлтанепе 
(шамамен XII-XIII – ғғ.) – Қҧл Сҥлейменнің (Хәкім атаның) немересі, оның есімі ел 
ішінде «Баһрғани» жазбасының иесі, сондай-ақ су апатынан тап болғандардың 
қорғаны ретінде де белгілі болған. Кезінде адамдар «Сҧлтанепе, сақтай гӛр пендеңді 
су апатынан» деп сиынған екен» (С.Қондыбаев, 2000, 41). Атау Сҧлтан (зат есім, адам 
аты) және епе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мҧндағы «ҥпі, аба, әбе, 
әб, аб деген сӛз – парсының су мағынасын береді. Қазақ тілінде Сҧлтанепе болып 
ӛзгеріске тҥскен» (Ж.Дҥйсенбаева, 2007, 40). Сонда атаудың мағынасы: «Сҧлтанның 
суы, қҧдығы» болатын тәрізді. 
СҦЛТАНЕПЕ ШАТҚАЛЫ (Султанепе шаткалы) – шатқ., Тҥпқараған ауданы. 
Антропоороним. (қараңыз: СҦЛТАНЕПЕ). 
СҦЛУҚАРА (Сулукара) – қ., Бейнеу ауданы. Атау сҧлу (сын есім) және қара (сын 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ескі, сулы қҧдық». 


СҦЛУҚОРА (Сулукора) – мола, Бейнеу ауданы. Атау сҧлу (сын есім) және қора (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Біздің ойымызша, атаудың бірінші сыңары 
сҧлу емес о баста сулы деген сӛз болған болу керек. Сонда мағынасы: «суы бар 
қоныс» болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет