Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет33/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   333
АСАН (Асан)  – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
АСАР (Асар) – ойп., г.-мҧн. кені. Қарақия ауданы. «Адайдың Жаңай руының Тоян 
тақтасына жататын сынықшы Берниязҧлы Асардың есімімен аталған» делінеді. Ал 
топонимияда асардың – «қорған, бекініс» деген мағынасы сақталған (Г.К.Конкашпаев, 
1970, 179). Сондықтан атау: «жартасты ойпат» мағынасын береді. 
АСАУ-БАРАҚ (Асау-Барак) – қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. Кіші жҥздің 
Табын руынан шыққан әкелі-балалы батырлар. Әкесі – Барақ 97 жасында, баласы – 
Асау 103 жасында дҥниеден ӛткен. 
АСҚАЗАНСАЙ (Асказансай) – қҧр. ӛ., Маңғыстау ауданы. Атау асқазан (зат есім) 
және сай (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау сайдың қазан тәрізді шҧңғыл 
болуына байланысты қойылған. 
АСМАНТАЙ-МАТАЙ (Асмантай-Матай) – тҧз. қ., Бейнеу ауданы. Геногидроним. 
Матай Бәйімбет тайпасының беделді адамы болған. 
АССЕКАУДАН ОЙЫСЫ (Ассекеаудан ойысы) – ойыс, Ҥстірттің оңт-де. Мҧндағы 
аудан – «ӛзіне тән геоморфологиялық қайталанбайтын жалпылама сипаты болатын 
мекен, алқап» мағынасында қолданылып тҧр. Атаудың мағынасы: «Ассеке ойысты 
мекені». 
АСТАУОЙ (Астауой) – қ., Маңғыстау ауд-ы, Орталық Ҥстіртте. Атау астау (зат есім) 
және ой (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «астау тәрізді ойысты 
жер». 
АСТАУСАЛДЫ (Астаусалды) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау астау (зат есім) және 
салды (етістік) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «мал су ішетін астау 
орнатылған қҧдық». 
АСТРОПУНКТ (Астропункт) – тӛбе, Бейнеу ауданы. Атау астро (зат есім) және 
пункт (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Аспан денелерін байқауға арналған 
қҧралдар қойылған тӛбе. 
АСУ (Асу) – мола, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «асудағы, ӛткелдегі мола». 
АСЫМӘУЛИЕ (Асымаулие) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет