Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет31/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   333
АПАЖАР (Апажар) – қ., Тҥпқараған ауданы. Бҧл топонимде иран тілінен енген аб(а) 
«су» (-а есім жасайтын жҧрнақ) және қазақтың жар сӛзімен бірігіп, «сулы жардан 
қазылған қҧдық» деген мағынадағы атау жасаған. 
АППАҚ (Аппак) – б., Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «таза, мӛлдір сулы, тҧп-тҧщы 
бҧлақ».
АРАБАЙ  (Арабай) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
АРАЛБАЙ (Аралбай) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним немесе 
геногидроним болуы да мҥмкін. Себебі: Адайдың Кӛрпе руынан Аралбай тақтасы 
тарайды.
АРАЛДЫ (Аралды) – тӛбе, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «аттың тағасы тәрізді сумен 
қоршалған тӛбе». 
АРАМ (Арам) – тҧз. қ., Маңғыстау ауданы. Қҧдық суы ішуге жарамайтын 
болғандықтан осылай аталған. 


АРАН (Аран) – қ., Маңғыстау ауданы. Кӛнетҥркі тілінің сӛздігінде аран «мал қора, ат 
қора» (ДТС, 51) делінген. «Аран атындағы жер атаулары тҥбекте бірнеше. Олар кӛбіне 
тҥздің қҧлан, киік, қарақҧйрық сияқты аңдарын қамап ҧстауға ыңғайлы ҧрымтал 
тҧстардан қазылған орлар, тас қоршаулар» (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 174). 
Ал азербайжан тілінде аран – «жылы орын, жазықтық» деген мағына береді (С.Б. 
Ашурбейли, 49). Сонымен атау «ық жерден, суықтан қорғайтын, тау етектерінен 
қазылған ор, қҧдық» дегенді білдіретін тәрізді. 
АРАНЖАН (Аранжан) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. Олжашының 
ҧрпағы Аранжан батырдың моласы. Хиуа хандығының қарашыларына қарсы соғыста 
кӛп ерліктер жасаған. Абыл кҥйші «Аранжанның шалқымасы» деген кҥй арнаған. 
АРАСАНБҦҒА (Арасанбуга) – қ., Маңғыстау ауданы, Бозащыда. Атау арасан (зат 
есім) және бҧға (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. «Арасан термині Орта 
Азияда, Моңғолияда, Қытайда, Алтай мен қиыр Шығыста кең тараған. Беретін 
мағынасы: «минералды су», «шипалы бҧлақ». Моңғол тілінде аршаан, қазақ тілінде 
терминнің арасан тҥрінде қолданылуы с-ш дыбыстарының алмасуы әсерінен болған 
(Орталық Қазақстанның жер-су аттары, 98). Ал бұға туралы Э.М.Мурзаев «қорысты, 
батпақты ойпаң жер» деп тҥсінік береді. Сонда атаудың мағынасы: «батпақты ойпаң 
жерден қазылған шипалы сулы қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет