Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет327/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   333
 
Мередсай
Мередсай – Тҥпқараған ауданындағы сай, моланың атауы. Бҧл жер атауы туралы 
Ә.Кекілбаевтың мына дерегі бар: «Мередтің жалғыз қызы болған екен, қарауында кӛп 
жалшылары да болыпты. Жарлы бір қазақ жігіті де соның жалшысы екен. Малы кӛп, 
суаратын су тапшы. Әлгі қазақ жігіт сегіз қырлы, бір сырлы ӛнерлі де, кӛрікті жігіт 
болған. Жігіт тауды жарып, кӛк тастан жол салыпты. Таудың тасын қашап жол салу 
қандай қиын. Қой тау басынан тӛмен тҥсуге қорқып, аяқ баспайтын кӛрінеді. Қой 
бастайтын серкені, екі-ҥш ешкіні енсіз таудан қашап салынған әлгі тӛмен тҥсетін 
жолға лақтырса, қой артынан шҧбырып ереді екен. Бірақ екі қатар болып жҥре 
алмайды, бір қой сиятындай ғана тар жол еді. Жігіт сол тӛмендегі сайдың етегінен 40 
қҧлаш қҧдық қазған. Кемпірдің жалғыз қызына сол жігіт ғашық болып, қҧдықты 
бітіргесін, екеуі қашып кетеді. Ол кҥнде қазақ пен тҥрікменнің қыз алыспаған кезі 
екен. Меред қызының артынан қуғыншы жібереді. Қуғыншылар жеткен жерінде атып 
ӛлтіріп, екеуін екі жерге бӛлек жерлепті. Мередтің ӛкініші бар екен, ӛлгенде де 
қосылмасын деген. Екеуінің тамдарының арасы - 40 қадам». 
Оразұшқан 


Ӛлкедегі Шерқала деген ҧшпа тауды жергілікті халық Оразұшқан дейді. Мҧңалдың 
жары тайпасынан Ораз Оңғалбайҧлы деген орысша, арабша сауатты, кӛзі ашық би 
болған. Кетіктегі ояз оны ӛзіне тілмаш етіп алады. Ресейден келген экспедиция да 
қасынан тастамайды. Ораз ислам дінін айтып, ҥнемі уағыздап жҥреді. Бірде орыстар: «Ал 
енді сенің қҧдайың бар бар ғой, мына Шерқаланың ҧшпасынан секірші» дейді. Ораз 
дәретін алып, намазын оқып, боз тҥсті тайлақтың боз тҥсті жҥнінен тоқылған ағима 
шекпенді делдитіп киеді. Әуелі қҧдай, сосын Бекет атаға сиынып, ҧшқан екен. Ораз жерге 
аман-есен тҥседі. Ораз қозы еті, сорпасы, жылқы қазы-қартасы, шҧбат пен қымыз ішіп 
тыңайып кеткен екен. Бірақ ӛзі қан тҥкірдім, қан кіші дәреттен кӛрінді. Сыр бермедім, 
ислам жолынынң әділ екенін дәлелдегім келді деген екен (Б.Әріп, 58-59). 
Темірбаба 
Темібаба деген жерде теңіз ортасынан тҧщы су ағып жатады екен. Ащы су мен 
тҧщы судың араласпай ағып жатуына бабаның әулиелігі себеп десе керек, бірақ ол су 
теңіздің ортасынан емес, теңізге сҧғына біткен қҧрлықтың қҧмды қабатынан шыққан 
тҧщы су кӛзі екен. Бҧл Кендірлі тілшесі деп аталатын жер теңіз суын тазартып тҧратын 
фильтр рӛлін атқарса керек. Каспий жағасының кез келген жерін қазып алып, ішуге 
жарамды су табуға болады, бірақ осы Кендірлі тілшесінің суы халықтың ерекше 
назарында болған. Оған мифтік тҥсініктер негіз болғанға ҧқсайды: Темір баба – тҥрікпен 
текті, ислам заманының әулие тҧлғасы. Аңыздар а) Темір теңізге тҥскенде жҥзген жолы 
қара жерге айнала береді; ә) суға кетіп ӛлген баласының қазасына теңізге назаланған баба 
теңізді қамшымен сабалап, лағнет айтса, қамшы тиген тҧсы қҧрлыққа айналады деп 
кӛрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет