Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет328/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   333
 
Торқаның төрткілі 
Маңғыстау ӛңірінде Торқаның тӛрткілі деген жер атауы бар. Маңғыстау даласына 
енді кӛшіп келгендердің ішінде мыңғырған жылқысы бар, зейнетіне қарай шаруасына ӛзі 
де бірге араласып жҥретін, сондықтан дәулеті кӛбеймесе ортаймаған, дәлеті басынан 
таймаған ел аузында аңыз болған бір Аманҧлы Қозыбай деген қазақтың атақты байы 
болыпты. Тҥрікмендер де бҧл баймен қоңсылас, болып жақын жҥргісі келеді екен. Оның 
ҥстіне Қозыбай діні ӛзгенің салт-дәстҥрін қҧрметтей қоюға қҧлықсыз қазақтар бҧрыннан 
жатқан ҥйіктерді ойрандап, қозы-лақтың ойнағына айналдыра бастағанда, діні басқа 
болғанмен қҧдай бір деп, қҧдайын таныған елдің тәбәрігін аяқ асты қылмаңдар деп, 
ҥйіктердің тасын жинатып, елге топырағын қайта ҥйдірген екен дейді. Бҧл елге ҥлгі 
болып жақын ағайыны Қонай Кенжеҧлы да ӛз қонысындағы бір ҥйікке қамқорлық 
жасаған. Кейін осы екі ҥйікті ел Қозыбай мен Қонай аттарымен атап кеткен кӛрінеді.
Қозыбайдың 11 ҧлдан кейін кӛрген ӛзі ақылды, ӛзі сҧлу Торқа деген бір ғана қызы 
болыпты. Бой жеткенше бай қызын ешкімге атастырмаған екен дейді. Бірақ ҧлдары бар 
ел-жҧрттың аңдығаны осы Торқа болады. Қҧдаласушылар кӛбейіп, байдың мазасы әбден 
кеткен соң, Қозыбай біреуіне тоқтамаса болмайтынына кӛзі жетеді. Бірақ қҧда тҥскен 
Жары руына мынадай шарт қояды: 1) қызымның орнына қолдарыңдағы Серімді беріңдер; 
2) қызымның отауы жан баспаған жерге тігіліп, тойы елде болмаған той болсын дейді. 
Серім – осы ауылдың шаруасын дӛңгелентіп жҥрген, берекесін келтіріп отырған жалшы 
жігіт еді. Қҧдалар жақ келісімге келеді. Торқаның ҧзатылу тойы да келін болып тҥскен 


тойы да нешеме уақыт ел аузындағы айтулы той болады. Торқаның Кертӛрткіл деген 
жерге отауы тігіледі. Нақ Манатадан бір кӛш жердегі тӛрткіл тӛбе Торқаның тӛрткілі 
атанады. Қозыбай Серімді той жасап қарсы алады. Бір сҧлуды алып беріп, алдына мал 
салады. Қозыбай әулеті Серім әулетін қара шаңырақ тҧтып қҧрметтейді. Осы кезге дейін 
жас келіндер бҧл босағаға сәлем етеді. Қозыбай дҥние саларда қызымның келін боп 
тҥскен жерін кӛріп жатайын деген сӛзіне байланысты осы маңайға жерленген екен, ол 
жер Қозыбайдың тӛрткілі атанады (Ә.Спан, 2003, 200).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет