АҚКІНДІК (Аккиндик) – б., Бейнеу ауданы. Атау ақ (сын есім) және кіндік (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. «Су кіндігі – «қазып келе жатқандағы мол су кӛзінің
орны» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 218). Мағынасы: «таза, мӛлдір сулы, мол су кӛзді
бҧлақ» немесе «ортадағы мӛлдір сулы бҧлақ».
АҚҚАР (Аккар) – алқ., мҧн.кені, Ақтау қаласынан солт-шығыста орналасқан. Ақ (сын
есім) және қар (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Проф. Т.Жанҧзақ: «Қар сӛзі
иран тілінде «тау», «тӛбе» деген мағыналы сӛз. Бҧл қар сӛзінің иран, фин-угор, араб,
египет, тҥркі, моңғол тілдерінде кездесетіні Э.Мурзаев еңбегінде жете кӛрсетілген.
Ҥндіиран. гар – «тау», ягноб. гар – «тау», «асу», сомалий тіл. кар – «жартас», «қҧз»,
«тау», фин. кар «жартас», тҥрк. қыр «тау», «жота», моңғ. хара – «жал», «биіктік», -
деп кӛрсетеді (Т.Жанҧзақ, 106-107). Сонда атау «ақ тҥсті тӛбе, жартас» деген мән
береді.
АҚҚАУЫМ (Аккауым) – тау, Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және қауым (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ақ тасты тау».
АҚҚОЛҚА (Акколка) – қ., Бейнеу ауданы. Ақ (сын есім) және қолқа (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Е.Қойшыбаевтың пікірінше, атау этимологиясы:
таудың (биік жердің) бір жақ бҥйіріндегі мал жайылатын отты жерінен қазылған
қҧдық.
АҚҚОҢЫР (Акконыр) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және қоңыр (сын
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. К.Қаймулдинованың пікірінше, «оронимдер
қҧрамындағы «қоңыр» ежелгі тҥркі-моңғолдық «қара» (тӛбе, тау) дегеннің синонимі
болып табылады, бҧл мағынасында топонимдерде постпозицияда, яғни соңғы лекте
тҧрады» (К.Қаймулдинова, 15-16). Сонда атаудың мағынасы: «тасы, топырағы ақ
тҥсті, алыстан қарағанда ағарып кӛрінетін тӛбе, дӛң».
АҚҚОҢЫРДАҢ (Акконырдан) – ойп., Солтҥстік Ҥстірттің Қаратҥйе тауы етегіндегі
және Ақтау бҧйратының солт-дегі Жыңғылды сайында жатқан ойпаң. Ақ (сын есім)
және қоңырдаң (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қоңырдаң – сай бойына
ағын сулардың жиналатын орны. Су ағар сай бойындағы шҧңғыл иірім (Ә.Спан,
Ж.Дҥйсенбаева, 200). Атаудың мағынасы: «әк тастан тҥзілген сайдағы, су жиналатын
асты тегіс ойпаң».
АҚҚОРА (Аккора) – қон., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және қора (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қора сыртының ақтығына байланысты қойылған атау.
Мағынасы: «ақ тастан салынған қорасы бар қыстау».
Достарыңызбен бөлісу: |